Cабақ жоспары Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі437,48 Kb.
#129131
түріСабақ
  1   2   3

Cабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Пластмассалар және оның түрлері, қолданылуы. Бастауыш сыныптарда пластмассамен жұмыста қолданылатын құрал-саймандар.
1. Пән атауы: Технология және оқыту әдістемесі


2. Мақсаты: Пластмасса түрлері және олардың қасиеттері жайында мәлімет беру.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:
- пластмасса түрлері және олардың қасиеттерін біледі;
- өңдеу технологиясын және қолдану саласын біледі;
-берілген ақпаратты жауапкершілікті ескере отырып қабылдайды;
- өзін-өзі бағалауда өз әрекетін басқамен салыстырады;
-қойылған мақсатқа сәйкес жұмыс түрлерін таңдайды;
-ақпараттарды өз бетімен табады, талдайды, іріктейді, түрлендіреді.
3. Сабақты жабдықтау:
УМКД, бейнефильмдер, әдістемелік құралдар
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
1. Нормативті оқу - әдістемелік құжаттар.
2. Байдалиев Қ.Ә. Еңбекке баулу мен бейнелеу өнерін оқытудың теориясы жене технологиясының лабораториялық практикумы: Оқуәдістемелік құрал. - Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспа орталығы, 2007. - 192 б.
3. Дәулетова Қ. «Еңбекке баулу әдістемесі». 31-40 бет
4. Сабақтың барысы:
Талқыланатын сұрақтар:
1. Пластмассалар және оның түрлері.
2. Пластмассаның негізгі қолданылу саласы.
3. Пластмассалардың негізгі қасиеттері.
4. Пластмассалардьщ басқа құрылыс материалдарынан айырмашылығы.
Тақырыпқа қысқаша теориялық шолу:
Пластмассаларпластикалық материалдар-құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тәріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар.
Барлық пластмассалар мен жасанды талшықтар – қосындылардың. Пластмассалар шыны тәрізді немесе кристалды, диэлектриктік қасиеті жоғары, атмосфера әсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. Пластмассалардың кез келгенінің (шайыр мен қарамай негізді пластмассаларды қоспағанда) түп негізін полимерлер құрайды. ерекше тобы. Барлық полимерлер бір-бірімен байланысты ұсақ молекулалардың тізбегінен тұрады.
Полимерлерден басқа пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады.
Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесегетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет