Цель курса



Pdf көрінісі
бет24/44
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#12402
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44
Аудиоадаптер  (Sound  Blaster  немесе  дыбыстық  плата)  бұл  арнайы  электронды  плата, 

ол  микрофонның,  динамиктің,  енгізілген  синтезатордың  және  басқа  құрылғылардың 

кӛмегімен  дыбыс  жазуға,  оны  шығаруға  және  программалық  жабдықтармен  жасауға 

мүмкіндік береді 

Аудиоадаптер құрамына екі ақпаратты түрлендіруші жатады: 

-   аналогтық-цифрлік, ол  үзіліссіз (яғни, аналогтық) дыбыстық  сигналдарды (сӛз, 

музыка, шу) сандық екілік кодқа түрлендіреді және оны магниттік тасымалдаушыларға 

жазады; 


-    цифрлік-аналогтық,  сандық  түрде  сақталған  дыбысты  аналогтық  сигналға  кері 

түрлендіруді  орындайды,  ол  кейіннен  акустикалық  жүйенің,  дыбыс  синтезаторының 

кӛмегімен шығарылады.  

Кәсіби  дыбыс  платалары  дыбысты  күрделі  ӛңдеуді  орындауға  мүмкіндік  береді, 

стеродыбысты  қамтамасыздандырады,  әртүрлі  музыкалық  аспаптардың  дыбысы  бар 

жүздеген тембрлер сақталған жеке ТСҚ бар. 

Дыбыстық файлдардың кӛлемі, әдетте, ӛте үлкен болады. Мысалға, стеродыбысты үш 

минуттық дыбыстық файл шамамен 30 Мбайт жадыны алады. Сондықтан Sound Blaster 

платалары, ӛздерінің негізгі қызметтерінен басқа, файлдарды автоматты түрде сығуды 

қаматамасыздандырады. 

Дыбыстық  платалардың  қолданылу  аймақтар  –  компьютерлік  ойындар,  оқыту 

программалық  жүйелері,  рекламалық  презентациялар,  компьютерлер  арасында 

«дыбыстық  почта»  (voice  mail),  компьютер  құрылғыларында  болып  жатқан  әртүрлі 

процестерді дыбыстандыру және т.с.с. 

Модем  –  телефон  байланыс  сымдарымен  алыс  қашықтыққа  компьютерлік  деректерді 

беруге арналған құрылғы. 

Компьютермен шығарылатын, цифрлік сигналдарды, телефон желісімен тікелей беруге 

болмайды,  себебі  ол  адам  дауысын  –  дыбыс  жиелігінің  үзіліссіз  сигналдарын  беруге 

арналған. 



Модем  компьютердің  цифрлік  сигналдарын  дыбыс  диапазонының  жиелігіндегі 

айнымалы  ағынға  түрлендіруді  қаматамасыздандырады  –  бұл  процесс  модуляция  деп 

аталады, ал кері түрлендіру, ол демодуляция деп аталады. Осыдан құрылғының атауы: 

модем – модулятор/демодулятор. 

 

Рис. 7. Схема реализации модемной связи 



Байланысты  ұйымдастыру  үшін  бір  модем  басқасын  телефон  номері  бойынша 

шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Содан соң модемдер екеуіне де сәйкес келетін 

байланыс  режимін  келісіп,  бір  біріне  сигналдар  жібереді.  Бұдан  кейін  беруші  модем 

модулденген  деректерді  келісілген  жылдамдықпен  (секундына  бит  санымен)  және 

форматпен  жіберуді  бастайды.  Келесі  ұшындағы  модем  алынған  ақпаратты  цифрлік 

түрге түрлендіреді және ӛзінің компьютеріне береді. Байланыс сеансын аяқтап, модем 

желіден айырылады. 

Модемді басқару арнайы коммутациялық программалық жабдықтың кӛмегімен жүзеге 

асырылады. 

Модемдер  сыртқы,  бӛлек  құрылғы  түрінде  берілгген  және  ішкі,  компьютер  ішіне 

орнатылатын,  электрондық  плата  түрінде  болады.  Барлық  дерлік  модемдер  факстар 

қызметін қолдайды. 

Факс  –  бұл  телефон  желісімен  кескінді  факсималды  беретін  құрылғы.  "Факс"  атауы 

латынның  fac  simile-ұқсас  жаса  сӛздерінен  шыққан,  баспа  құралдарымен  графикалық 

түпнұсқаны (қол, құжат, және т.с.с.) дәл шығаруды білдіреді. 

Факс сияқты деректерді бере және ала алатын модем, факс-модем деп аталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет