Ертегінің ішіндегі жұмбақтар. Мысал



Дата18.12.2023
өлшемі18,66 Kb.
#140621

Ертегінің ішіндегі жұмбақтар. Мысал:
 Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін: 
- Ата, жолды қысқартайық, - дейді. Қарт: 
- Жол қалай қысқарады? - дейді. Жігіт: 
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді.
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, орылмаған, бірақ пісіп тұрған егінді көріп: 
- Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт: 
- Я, біздің елдікі, - дейді. Жігіт: 
- Иесін білесіз бе? - дейді. Қарт: 
- Білемін, - дейді. 
- Олай болғанда, бұл өзі желініп қойған егін бе, жоқ, желінбеген егін бе? - дейді. 
Онан өтіп, жолшыбай бір елге кездеседі. Бұл елдің адамдары бір өлген кісіні көтеріп, қабірге қойғалы апара жатыр екен. Жігіт: 
- Ата, мына кісіні білесіз бе? - деп сұрайды. Қарт: 
- Білемін, - дейді. Жігіт: 
- Ата, мына кісі өлген адам ба, өлмеген адам ба? - деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
- Өлмесе жерлеуге апармайды ғой! - деп жігіттің бетін қайырып тастайды. 
Жігіт шалға осылай үш түрлі жұмбақ қояды бірақ қарт бұлрдың бірде біреуін түсінбейды, алайда шалдың қызы осы сұрақтарға жауап табады:
 Әке, бұл сөздер кесепатты сөздер емес, зор мағыналы сөздер. - Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген екенсіз. Оның бірінші - «Кезек арқаласып отыралық» - дегені: «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын» - дегені. Екінші: «Мына егін желінген бе, желінбеген бе?» - дегені: «Байдікі ме, кедейдікіме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі алады. Ал бұл желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады да, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бір есеп болады. Үшінші: «Өлген адам ба, өлмеген адам ба?» - деп, сұрағаны: «Баласы бар ма?» - дегені. Ол өлген адамды қабірге салғанда оның балалары қабірдің басында, барлығы бүлініп жылап тұрған шығар, оны: «Өлмеген адам екен», - дегені сол болу керек. Артында қалған баласы бар адамның аты жойылмайды, сондықтан: «Ол өлмейді», - деген сөзі екен. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - дейді.
Композициялық талдау:
Оқиғаның басталуы: Жігіттің қартты қуып жетуі;
Оқиғаның байланысы: Жігіттің қартқа қойған бірінші жұмбағы;
Оқиғаның дамуы: Егінге жолығуы;
Оқиғаның шарықтау шегі: Қабірде жатқан адамды өлмеген екен деп айтуы;
Оқиғаның шиеленісуі: Қарттың дым түсінбей, қызына ол жігіттен сақ бол деуі;
Оқиғаның шешімі: Қыздың барлық жұмбақтарды шешуі, қартың қызын жігітке беруі.

SWOТ талдау:
Күшті жақтары: Ертегілерде кездесетін жұмбақтардың балалар үшін өте пайдалы екені сөзсіз себебі ертегілерді көбінесе кішкентай балалар оқиды ал олардың кішкентай кезінен осынадй түрлі жұмбақтарды шешіп үйренсе жақсы дамиды.
Әлсіз жақтар: Ертегілерде орын алып жататын түрлі қиял ғажайып оқиғалар бараралға кері әсерні беруі мүмкін.
Мүмкіндіктері: Ертегілер арқылы балалар қиялдарына ерік беріп, түрлі жұмбақ ертегілерді оқу арқылы білімдерін дамытып , ақылдарын аақыл қосылып, терең ойлай алады.
Қауіптері: Иенің ойымша ертегілерден келетін қауіптер жоқ себеі ертегі арқылы балаларға қаншама тәлім тәрбие бере аламыз, тек қиял ғажайыпқа тым қатты беріліп шынайы өмірден де сондай жағдайды күтіп қалмайтыны болмаса.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет