Цель курса



Pdf көрінісі
бет10/44
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#12402
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
9,10 дәріс 

Компьютердің  басқару  батырмалары  жүйелік  блоктың  алдыңғы  тақтасында 

орналасқан. 



Қоректенуді  ажыратқыш  компьютерді  тоққа  қосуға  және  тоқтан  ажыратуға 

арналған. Компьютердің конфигурациясына қарай ажыратқыш  2 типті болады: кәдімгі 

механикалық  (АТ  типті  компьютерлер  үшін)  және  бағдарламалық  басқарумен  (АТХ 

типті  компьютерлер  үшін).  АТХ  типті  компьютерлердің  кейбір  модельдерінің  артқы 

панелінде қоректендіргіш ағытпасының қасында ажыратқыш  болады. 

 

 



1.5-сурет. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасы 

 


АТХ типті компьютерлерде  Windows  операциялық жүйесінің жұмысын аяқтаған 

кезде компьютердің автоматты түрде сӛнуін әрқашанда күту қажет. Бұл мәліметтердің 

жойылмауын қамтамасыз етеді. 

Қайта  жүктеу  батырмасы  компьютерді  қайта толық  жүктеуге  арналған.  Windows  

операциялық жүйесінде жұмыс істегенде осы батырманы баспауға тырысу керек, одан 

да  «Жұмысты  аяқтау»  мәзіріндегі  «Компьютерді  қайта  жүктеу»  командасын  колдану 

тиімді. Қарсы жағдайда, мәліметтер жойылуы мүмкін. 

Қораптың  екі  басты  түрі  қолданылады:  desktop  (кӛлденең)  және    tower  (тік).  

Соған  қарамастан,  бір-бірінен  форм-факторлары  арқылы,  оған  орнатылған  құрылғы  

мӛлшерімен ерекшеленетін қораптар кездеседі.  



Desktop. Ӛз атауы айтып тұрғандай, қорап үстел үстіне орнатуға арналған. Оның 

мӛлшері  үлкен  емес  және  үстіне  сұйық  кристалды  монитор  қоюға  болатындай  етіліп, 

кӛлденең түрде жасалған.  Оның қалыпты мӛлшері – 45 х 45 х 20 см. 

Mini  Tower  -    бұл  қораптың  тік  түрі.    Ол  ӛз  уақытында    танымал  болды,  себебі 

қажетті жабдықтарды ӛзіне орналастыруға мүмкіндік берді. 

Арнайы  үлкейтілген  кӛлемі    арқасында  (45x20x45  см)  екі-үш  3,5-5,25  дюймдік 

бӛлігі бар,  яғни қажетті мӛлшердегі  жинақтарды  толық қосу үшін жеткілікті. 

Әдетте осы қорап түрі қуаты 250-300 Вт қоректендіру блогымен жабдықталған, 

бұл барлық жұмыс құрылғысын тұрақты қамтамасыз етеді. 

Құраушы  үдетуіне келер болсақ, бұл жағдайда  температура режимін арнайы бір 

қалыпты бақылаумен  жүзеге асыруға болады, себебі  жүйе желдеткіші мұндай қорапта  

аса ойластырылмаған және нәтижесіз. Қажет болған жағдайда  аса қуатты қоректендіру 

блогына ауыстыруға және  құраушы салқындату жүйесін қолдану аса нәтижелі немесе  

аз жылу шығарғыш құраушы қолдану керек. 

Midi (Middle) Tower- Tower жүйелік блоктардың сериясын жалғастырады. Оның 

негізгі  ерекшелігі-аса  биік  қорап  (50x20x45  см.)    Mini  Tower  қорабына  қарағанда 

біреуіне 5,25-дюймдік бӛлікті кӛбірек сыйғызуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты 

блоктың  ішкі құрылым бӛлігі үлкейеді,  яғни  қажетті температура режимін  сақтайды. 

Бұл  қорап  түрі,  температура  режимін  қадағалауды  қажет  етпейтіндіктен    кеңге 

таралған.  Ережеге сай, қоректену блоктың  қуаты 300 Вт,  бірақ  бұл шектеу емес. Осы 

мақсатта қорап желдеткіш торларымен және қосымша желдеткіштер үшін бекітулермен  

қамтылған.         

Қосымша  желдеткішті  орнату  үшін  мұндай  қораптармен    цифрлі  немесе 

аналогты  реобас  жиі  қолданылады,    бұл  желдеткіш  айналу  жылдамдығын  реттеумен 

қатар,  одан шыққан дыбыс деңгейін азайтады. 

Big    (Full)  Tower-Tower  сериясының  тағы  бір  түрі.    Негізгі  сипаттамасы:  алты 

мен сегіз арасындағы  5,25-дюймдік және екеу ден бесеуге дейін 3,5-дюймдік бӛлімдері 

бар ( мӛлшері 65x20x48 cм.). 

Big  (Full) Tower жүйелі блок  компьютерін сервер түрінде, бейнені ӛңдеу немесе  

басқа  да  мақсат  үшін  қолдануға  болады.    Әдетте    мұндай   қораптарда  құраушыларды 

салқындату  үшін  қосымша    желдеткіштер  және    қуаты  400  Вт  қоректендіру  блогы  

орнатылады.  Сонымен  бірге,    қосымша  қоректендіру  блокты  орнатуға  мүмкіндіктер 

болады.  Қорапта  орнатылған  диск-жетектер  алдыңғы  тақтада    және    компьютерді 

басқару тетіктері ашпа есік астында орналасқан.  

File Server-қорабы тек сервер үшін қолдануымен ерекшеленеді. Ереже бойынша,  

мұндай  қораптарда    5,25-дюймдік    үшін    сегіз-он  және  3,5-дюймдік  үшін  бірнеше 

бӛлімдер орналасқан  

Қазіргі  заманғы    дербес  компьютерлер  үшін  тұрақты  қоректендіру  блогы  ауадай 

қажет. Онсыз компьютермен жұмыс істеу мүлдем мүмкін емес. 



Қоректендіру блогына   (110-230 В) жоғары қуаттың  ауысу және тұрақты тӛмен 

қуатының тоғы (12 және 5 В) компьютердің барлық  бӛлшегін қоректендіреді.  

Егерде құрылғы немесе құраушыға басқа қорек керек болса, ол бар қуатты алады, 

әлде жүйелік тақшадан  қолданады.  

Кернеу  болмаса,  жұмыста  болмайды.  Осы  себепті  қоректену  блогына  кӛбірек 

кӛңіл бӛлінеді, әсіресе жаңа құрылғыны қосу  немесе құраушыны үдету жоспарланған 

болса.  

Қоректену блогының сыртқы пішіні металлмен қапталған қорапша тәрізді. Блокты 

салқындату  үшін  бір-екі  желдеткіш  және  қажетті  электронды  жүйелер  орналасқан. 

Қораптың  артқы  қабырғасынан  шығатын    желдеткіш  тормен  жабылған,  бұл  торлар 

қорапқа басқа нәрселер кедергі болмас үшін қарастырылған.  

Блоктың  артқы  қабырғасында  кабельді  қосу  үшін  ағытпалар  бар,  бұл    электр 

розеткіге 200 В кернеуімен  қосылады. Осымен  қатар кернеу ажыратқыш пен монитор 

кабелінің қорегіне арналған ағытпалар  орналасқан.  

Соңғы уақытта желдеткішінде жылдамдық реттеуіші бар қоректену блогы кеңінен 

таралған.  

Қоректену блогының алдыңғы қабырғасында байланыс топтары бар сымдар шоғы 

шығатын тесік орналасқан.  Оларда  қоректену блогымен берілетін  5 және 12 В кернеу 

болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет