Пластмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады.
Пластмасса
|
Қолдану саласы
|
Полиэтилен (жоғары және төмен қысымды)
|
орау өндірісі, машина бөлшектері мен жабдықтары, қақпақтар, фольга, қаптама, шелек, сөмке жасау үшін,
|
Перпекс (акрил спиртінің ерекше түрі)
|
көру линзасы, иллюминатор әйнегі, қауіпсіздік
белдігін жасау үшін,
|
Полиэстр
|
мата пен шыны талшық өндіру үшін,
|
Полистирол
|
бір рет қолданылатын ыдыстарды жасау үшін,
|
Эпоксидті смола
|
берік желім жасау үшін,
|
Акрилдер
|
бояғыштар мен кейбір киім түрлерін өндіру үшін,
|
Полихлорвинил
|
құбыр, шланг, көліктердің жабындарын өндіру үшін
|
Полипропилен
|
кеңінен құбырлар, автобөлшектер, тоңазытқыш үшін компоненттерін өндіру үшін,
|
Поликарбонаттар
|
дәлдіктегі машина бөлшектері, жабдықтар, радио және электротехника өндіру.
|
Поливинилхлорид (ПВХ)
|
химиялық жабдықтарды, құбырларды, түрлі бөліктерінде, орау, төсемдерді өндіру.
|
Пластмассалар 4 топқа бөлінеді:
Полимерлену өнімдері пластмассалар(полиэтилен, полистирол т.б.) негізіндегі пластмассалар
Поликонденсациялау (полиамидтер, полиэфирлер т.б.) негізіндегі пластмассалар.
Химиялық модификацияланған табиғи полимерлер негізіндегі пластмассалар (протеин, целюлоза, галалит).
Табиғи және мұнай асфальттары мен шайыр негізіндегі пластмассалар сонымен қатар термопластик және термореактивті пластмассалар болады.
Ғылыми-техникалық прогресті, оның даму қарқыны мен бағытын химия өндірісі анықтайды десе болады. Ал химияландырудың негізгі бағыты пластикалық массамен басқа синтездік полимерлерді қолдану екенін өмірдің өзі көрсетіп келе жатыр.
Жақында ғана «пластмассалар болашақтың материалы» дейтін едік, қазір «пластмассалар – осы күннің материалы» деп батыл айтуға болады.
Пластмассалардың негізгі қасиеттері.
Пластмассаларға тән сипат — тығыздығының шамалы, механикалық беріктігінің жеткілікті, жылуизолядиялығы жақсы, үйкеліске төзімді болуы. Пластмассаларды қалаған түске бояуға болады. Кейбір пластмассалар, полиэтилен — мөлдір келеді.
Атмосфералық коррозияға, қышқылдар мен сілтілерге төзімділігі, әр түрлі пішінге келетіндігі, тығыздығы төмен болып, дәмі де, иісі де болмауы, жақсы боялып, жылу, электр изоляциялық қасиеттерге ие болуы – пластмассаның ең басты артықшылықтары болып табылады.
Пластмассалардың тығыздығы шамалы болуымен қатар, механикалық беріктігі де жоғары. Парақша және талшықгы толтырғыштары бар конструкциялық пластмассалар ерекше берік келеді.
Пластмассалар күнделікті өмір мен техниканың тұрақты серігі болып алды. Пластмассадан жасалған бұйымдардың негізгіартықшылығы жеңілділігі, жоғары диэлектрикалық қасиеттері, температура өзгерісіне, сыртқы ортаның, агрессивтік қосылыстардың әсеріне тұрақтылығы, механикалық беріктігі.
Пластмассаның тағы бір ерекшелігі – оларға қажетіне қарай кез келген арнаулы қасиет беруге болады. Мысалы, көпшілік пластмассалар ток өткізбейді, ал қажет болса ток өткізгіш пластмасса алуға болады. Шыныпласттар, көміртекті пластиктер болаттан да берік болуы мүмкін, ал газ толтырылған пластиктер өте жеңіл келеді, жылу жібермейтін, дыбыс өткізбейтін қасиеттерімен бағаланады.
Пластмассалардың басқа құрылыс материалдарынан айырмашылыгының бірі - олардың беріктігі жоғары болса да, қаттылығы төмен. Мысалы, металдардың қаттылығы, олардың беріктігіне сәйкес тура пропорционал өседі. Осыған қарамастан қаттылығы төмең болса да, пластмассалар үйкеліс әсеріне өте төзімді.
Сондықтан олар еденге төсегіш материалдар ретінде кеңінен қолданылады.
Пластмассаларды тиімді пайдалану үшін олардың тиімсіз қасиеттерін де ескеру қажет. Мысалы, көп пластмассалардың жылуға төзімділігі аз.Пластмассалардың отқа төзімдігін жоғарылату үшін оларды өндіру кезінде кұрамына антипириндер қосқан жөн. Уақыт өткен сайын жылу,күн сәулесі, ауадағы оттегі әсерінен пластмассалар тозып, иілімділігін азайтады. Бұл процестердің әсерін төмендету үшін пластмассалардың құрамына стабилизаторлар қосылады.
Пластмасса өндірісі жедел қарқынмен өсуде. Соңғы 30 жылда пластмасса өндірісі 25-30 есе артса, болат өндірісі осы мерзімде 3,5 есе ғана өсті.
Практикада кең тараған пластмассалардың негізгі 50-дей түрі бар. Олардың 36-сы термопласттар десек, қалғаны реактопласттар. Әрқайсысы 50-ден астам модификацияланған типтен тұрады. Пластмассадан жасалған бұйымдардың 300 мыңдай түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |