мәліметтерді
шығару құрылғылары;
мәліметтерді сақтау құрылғылары;
пайдаланушының сұхбаттасу құрылғылары;
байланыс және телекоммуникация құралдары.
Енгізу-шығару қҧрылғылары. Бұл құрылғылардың кӛмегімен компьютерге
ӛнделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ, машинадан оның жұмысының аралық және
ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.
Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың
сыртқы қҧрылғыларына стриммерлер, ZIP-тасуыштар және HiFD-тасуыштары
жатады.
Стриммерлер - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар.
Стриммерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) кӛлемі жүздеген
мегабайтқа жетеді.
ZIP-тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға
негізделген Iomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы ӛлшемдері стандарттық
иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын
дискілермен жұмыс жасайды. ZIP-тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5
дюймдік иілгіш дискілерімен үйлесімсіздігінде.
Sony компаниясы жасап шығарған HiFD құрылғысы кәдімгі стандарттық
иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын
арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.
Достарыңызбен бөлісу: