Принтерлер (басу құрылғылары) – бұл ЭЕМ-нен деректерді шығару құрылғысы,
ақпараттық ASCII-кодтарды оларға сәйкес графикалық символдарға (әріптер, цифрлар,
таңбалар және т.б.) түрлендіреді және бұл символдарды қағазда шығарады.
Принтерлер ДК сыртқы құрылғыларының ең кӛп дамыған тобы болып табылады, 1000
жуық әртүрлі модификациялары кездеседі. Принтерлер ӛз ара әр түрлі белгілер
бойынша ерекшеленеді:
түсіне қарай (ақ-қара және түрлі түсті);
символ қалыптастыру әдісіне (таңбабасу және таңба синтездеуші);
жұмыс принципіне (матрицалық, термо, сия бүркігіш, лазерлік);
басу әдісіне (соққылы, соққысыз) және жол қалыптастыру (тізбектей, параллель);
каретка еніне (енді (375 - 450 мм) және тығыз (250 мм) кареткалы);
басу жолының ұзындығы (80 және 132 - 136 символ);
символ теру (ASCII символдарының толық жиынына дейін);
басу жылдамдығына;
шешуші мүмкіндігіне, ең кӛп қолданылатын ӛлшеу бірлігі dpi (dots per inch) –
дюймдегі нүктелер саны болып табылады.
Бірқатар топтардың ішінде принтерлердің бірнеше түрлері бйынша бӛліп қарауға
болады; мысалға, ДК кең қолданылатын таңба синтездеуші матрицалық принтерлер
жұмыс принципі бойынша соққылы, термографикалық, электрографикалық,
электростатикалық, магнитографикалық және т.б. болуы мүмкін.
Соққылы принтерлердің ішінде литерлік, шартәрізді, жапырақты (лепестковые)
("ромашка" типті), инелі (матрицалық) және т.б. жие қолданылады.
Принтерлерде басу символдық, жолдық, беттік болу мүмкін. Басу жылдамдығы 10-300
таңба/с-тан 500-1000 таңба/с дейін (соққылы принтерлерде) және бірнеше ондаған (20
дейін) бет минутына (соққысыз лазерлік принтерлер); шешуші мүмкіндігі миллиметрге
– 3-5 нүктеден 30-40 нүктеге дейін (лазерлік принтерлер).
Матрицалық принтерлер.
Матрицалық принтерлерде кескін нүктелерден қалыптастырылады.
Матрицалық принтерлер екі режимде жұмыс жасай алады – текстік және графикалық.
Текстік режимде принтерге басу керекті сиволдар коды беріледі, бұл жерде
символдардың контуры принтердің таңба генераторынан таңдалады.
Графикалық режимде принтерге кескін нүктелерінің тізбегін және орнын анықтайтын
кодтар беріледі.
Инелі (соққылы) матрицалық принтерлерде нүктені басу қағазды бояулы таспа арқылы
соғатыын жіңішке инелердің кӛмегімен жүзеге асырылады. Әр ине жеке
электромагнитпен басқарылады. Басу түйіні кӛлденең бағытта қозғалады және жолдағы
таңбалар тізбектей басылады. Кӛптеген принтерлер тіке бағытта және кері бағытта да
басуды орындайды. Басу бастиегіндегі инелер саны басу сапасын анықтайды. Арзан
принтерлерде 9 ине бар. Мұндай принтерлерде символдар матрицасы 7х9 немесе 9х9
ӛлшемді болады. Жетілдірілген матрицалық принтерлерде 18 және кейде 24 инелер бар.
Сонымен қатар матрицалық принтерлердің басу сапасы басу бастиегінің бірнеше
жүрісінде нүктелерді шығарудың жартылай жабу мүмкіндігімен анықталады.
Текстік басу үшін, ал жалпы жағдайда әр түрлі басу сапасымен мінезделетін келесі
режимдер бар:
- шимай режимде басу (Draft);
- типографиялыққа жақын, басу режимі (NLQ - Near-Letter-Quality);
- типографиялық сапамен басу режимі (LQ - Letter-Quality);
- аса сапалы режим (SLQ - Super Letter-Qublity).
Ескерту. LQ және SLQ режимдері тек сиябүркігіш жәнелазерлік принтерлер қолдайды.
Әр түрлі инелер саны бар принтерлерде бұл режимдер түрліше жүзеге асырылады. 9-
инелі принтерлерде Draft режимінде басу басу бастиегінің жол бойымен бір жүрісінде
орындалады. Бұл басудың ең шапшаң режимі, бірақ ең тӛмен сапаға ие. NLQ режимі
екі жүрісте жүзеге асырылады: бастиектің бірінші жүрісінен кейін кейін, қағаз нүктенің
жарты ӛлшеміне сәйкес қашықтыққа тартылады; содан соң нүктелерді жартылай
жабумен екінші жүріс атқарылады. Бұл жағдайда басу жылдамдығы екі есе кемиді.
Матрицалық принтерлер, әдетте, бірнеше шрифттерді және олардың түрлерін
қолдайды, олардың ішінде кең таралғандары roman (басу машинасының ұсақ шрифті),
italic (курсив), bold-face (қалың), expanded (созылыңқы), elite (жартылай сығылған),
condenced (сығылған), pica (тіке шрифт - цицеро), courier (курьер), san serif (шабылған
шрифт сенсериф), serif (сериф), prestige elite (престиж-элита) және пропорционалды
шрифт (символға бӛлінген ӛріс ені, символ еніне байланысты).
Матрицалық принтерлердің Draft режимінде текстті басу кезіндегі шапшаңдығы 100-
300 таңба/с аралығындабӛледі, бұл шамамен минутына екі бетке сәйкес келеді (бетті
ауыстыруды есептегенде).
Лазерлік принтерлер.
Оларда кескінді қалыптастырудың электрографикалық әдісі қолданылады.Лазер алдын
ала зарядталғавжарық сезімталбарабан бетінде кӛрінбейтін нүктелік электрондық
кескінніңконтурларын сызатын ӛте жіңішке жарық сәулесін жасау үшін қызмет
атқарады. Электрондік кескінді зарядталмаған бӛліктеріне жабысатын бояғыш
ұнтақпен (тонер) айқындағаннан кейін басу орындалады – тонерді барабаннан қағазға
кӛшіру және тонерді балқуына дейін қыздыру арқылы кескінді қағазда бекіту.
Лазерлік принтерлер сапалы басуды 50 нүкте/мм (1200 dpi) дейін шешүші
мүмкіндігімен және басу жылдамдығы 1000 таңба/сдейін қамтамасыз етеді. Түрлі түсті
лазерлік принтерлер кең қолданыладыМысалға, Tektronix (АҚШ) фирмасының Phaser
550 лазерлік принтері кӛлденеңінен де және тігінен де 1200 dpi шешуші мүмкіндігі бар,
түрлі түсті басудың жылдамдығы минутына – А4 форматтағы 5 бет, монохромды
басудың жылдамдығы – 14 бет/мин.
МП-ге принтерлер параллель және тізбектей порт арқылы қосыла алады. Параллель
порттар параллеь жұмыс жасайтын (ақпаратты бірден байт бойынша қабылдайтын)
принтерлерді қосу үшін қолданылады. Мысалға, Centronics типті адаптерлер
бірмезгілде үш принтерге дейін қосуға мүмкіндік береді. Тізбектей порттар (2 шт.)
тізбектей жұмыс жасайтын (ақпартты тізбектей 1 бит бойынша қабылдайтын)
принтерлерді қосу үшін қызмет етеді, мысалға, R3-232C (стык С2) типті адаптерлер.
Тізбектей басу құрылғысы, оның жәй қызметті екендігін білдірмейді. Кӛптеген
принтерлер параллель порттарды қолданады.
Кӛптеген шапшаң қызметті принтерлердің сыйымдылығы бірнеше жүздеген
килобайттық жеке буферлік жадысы бар. Ең танымал принтерлерді жапондық Seiko
Epson фирмасы шығарады. Сонымен қатар Star Micronics, Hewlett Packard, Xerox, Man-
nesmann, Citizen, Panasonic және т.б. фирмаларының принтерлері кең қолданылады.
Сия бүркігіш принтерлер.
Бұл принтерлердің басу бастиегінде инелердің орнына жіңішке түтікшелер – сопла бар,
олар арқылы қағазға сұйық сияның ұсақ тамшылары бүркіледі. Бұл соққысыз басу
құрылғылары. Басу бастиегінің матрицасы әдетте 12 ден 64 дейін сопладан тұрады.
Соңғы кездері оларды жетілдіруде елеулі жетістіктерге қол жетіп отыр: жасалған сия
бүркігіш принтерлер, шешуші мүмкіндігі 20 нүкте/мм және басу жылдамдығы
500 таңба/с дейін, лазерлік басу сапасына жақындайтын, ӛте жақсы басу сапасын
қамтамасыздандырады.
Термопринтерлер.
Матрицалық инелі принтерлерден басқа матрицалық термопринтерлер тобы бар, инелі
басу бастиегінің орнына термоматрицалы бастиекпен жабдықталған және басу кезінде
арнайы термоқағазды немесе термокопирканы қолданады (бұл, әрине, олардың
айтарлықтай кемшілігі болып табылады).
Достарыңызбен бөлісу: |