«Орындау» батырмасын басқаннан кейін келесі қосымша терезесін алуға болады.
Суретті салуға немесе қарауға Image компонентінен басқа Form немесе PaintBoxкомпоненттерін де қолдануға болады. Оларда да Canvas қасиеті бар. Формада сурет салғанда оның OnPaint оқиғасы қолданылады.
Канвада сурет салу құралдары.Pen (қалам, қарындаш, қылқалам) канваның қасиеті үрінде анықталған, яғни канваның Pen(ТPen) қасиеті бар. ТРen класс ретінде анықталған оның өзінің қасиеттері мен әдістері бар. Негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:
Негізгі қасиеттері:
Color
қалам түсі;
Width
сызықтың қалыңдығы (қалыпты жағдайда 1 пикселге тең);
S
tyle – қалам стилін білдіреді, оның мәндері келесі түрде болуы мүмкін:
PS Solid(тұтас сызық)
PS Dash(пунктер)
PS Dot(нүкте)
PS DashDot(нүкте-пунктер)
_._._._._._._._.
Канваның келесі қасиеттерін пайдаланып суреттер салуға болады:
Анимация – бұл кескінді немесе суретті кадрлар арқылы қозғалысқа келтіру. C++ Builder-де Windows –тың дайын анимацияларын қолдануға болады немесе салынған суреттің бөліктерін координаталары арқылы қозғалтып жылжытуға болады.Программалауда кескінді қозғалысқа келтірудің бірнеше тәсілдерін қолданады: