Цель курса



Pdf көрінісі
бет23/44
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#12402
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
компьютер жуйелеринин саулети каз

клавиатураның драйвері қамтамасыз етеді, ол орыс әріптерін енгізуге, клавиатураның 

жұмыс жылдамдығын басқаруға мүмкіндік туғызады және т. б. 



Компьютердің видеожҥйесі ҥш компоненттен тҧрады:  

-  монитор (дисплей);  

-  видеоадаптер;  

-  программалық жабдығы (видеожүйенің драйвері).  



Видеоадаптер  кадрлық  және  жолдық  ашудың  синхросигналдарын  және  сәулелердің 

жарығын  басқару  сингналдарын  мониторға  жібереді.  Монитор  бұл  сигналдарды 

кӛрнекі бейнелерге түрлендіреді. Ал программалық жабдықтар видеокӛріністі ӛңдейді 

–  сигналдарды  кодтауды  және  декодтауды,  координаталық  түрлендіруді,  кескіндерді 

сығуды және т.б. орындайды. 

Кӛптеген  мониторлар  электронды-сәулелік  түтікше  (ЭСТ)  негізінде  құрастырылған 

және  олардың  жұмыс  істеу  принципі  телевизордың  жұмысымен  бірдей.  Мониторлар 

алфавитті-цифрлік және граикалық, монохромды және түрлі түсті кескінді болады. 

Дисплейдің негізгі элементі – электронды-сәулелік түтікше.  

Оның  алдыңғы  бӛлігінің  іші  люминоформен  –  оған  шапшаң  электрондар  тигенде 

жарық шығару мүмкіндігіне ие арнайы затпен сыланған. 

 

Люминофор  қызыл,  жасыл  және  көк  –  үш  негізгі  түстің  нүктелерінің  жиынтығы 



түрінде жағылады. Бұл түстерді негізгі деп аталуының себебі олардың сәйкестенуімен 

(әр түрлі пропорцияда) спектрдің кез келген түсін шығаруға болады. 

Люминофор  нүктелерінің  жиынтығы  ұшбұрыштық  триадалар  бойынша  орналасады. 

Триада  пиксел  –  нүкте  құрады,  олардан  кескін  қалыптасады.  (ағыл.  pixel  —  picture 



element, кескін элементі).  

Пикселдер  орталарының  арасындағы  қашықтық  монитордың  нүктелік  қадамы  деп 

аталады.  Бұл  қашықтық  кескін  сапасына  айтарлықтай  әсер  етеді.  Қадам  аз  болған 

сайын,  сапа  соғұрлым  жоғары.  Әдетте  түрлі  түсті  мониторларда  қадам  0,24  мм 

құрайды.  Мұндай  қадамда  адам  кӛзі  триада  нүктелерін  «күрделі»  түстің  бір  нүктесі 

ретінде қабылдайды. 




Түтікшенің  қарама  қарсы  бетінде  үш  электрондық  пушкалар  (негізгі  түстің  санына 

байланысты)    орналасқан.  Үш  пушканың  барлығы  бір  пикселге  «кӛзделген»,  бірақ 

олардың  әрқайсысы  люминофордағы  «ӛзінің»  нүктесінің  бағытында  электрондар 

шоғын жібереді. 

Электрондар  экранға  кедергісіз  жету  үшін,  түтікшеден  ауа  сорылып  алынады,  ал 

пушкамен экран арасында электрондарды үдететін жоғары электр кернеуі жасалады. 

Экранның алдынғы бӛлігінде электрондар жолында маска – кӛптеген тесіктері бар жұқа 

металл  пластина  қойылады.  Маска  электрондық  сәулелердің  тек  сәйкес  түсті 

люминофор нүктелеріне тиуін қамтамасыздандырады.  

Пушкалардың  электрондық  ағынының  ӛлшемін,  яғни  пикселдердің  жануының 

жарықтығын, видеоадаптерден келетін сигнал басқарады. 

Рис. 


6. 

Электрон 

шоқтарының 

экранмен жүруі 

Колбаның 

электрондық 

пушкалар 

орналасқан 

бӛлігіне, 

монитордың 



ауытқыту  жүйесі  орнатылады,  ол 

электрон  шоқтарын  кезегімен  барлық 

пикселдерін 

жол 


жолымен 

жоғарғысынан 

тӛменгісіне 

дейін, 


сосын жоғарғы жолдың басына қайтып 

ӛтуін және т.с.с. жүргізеді. 

Секундына  кӛрсетілген  жолдардың  саны  ашудың  жолдық  жиелігі  деп  аталады.  Ал 

кескіннің кадрлары ӛзгеретін жиелік ашудың кадрлық жиелігі деп аталады. Соңғысы 60 

Гц тӛмен болмау керек, әйтпесе кескін жыпылықтайтын болады. 

Дәстүрлі  ЭСТ-мониторлармен  қатар  жазық  сұықкристалды  мониторлар  жие 

қолданылып жүр. 

Сұйық  кристалдар  –  бұл  кейбір  органикалық  заттардың  ерекше  күйі,  онда  олар 

ағымдылық және кеңістіктік құрылымдар құру қасиетіне ие. Сұйық кристалдар электр 

кернеуінің  әсерінен  өз  құрылымын  және  жарық  оптикалық  қасиеттерін  ӛзгерте 

алады.  Электр  ӛрісінің  кӛмегімен  кристалдар  тобының  бағыттылығын  ӛзгертіп  және 

сұйық кристалдық ерітіндіге енгізілген, электр ӛрісінің әсерінен жарық шығара алатын 

заттарды  қолдана  отырып,  15  миллионнан  астам  түсті  рең  беретін  жоғары  сапалы 

кескіндер алуға болады.  

Кӛптеген  сұйық  кристалдық  мониторлар  екі  әйнек  пластиналардың  арасына 

орнатылған  сұйық  кристалдардың  жұқа  қабатын  қолданады.  Зарядтар  пассивті 

матрица деп аталатын – кӛлденең және тік, кӛрінбейтін жіптер торы арқылы беріледі, 

жіптер қиылысқан жерінде кескін нүктесін жасайды. 



Активті  матрицалар  жіптердің  орнына  транзисторлардан  тұратын  мӛлдір  экран 

қолданады  және  бұрмалаусыз,  жарық  кескінді  қамтамасыздандырады.  Бұл  жағдайда 

панель  308160  (642х480)  тәуелсіз  ұяшықтарға  бӛлінген,  олардың  әрқайсысы  тӛрт 

бӛліктен  тұрады  (үш  негізгі  түс  үшін  және  біреуі  қорға).  Осылай  экранның  шамамен 

1,25 млн нүктесі бар, олардың әр қайсысы жеке транзисторымен басқарылады. 

Ықшамдығы  жағынан  мұндай  мониторлардың  теңдесі  жоқ.  Олар  ЭСТ-мониторларға 

қарағанда 2-3 есе электр энергиясын айтарлықтай аз тұтынады және адам ағзасына әсер 

ететін электромагниттік толқындар шығармайды.  

Монитордың  түрі  –  сенсорлық  экран.  Мұнда  компьютермен  қарым  қатынас  құру 

сезімтал  экранның  белгілі  бір  жеріне  саусақты  тигізу  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Мұнымен монитор экранында кӛрсетілген менюдің қажетті режимі таңдалады. 

Сенсорлық  экранмен  операторлар  және  диспетчерлердің  жұмыс  орны  жабдықталады, 

оларды ақпараттық-анықтамалық жүйелерде және т.б. қолданады. 



Видеоадаптер  –  бұл  электрондық  плата,  ол  видеодеректерді  (текст  және  графика) 

ӛңдейді,  дисплей  жұмысын  басқарады.  Видеожады,  енгізу  шығару  регистрлерінен, 

BIOS модулінен тұрады. Дисплейге сәуле жарығын басқару сигналдарын және кескінді 

ашу сигналдарын жібереді. 

Қазіргі  күні  ең  кӛп  тараған  видеоадаптер  –  SVGA  (Super  Video  Graphics  Array-

супервидеографикалық  массив)  адаптері,  ол  дисплей  экранында  256  түсте  1280х1024 

пиксел 16-32 миллион түсте 1024х768 пиксел кӛрсете алады. 

Күрделі  графиканы  және  видеоны  қолданатын,  қосымшалардың  саны  кӛбеюімен, 

дәстүрлі видеоадаптерлермен қатар видеосигналдарды компьютерлік ӛңдейтін әр түрлі 

құрылғылар кең қолданылады: 

Графикалық  акселераторлар  (үдеткіштер)  –  видеожүйенің  тиімділігін  арттыратын 

арнайыланған  графикалық  сопроцессорлар.  Оларды  қолдану  орталық  процессорды 

видеодеректермен  болатын  үлкен  кӛлемді  амалдардан  босатады,  себебі  қандай 

пикселдерді  кӛрсету  қажеттігін  және  олардың  түсі  қандай  болу  керектігін 

акселераторлар ӛздігінен есептейді. 

Фрейм-грабберлер, олар лазерлік ойнатқыш, камералардан, видеомагнитофоннан және 

т.с.с видеосигналдарды компьютер экранында кӛрсетуге, қажетті кадрды жадыға ұстап, 

соңыра оны файл түрінде сақтауға мүмкіндік береді. 

TV-тюнерлер (қабылдағыш) – компьютерді телевизорға айналдыратын видеоплата. TV-

тюнер  кез  келген  қажетті  теле  программаны  таңдауға  және  оны  экранда 

масштабталатын  терезеде  кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Осылай  жұмысты  тоқтатпай, 

хабар барысын бақылауға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет