Сапа менеджмент жүйесi (МЖ) тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруды жоғарылатуда ұйымдарға көмектеседi және әлеуметтiк қажеттiлiк болады.
Тұтынушыға оның қажеттіліктері мен талаптарын қанағаттандыратын өнім керек. Бұл қажеттіліктер мен талаптар өнімнің техникалық шартында көрсетіледі және тұтынушының талаптары болып табылады. Талаптар тұтынушымен келісім шартқа сәйкес қойылады неесе ұйымның өзі жасайды. Кез келген жағдайда өнімнің құнын тұтынушының қанағаттануына байланысты қояды.
Тұтынушының талаптары мен қажеттіліктері күн сайын өзгеріп отырғандықтан, сонымен бірге ұйым бәсекелестікке төзімділігін артыру үшін өз өнімдерін жиі жаңартып отыруы және техникалық құрылғыларын жаңартып отыруы тиіс.
Ұйымның сапа менеджментіне жүйелі көзқарасы тұтынушының та-лаптарына талдау жасауға, өнімді тиімді алу жолдарын анықтауға алып келеді.
Сапа менеджмент жүйесі тұтынушылардың және басқа да қызығушылық танытқан жақтардың қойған талаптарын қанағаттандыру қажет. Бұл кәсіпорынға және тұтынушыға өнімді тұтынушы талабына сай етіп шығаруына сенімділік береді.
Cапа менеджмент жүйелерiнiң қажеттiлiгiнiң дәлелденуi қызығушылық танытқан жақтар мен тұтынушылардың талаптарын қанағатандыруда аса сақ болуы тиіс.
Қоғамдық қажеттілік қоғамдық өнім сияқты қаралады, яғни халықтың қоғамдық және жеке қолдануында өмірлілігін артыруды қолдау болып табылады.
Қоғамдық талап дегеніміз – өнімді шығару кезіндегі техникалықэкономикалық сипаттамалары, табиғи қорлардың шығыны, қоршаған орта мен қоғамға тигізетін әсері. Қажеттіліктің туындауы және оның нақты анықтамасы – қоғамдық талаптарды қанағаттандыратын негізгі операциялық элемент. Операциялық элемент болып бұйымды жобалау, конструкциялау, дайындау және эксплуатациялау жатады. Қажеттілік келесі бағыттарда қаралады:
- Қажеттіліктерді оның түрлеріне қарай зерттеу;
- Қажеттілікті оның жеке және қоғамдық мағыналарына байланысты зерттеу;
- Қажеттілікті оның санына қарай зерттеу.
Қажеттілік, жобалау және жоспарлау олардың шығын критериімен ескеріледі, яғни экономикалық сонымен бірге қоғамдық критерилер. Методологиялық мағынасы бар іс-әрекет аумағындағы мәселелердің шешімі біртіндеп шешілуде. Сонымен бірге назарға қоғамның техникалық мәселелеріне байланысты уақыт пен құралы алынып отыр. Барлық субъективті қажеттіліктер қанағаттандырылуға міндетті емес.
Қажеттіліктердің пайда болуына материалдық, мәдени және рухани байлықтардан туындайтын уақытты қажеттілік әсер етеді.
Қажеттіліктің тағы бір әсері моральдық аспект және болжау болып табылады.
Қажеттіліктің тізіміне субъективті қажеттіліктер жатады. Қажеттіліктерді болжау әлеуметтік процедурадан тұрады. Қажеттілік іс-әрекеті саласының дамуы кері әсер әкелуі мүмкін, себебі моральдік аспект мәселелері қарсы шығуы мүмкін.
Қоғамның дамытуы үшiн маңыздылықпен сәйкес қажеттiктердiң барлық диапазонын қамтитын шаруашылық болжамдарын салады. Шаруашылық болжамдарда материалды, шығармашылық және өндірістік ресурстарды мүмкіндейді.
Адамзаттың денсаулығына байланысты бір келеңсіздіктер болып жатса, онда ол сыртқы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Техникалық құралдардың зиянды әсерлері әлеуметтік қажеттілікті ұсынады. Қажеттіліктің болуы жетіспеушілікке алып келеді. Берілген қажеттіліктер қиын іс-әрекеттерді талап етеді. Қажеттіліктердің басым көпшілігі жоспарлаудың бірінші сатысында жүреді және оның құрамына келесілер кіреді:
- Қажеттіліктердің туу;.
- Қажеттілік мәселелерінің мүмкін шешімдері;
- Жоба-конструкциялы мәселелердің ұсыныстары.
Ғылыми әдіс, яғни түйсікті болашақ қажеттіліктердің шешімін табуда қолданады. Болашақ қажеттіліктер жеке факторда дамиды:
- Адам жеке тұлға ретінде білім мен құдіретке ұмтылады;
- Адамзатқа жиі өсіп отыратын қажеттілік керек;
- Қажеттіліктердің қанағаттануы адамзаттың қабілеттеріне қатысты болуы тиісті;
- Әлеуметтік жүйеде өзгерістер бар. Барлық материалдық және мәдени қажеттіліктер қоршаған ортаның талабы болды.
Қажеттілік те, басқа іс-әрекет сияқты бақылауды талап етеді.
Сонымен қатар, келесі шарт орындалуы тиіс: сыртқы қажеттілік, тапсырма, ішкі қажеттілік.