C.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы
Орындаған:Жұбаназар Гүлназ Группа:ОМ20-014-1К
C.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы Лимфа-адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфаның құрамында белоктар, минералды тұздар, гемоглобин, глюкоза және тағы да басқа қанның пішіндік элементтері болады. Ол лимфоплазмадан және пішіндік элементтерден тұрады. Химиялық құрамы бойынша лимфоплазма қанның плазмасына жақын, бірақ құрамында нәруыздары аздау болады. Нәруыз фракциясының ішінде альбуминдер глобулиндерден басымырақ болады. Нәруыздың біраз бөлігін ферменттер — диастаза, липаза және гликолитиялык ферменттер кұрайды. Түрлі тіндерге,мүшелерге, ұлпаларға байланысты нәруыз мөлшері әр түрлі болады. Лимфоплазманың кұрамында бейтарап майлар, қарапайым қанттар, NaCl, Na,CO, және баскалар, сондай-ақ құрамына кальций, магний, темір кіретін әр түрлі коспалар болады. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды тұздар.
Қанның пішіндік элементтері:
Лимфоциттер - 90%;
Моноциттер - 5%;
Эозинофилдер - 2%;
басқа жасушалар - 2%.
Сегменттік-ядролық нейтрофилдер - 1%;
Кейде эритроциттер де болады
Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.Лимфа құрамындағы лейкоциттердің жекелеген түрлерінің пайызы лимфаның лейкоциттік формуласы деп аталады.
Лимфа жуйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі.Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су , нәруыз , май , зат алмасу өнімдері қайта өтеді . Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы – лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұксас тамырлар болмайды , тек лимфа қылтамырлары болады . Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы -- лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық болып келеді . Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады . Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа болып табылады.Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық.Лимфа қылтамырлары ми , жұлын , шеміршек , қағанақ , көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады .Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді , оның ішкі бетінде қақпақшалары бар . Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка ( жүрекке ) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады.Лимфа сұйықтығы вена қанымен араласып , жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады . Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі . Олар қантамырлардың айналасында орналасады . Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ , сопақша , үрмебұршақ тәрізді болып келеді. Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі , ойыстау болады . Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан . Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды . Лимфа түйіндерінің орналасқан жері : қолтық , шап , мойын , құрсақ қуысы,шынтақ пен тізенің бүгілісі,астыңғы жақсүйек және т.б . Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып , ісіп кетеді . Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне , ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып , лимфа ағынын реттейді . Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей,жояды . Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде қарсыдене деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды . Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан . Оған аяқтан , жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады . Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан.Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады . Сонымен , лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары , лимфа тамырлары , лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады .
Лимфа жүйесінің қызметі :
Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі . Лейкоциттер түзеді.
Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап , биологиялық сүзгі қызметін атқарады.
Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.
электролиттердің, ақуыздардың және судың жасушааралық кеңістіктен қанға оралуы;
белгілі бір ферменттер (мысалы, липаза немесе гистаминаза) қанға тек лимфа жүйесі арқылы ене алады (метаболизм функциясы);
ағзалар мен тіндер, сондай-ақ лимфоидтық жүйе мен қан арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
жасушалардың тұрақты микроортасын сақтау (гомеостатикалық функция).
Лимфаның шеткері (лимфа түйіндеріне дейін), аралық (лимфа түйіндерінен өткеннен кейін) және орталық (кеуделік және он лимфа өзектерінің лимфасы) түрлерін ажыратады. Лимфа түзеу үдерісі қаннан судың және басқа заттардың қаннан жасуша аралык кеңістіктерге түсуінен және тіндік сұйыктыктың пайда болуымен тығыз байланысты. Орталық және перифериялық лимфоидты мүшелерді ажырамыз. Адамдардағы орталық лимфоидты орган - бұл тимус. Перифериялық лимфоидты органдар: лимфа түйіндері, көкбауыр, бадамша бездер.
Қорыта айтқанда,лимфа біздің организмде түрлі маңызды қызмет атқарады.Дұрыс лимфа айналымы лимфа тамырларының айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде ғана пайда болады. Егер біз көп қимылдамай,аз қозғалатын болсақ,белсенді өмір салтын ұстанбайтын болсақ онда лимфаның қозғалысы баяулайтыны айтпаса да түсінікті.Бұл дегеніміз, лимфа жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін және барлық токсиндер, вирустар мен бактериялар ағзадан тезірек кетуі үшін біз көп қозғалуымыз керек, су ішіп, дұрыс тамақтануымыз керек. Алайда, адамдардың көпшілігіне ауыр физикалық белсенділік жетіспейді. Лимфаның дұрыс айналымы денсаулық жағдайын тұрақтандырады,иммунитетті мықты қылады.
Ойымды қорытындылай келе, Лимфа (лат. lympha-ылғал) - бұл лимфа капиллярлары мен тамырларында пайда болатын ақуыздық сипаттағы сәл сарғыш сұйықтық. Ол лимфоплазмадан (plasma lymphae) және формалы элементтерден тұрады. Химиялық құрамы бойынша лимфоплазма қан плазмасына жақын, бірақ құрамында ақуыз аз. Ақуыз фракцияларының ішінде глобулиндерден альбуминдер басым. Ақуыздың бір бөлігі ферменттерден тұрады-диастаза, липаза және глико-литикалық ферменттер. Лимфоплазмада бейтарап майлар, қарапайым қант, NaCl, Na2CO3 және басқалары, сонымен қатар кальций, магний, темірден тұратын әртүрлі қосылыстар бар.
Лимфаның негізгі формалық элементтері лимфоциттерден (98 %), сондай-ақ моноциттермен және лейкоциттердің басқа түрлерінен тұрады, кейде онда эритроциттер де кездеседі. Лимфа тіндер мен мүшелердің лимфа капиллярларында жиналады, онда әртүрлі факторлардың әсерінен, атап айтқанда, осмотикалық және гидростатикалық қысымнан, лимфоплазманың әртүрлі компоненттері орын ауыстырады. Лимфа капиллярлардан перифериялық лимфа тамырларына, олар арқылы лимфа түйіндеріне, содан кейін үлкен лимфа тамырларына өтіп, қанға құйылады. Лимфа құрамы үнемі өзгеріп отырады. Лимфа перифериялық (лимфа түйіндеріне дейін), аралық (лимфа түйіндерінен өткеннен кейін) және Орталық (кеуде және оң лимфа жолдарының лимфа) болып бөлінеді. Лимфа түзілу процесі су мен басқа заттардың қаннан жасушааралық кеңістікке енуімен және тіндік сұйықтықтың пайда болуымен тығыз байланысты.
Қолданылған әдебиеттер: Заболевания крови. Полный справочник Дроздов А. А., Дроздова М. В.
ГИСТОЛОГИЯ,ЭМБРИОЛОГИЯ,ЦИТОЛОГИЯ редакциясын басқандар профессор Ю.И. Афанасьев, профессор Н. А. Юрина