C++ бағдарламалау тілі С++ тілінің шығу тарихы
C++ бағдарламалау тілі С++ тілінің шығу тарихы С++ тілінің шығуы UNIX операциялық жүйесімен тығыз байланысты, өйткені бұл ОС осы С тілінде жазылып шыққан. UNIX/C жұмыс істеу ортасы Си тілін жүйелік программалау тілі ретінде елге таныстырды,ол компиляторлар мен ОС-тер жазу үшін қолайлы деп саналады. Бірақ Си тілі кез келген салада программалар жазуға да өте қолайлы тіл болып табылады.
Алғаш рет UNIX 1969 жылы Нью-Джерси штатындағы Белл фирмасының лабораториясында PDP-7 мини-ЭЕМ-інде жасалып шықты. UNIX PDP-7 компьютерінің ассемблер тілінде жазылды.Бұдан соң сол лабораторияның жетекшісі Кен Томпсон 1970 жылы В деп аталған жаңа тілге арнап компилятор жасап шықты. Осы тілді Си тілінің негізі деп атауға болады. Жалпы Си тілінің даму жолына қарасақ;
С++ тілінің шығу тарихы 1)Алгол-60 1960-жылдың басында халықаралық комитет басып шығарды
2)CRL (Combined Programming Language) Кембриджде және Лондон университетінде 1960 ж.қатарласа жасалды.
3)BCPL (Basic Combined Programming Language) Кембриджде Мартин Ричардс 1967 ж. жасап шығарды.
4)В Bell Labs қызметкері Кен Томпсон 1970 жылы жасады
5)С Bell Labs қызметкері Дэннис Ритчи 1972 жылы жасады
6)1983 жылы С++ тілінің стандартын жасау мақсатында (ANSI C) Америка Ұлттық стандарттар институты (ANSI) құрылды.
С++ тілінің ерекшеліктері Көлемінің шағындығы С++ тілінің синтаксистік ережелері басқа тілдерге қарағанда аз,оның компиляторын 256 Кб көлем арқылы-ақ жазып шығуға болады.
Тілдің командалар жиыны Microsoft С/С++ нұсқасында тағы 19 командалар мен түйінді сөздер қосылды,соның нәтижесінде олар 66 болды.Басқа программалау тілдердегі функциялар С++ тілінде жоқ,мысалы,енгізу-шығару операторлары да кездеспейді, оның есесіне кітапханалық әр түрлі функциялар саны жеткілікті.
С++ тілінің ерекшеліктері Жылдам істейтіндігі С++ компиляторлары жасаған программа кодтары шағын,әрі жылдам істейді,оның үстіне тілдің аппараттық құралдарға жақындығы ассемблер тіліменен қатар жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Типтері де күрделі емес Паскальға қарағанда,мәліметтерді типтендіру мұнда төменгі деңгейде ,ол типтерді бір-біріне жеңіл ауыстырады.
С++ тілінің ерекшеліктері Құрылымды тіл болғандығы С++ тілінде қазіргі тілдерде болатын барлық басқару операторлары бар. 1971 жылдың өзінде-ақ жаңа ғана жасалған С++ тілі алғашқы құрылымдық программалау тілі ретінде танылған еді.
Модульдік программалауды сүйемелдеуі С++ тілінде жеке компиляциялау мен біріктіруден құралатын модульдік программалау концепциясы пайданылады.Мұнда тек программаның өзгертілген бөліктерін жеке компиляциялау мүмкіндігі бар.
С++ тілінің ерекшеліктері Екілік разрядтағы өңдеуі Жүйелік программалауда екілік разрядтарды өңдеу ісі жиі кездеседі.Әрине, UNIX операциялық системасымен тығыз байланыста пайда болған С++ тілінің екілік сандармен жұмыс істеу мүмкіндіктері өте зор.
Құрылымы икемді тіл С++ тіліндегі барлық массивтер — бір өлшемді. Көп өлшемді массивтер осы бір өлшемді массивтерден құрылады. Массивтер мен құрылымдар (жазбалар) бір – бірімен керекті түрде байланысып, мәліметтер базасын құрайды.
Файлдарды қосу Файлдарды қосу #include директивасы арқылы жүзеге асады.
#include <жол>
#include «жол’’ Егер жол бұрыштық жақшаларға алынған болса,онда файлды іздеу стандартты директорияларда жүзеге асырылады.
Егер жол тырнақшаларға алынған болса және толығымен берілген болса, онда файлды іздеу берілген директорияда жүзеге асырылады, ал егер жол берілмеген болса-ағымдағы директорияда жүзеге асырылады.
Осы директиваның көмегімен біз бағдарламаның мәтініне стандартты да, өзінің файлдарын қосуға болады.
C++ тіліндегі қарапайым бағдарлама түрі. #include int main(void) {std::cout<< ‘Hello Friend’; return 0;}
#include директивасының көмегімен iostream басындағы файлды қосу орындалады
iostream С++-тің стандартты библиотекасына кіреді
iostream басындағы файл ағындық енгізу мен шығару үшін дайын функциялар жиынтығын құрайды. Біз консольға шығару функциясын пайдаланамыз.
C++ тіліндегі қарапайым бағдарлама түрі.
Бағдарламаның екінші тармағына main функциясын енгіземіз.Функцияны атауының алдында-оның мәндерінің типі int(бүтін сандар). Атаудан соң дөңгелек жақшамен функциялар параметрдің жиынтығы көрсетілген, бұл жағдайда void сөзі параметрдің жоқ болуын білдіреді.Void орнына дөңгелек жақшаларды бос қалдыруға болады.
Функцияларды сипаттау, яғни оларда орындалатын бұйрықтар тізімі фигуралық жақшалармен белгіленеді.