Image компонентінің терезесіне кескінді жүктеу үшін немесе сақтау үшін сәйкесінше OpenPictureDialog және Savepicturedialog стандарт диалогтық терезелері қолданылады.
С++ Builder 6 ортасында графикамен жұмыс істеу үшін кескінді орналастыратын орын немесе бет керек. С++ Builder–де істеу үшін Canvas (канва, холост - кенеп) қасиеті анықталған. Мұндай қасиет Image, Form, PainBox, ListBox, StringGrid, BitMap т.б. бар.
Канваның өзінің қасиеттері және әдістері бар. Канва нүктелерден тұрады, бұл нүктелердің (x,y) координаталары болады (1-сурет). Канваның (0,0) нүктесі оның сол жақ төбесінде орналасады.
Бұл (x,y) координаталары пиксельмен есептеледі. Пиксельдің ең негізгі қасиеті – оның түсі. Канвада сурет салу үшін оның Pixelsқасиеті қолданылады. Бұл екі өлшемді массив түрінде анықталады және ол пиксельдің түсін береді, яғни типі Pixels [X] [Y]:clColor;
y(х)=(2/x)-(pow((3/x),2)) функциясының графигін [-25, 25] аралығында h=0,01 қадаммен С++Builder программалау ортасында салу үшін, екі жағдайды қарастырамыз: 1) Қосымша терезесіндегі компоненттер қасиеттерінің және оқиғаларының мәндері; 2) Қосымшаның программалық коды.
Қосымша терезесіндегі компоненттер қасиеттерінің және оқиғаларының мәндері:
Компонент
Компоненттердің қасиеттері
Мәндері
Form1
Caption
y(х)=(2/x)-(pow((3/x),2)) функция графигі
Memo1
Text
y(х)=(2/x)-(pow((3/x),2)) функциясының графигін
[-25, 25] аралығында h=0,01 қадаммен салып шығады.