C++ BUIIDER ОРТАСЫНДАҒЫ ГРАФИКА
Графиктік файлдардың форматтары.С++ Builder ортасында графиктік файлдардың келесі түрдегі типтерімен жұмыс жасауға болады(1- кесте). Бұл файлдардың барлығында суреттер мен кескіндер сақталады, бірақ бұлардың файлдағы сақталу тәсілдері әртүрлі болады. Мысалы, .BMP; .ICO – кескіндер файлға биттік матрица түрінде сақталады. Бұл биттік матрицалар кескіндегі әрбір пиксельдің (нүктенің) түсін көрсетеді. Бұл биттік матрицада сақталған кескінді кез келген компьютер өзінің мүмкіндігіне қарай көрсете алады. Келесі .ICO кеңеймесімен берілген файлда пиктограмалар (значоктар) сақталады. Пиктограммалардың өлшемін өзгерту қажет емес. Метафайлдарда кескіннің биттері сақталмайды, керісінше сол кескінді салу әдістері сақталады. Яғни олар сурет салу командалары.
1 – Кесте.
Графиктік файлдардың форматтары
|
Файл форматтары (түрлері)
|
Кеңеймелері
|
Биттік матрица (Bitmaps)
|
.BMP
|
Пиктограммалар
|
.ICO
|
Метафайлдар(Metafiles)
|
.WMF
|
IPEG Image file
|
.JPG, .JPEG
|
EnhancidMetafiles
|
.EMF
|
Графиктік объектілер кластары.С++ Builder 6 ортасында графиктік кескінді сақтауға арналған келесі кластар қолданылады:
Бұл кластардың барлығы үшін түпкі класс TGraphic класы болып табылады.TPicture класы – өзінде, жоғарыда көрсетілген үш кластың барлық мүмкіндіктерін қамти алады. Сондықтан TРicture класының, графиктік объектілері үшін төмендегідей қасиеттерді шақырып пайдалануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |