Цель курса



Pdf көрінісі
бет27/44
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#12402
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
компьютер жуйелеринин саулети каз

Сканерлер. 

Сканер  –  бұл  ЭЕМ-ге  ақпаратты  тікелей  қағаздық  құжаттан  енгізу  құрылғысы. 

Тексттерді, схемаларды, суреттерді, графикаларды, фотоларды және басқа графикалық 

ақпаратты енгізуге болады. 

Сканерлер  алуан  түрлі  және  оларды  бірқатар  белгілері  бойынша  түрлерге  бӛлуге 

болады. Сканерлер ақ-қара және түрлі түсті болады. 

Ақ-қара  сканерлер  штрихталған  және  жартылай  тонды  кескіндерді  оқи  алады. 

Штрихталған кескіндер жартылай тондарды немесе басқаша айтқанда, сұр деңгейлерін 

бермейді.  Жартылай  тондылар  16,  64  немесе  256  сұр  деңгейлерін  тануға  және  беруге 

мүмкіндік береді. 

Түрлі  түсті  сканерлерде  RGB  түстік  модель  қолданылады:  сканерленетін  кескін 

айналатын  RGB-жарықфильтр  арқылы  немесе  тізбектей  жанатын  үш  түрлі  түсті 

лампадан  жарықтандырылады;  әр  негізгі  түске  сәйкес  келетін  сигнал  бӛлек  ӛңделеді. 

Берілетін түстердің саны 256-дан 65536 аралығында (High Color стандарты) және 16,7 

млн. дейін (True Color стандарты) болады. 

Сканерлердің шешуші мүмкіндігі 75-тен 1600 dpi дейін. Құрылысы жағынан сканерлер 

стол үстіне қоятын және қолмен жүргізілетін болады. Олардың кӛмегімен бір жүрісте 

кескін жолдарының шағын кӛлемі енгізіледі (олардың қамтуы әдетте 105 мм аспайды). 

Қол  сканерлерінде  сканерлеудің  шекті  жылдамдықтан  асқандығын  операторға 

ескертетін  индикатор  болады.  Бұл  сканерлер  шағын  габаритті  және  арзан  тұрады. 

Сканерлеу жылдамдығы 5-50 мм/с (шешуші мүмкіндігіне байланысты). 

Машина  жадында  сканермен  жасалатын  файл  биттік  карта  деп  аталады.  Компьютер 

файлдарында графикалық ақпаратты ұсынудың екі форматы: растрлық және векторлық 

форматтар бар.  

Растрлық форматта графикалық ақпарат дисплей экранында осы кескіннің кӛрсетілетін 

пикселдеріне  сәйкес  келетін,  нүктелер  жиынының  (нолдер  мен  бірлер)  мозайкалық 

жиынтығы  түрінде  файлда  сақталады.  Бұндай  файлдарды  стандартты  тексттік  және 

графикалық  редакторлардың  кӛмегімен  ӛңдеу  мүмкін  емес,  себебі  бұл  редакторлар 

ақпараттың  мозайкалық  ұсынылуымен  жұмыс  жасамайды.  Тексттік  форматта  ақпарат 

шрифттердің  мінездемесімен,  символдар  кодымен,  абзацтармен  және  т.с.с. 

идентификацияланады.  Стандартты  тексттік  редакторлер  ақпараттың  осындай 

ұсынылуымен жұмыс жасауға арналған. 

Сонымен қатар биттік картаны сақтау үшін үлкен жады керек екендігін есте сақтаған 

жӛн. Шешуші мүмкіндігі 10 нүкте/мм және жартылай тондарды бермегенде (штрихтік 

кескін) А4 форматты 1 бет құжаттың биттік картасы шамамен 1 Мбайт жадыны алады, 

осындай 16 сұр реңін шығарғанда – 4 Мбайт, түрлі түсті сапалы кескінді (High Color-

65536 түс стандарты) шығарғанда – 16 Мбайт. Басқаша айтқанда шешуші мүмкіндігі 50 

нүкте/мм  және  True  Color  стандартын  қолданғанда  бір  биттік  картаны  сақтау  үшін 

ҚМДЖ  кӛлемі  жетпеуі  мүмкін.  Биттік  картаны  сақтауға  қажетті,  жады  кӛлемін 

қысқарту  ақпаратты  сығудың  әр  түрлі  әдістерімен  жүзеге  асырылады,  мысалға  TIFF 

(Tag  Image  File  Format),  CTIFF  (Compressed  TIFF),  JPEG,  PCX,  GIF  (Graphics 

Interchange Format – графикалық алмасу форматы) және т.б. 

Сканерлерді  бейнелерді  тану жүйелерінің программаларымен бірге қолдануға  аса мән 

беріледі,  мысалға  OCR  (Optical  Character  Recognition)  типті.  OCR  жүйесі  сканермен 

документтен  оқылған  символдардың  (әріп  және  цифрлар)  биттік  (мозайкалық) 



контурларын  таниды  және  оларды  тексттік  редакторларға  ыңғайлы  векторлық 

форматқа айналдырып, ASCII-кодтармен кодтайды. 

Кейбір OCR жүйелерін алдын ала тануға үйрету керек  – сканер жадына шаблондарды 

және  танылатын  символдардың  түпнұсқасын  және  оларға  сәйкес  кодтарын  енгізу 

қажет.  Әртүрлі  алфавиттерде  жазылуы  сәйкес  әріптерді  тану  кезінде  қиындықтар 

туындайды.  Бірақ  кӛптеген  жүйелер  үйретуді  талап  етпейді:  олардың  жадына 

танылатын символдар алдын ала орнатылған. OCR-ң ең күштілерінің бірі – TIGER 2.0 

программалық  пакеті  30  әртүрлі  гарнитурдың  (жазылу  әдісі)  түпнұсқалары  бар,  ал 

ағылшын  және  орыс  әріптерін  тану  үшін  ішкі  (енгізілген)  электрондық  сӛздіктерді 

қолданады. 

Соңғы жылдары Omnifont типті интеллектуалды бейнелерді тану программалары пайда 

болды, олар символдарды нүктелер бойынша емес, олардың әр қайсысына сәйкес жеке 

топологиясы  бойынша  таниды.  Бейнелерді  тану  жүйесі  бар  кезде  текст  ДК  жадына 

биттік  карта  түрінде  емес,  кодтар  түрінде  жазылады  және  оны  әдеттегі  тексттік 

редакторлармен ӛңдеуге болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет