C# тілінің даму тарихы. С# программалау ортасында жұмыс істеу негіздері



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі37,4 Mb.
#19726
түріПрограмма
1   2   3   4   5
С # тілінің мүмкіндігі

С# тілінің мүмкіндігі Java тілімен қатарлас, осы екі тіл қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға жатады. С# тілін сүйемелдейтін .NET платформасының программа жасау ортасы бастапқы бағдарламаны бірден машиналық кодқа емес, MicroSoft Intermediate Language (MSIL не IL) атты аралық тілге аударады. Ол ОЖ-дан, компьютер типінен тәуелсіз командалардан тұрады да, бірден орындалмай, тілдің жалпы орындалу ортасы Common Language Runtime – CLR деп аталатын жүйе арқылы атқарылады.

CLR ортасы кез келген ОЖ-да орындала береді. Бағдарламаны орындау кезінде, CLR JIT-компиляторын (just in time – дер кезінде) шақырады. Компилятор бағдарламаны бөліктерге бөле отырып, оның тек осы сәтте керек бөлігін ғана орындайды.

Компилятор жұмысы нәтижесінде құрастыру (сборка) деп аталатын ехе немесе dll типті файл жасалады, онда IL тіліндегі код пен метамәліметтер болады.

Метамәліметтер программада қолданылатын объектілер және құрастыру туралы ақпарат сақтайды.

Ол тіларалық әрекеттесу, қауіпсіздік, сенімділік сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

.NET платформасында көлемді кластар кітапханасы бар, оны осы ортадағы кез келген тілде пайдалана беруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет