29,30 -дәріс
ДК негізгі сыртқы қҧрылғылары.
Клавиатура компьютерге ақпаратты енгізу және басқару сигналдарын беру үшін
қолданылады. Ол алфавитті-цифрлық пернелердің стандартты жиынтығын және кейбір
қосымша пернелерді – функционалды және басқару, курсорды басқару пернелерін,
сонымен қатар кіші цифрлық клавиатураны қамтиды.
Курсор – клавиатурадан келесі енгізілетін таңба позициясын кӛрсететін, монитор
экранындағы жарық символ.
Клавиатурадан терілетін барлық символдар, курсор позициясында монитордан бірден
кӛрсетіледі.
Қазір кӛбіне тарағаны 101-пернелік клавиатура, пернелік орналасуы QWERTY деп
аталады.
Мұндай клавиатура 12 функционалдық пернеден тұрады. Функционалдық пернені басу
компьютерге бір символды емес, толық символдар жиынтығын береді.
Функционалдық пернелер қолданушымен программалануы мүмкін. Мысалға, кӛптеген
программаларда кӛмек алу үшін F1 пернесі, ал программадан шығуға F10 пернесі
жүзеге асырылған.
Басқару пернелері келесі қызметтерге ие:
Enter — енгізу пернесі;
Esc (Escape — шығу) қандай да бір іс-әрекеттерді алып тастауға, менюден,
программадан және соған ұқсас нәрселерден шығуға арналған перне;
Ctrl және Alt — бұл пернелердің ӛзіндік мағынасы жоқ, бірақ басқа пернелермен қатар
басқанда олардың іс әрекетін ӛзгертеді;
Shift (регистр) — пернелердің регистрін ӛзгертуді қамтамасыз етеді (жоғарғыны
тӛменгіге және керісінше);
Insert (орнату) — орнату және ауыстыру режимін қосады;
Delete (жою) — курсордың оң жағындағы (соңындағы) символды жояды;
Back Space немесе
— курсордың сол жағындағы (алдындағы) символды жояды;
Home және End — курсордың сәйкесінше жолдың бастапқы және соңғы позициясына
орын ауыстыруын қамтамасыздандырады;
Page Up және Page Down — сәйкесінше текст ішінде бір бет жоғары және тӛмен орын
ауыстыруын қамтамасыздандырады;
Tab — табуляция пернесі, курсордың оңға қарай бірден бірнеше позицияға орын
ауыстыруын қамтамасыздандырады;
Caps Lock – жоғарғы регистрді бекітеді, кіші әріптердің орнына үлкен әріптерді
енгізуді қамтамасыз етеді;
Print Screen — осы сәтте экранда кӛрініп тұрған ақпаратты алмастыру буферіне
кӛшіреді.
Space – бос орындарды енгізуге арналған.
,
,
және
пернелері курсорды жоғары, тӛмен, солға және оңға бір позицияға
немесе жолға орын ауыстыруға қызмет етеді.
Кіші цифрлік клавиатура екі режимде қолданылады – сандарды енгізу және курсорды
басқару. бұл режимдерді айырып қосу Num Lock пернелерімен жүзеге асырылады.
Клавиатураның енгізілген микроконтроллері (жергілікті басқару құрылғысы) бар, ол
келесі қызметтерді атқарады:
- енгізілген сингналдыоқып және перненің екілік скан-кодын қалыптастыра отырып,
тізбектей пернелерді қарастырады;
- клавиатураның жарықтық индикаторын басқарады;
- клавиатураның енгізу-шығару порты арқылы орталық процессормен қарым
қатынасты жүзеге асырады;
- бұзылыстардың ішкі диагностикасын жүргізеді.
Клавиатураның енгізілген буфері – кіші ӛлшемді аралық жадысы бар, онда енгізілген
символдар орнатылады. буфер толып кеткен жағдайда пернені басу дыбыстық
сигналмен ілеседі – бұл символдың енгізілмегендігін білдіреді.
Клавиатураның жұмысын BIOS-қа «тігілген» арнайы программалар, сонымен қатар
Достарыңызбен бөлісу: |