1 Аналитикалық шолу 1.1 Аэрозольдердің түсініктемесі «Аэрозольдер» терминін түнғыш рет ағылшын химигі Ф. Дж. Доннан бірінші дүиие жүзілік соғыстың соңында неміс әскерлерінің уландырғыш зат ретінде қолданған мышьяк тәрізді құрылымдар бөлшектерінен құралған бұлттарды белгілеу үшін қолданған.
Қазіргі заманғы ұғыммен алғанда аэрозольдер газды дисперсті орта мен қатты немесе сұйық дисперсті фазалы дисперстік жүйелері құрайды.
Агрегаттық күйіне және дисперсті фаза бөлшектерінің көлеміне қарай аэрозольдерді тұмандарға - сұйық дисперсті фаза жүйелері (бөлшек көлемі 0,1-10 мкм), шаңдарға - көлемдері 10 мкм-нен жоғары қатты бөлшек жүйелері және қатты бөлшек көлемдері шамамен 0,001-10 мкм аралығында болатын түтіндерге бөлінеді. Тұмандар біріңғай сфералық қалыпты бөлшектерден кұралса ( сұйық бетінің өздігінен азаю нәтижесі), шаңдар мен түтіндер көптеген қалыптағы қатты бөлшектерден тұрады. Типтік аэрозольдерге бөлшек көлемі орта есеппен 0,5 мкм құрайтын су буының тамшыларынан тұратын тұманды, жанған түтін - 0,1-100 мкм, жаңбыр бұлттары - 10-10 мкм және басқаларды жатқызуға болады.
Көбінесе тегі әртүрлі болып келетін бөлшектерден құралған аралас аэрозольдер пайда болады. Мұндай мысалдарға кейбір бұлттар немесе тұмандардың түрлерін жатқызамыз. Қатты денелер жарылыс салдарынан сынғанда немесе вулкандар атқылағанда, әдетте заттар диспергирациаланады және оның булануы өз кезегінде булардың конденсияланып және аэрозольдердің пайда болуына әкеліп соғады.
Аэрозольдердің атмосфераға шығу көздеріне антропогендік әсерден және табиғи әсерден пайда болатын аэрозольдерді атап айтуға болады. Шығу тегі табиғи аэрозольдерге вулкандар атқылауынан пайда болатын аэрозольдерді, бұлттар, тұман, дала және орман өрттері, топырақ әрозиясы әсерінен пайда болатын аэрозольдер, шаңды дауылдар, ғарыштық шаңдар, биогенді аэрозольдерді (споралар, микроорганизмдер, пыльца және басқалар) жатқызамыз. Антропогендік әсерден пайда болатын аэрозольдерге әдетте әртүрлі жанар-жағар майлардың жануы нәтижесінде пайда болатын, түрлі транспорт түрлерінен шыққан газдар, өнеркәсіп орындарының тасталулары, инсектицидтер мен пестицидтер шашыратуынан, яғни адамзаттың шаруашылық қызметтерінің нәтижесіне байланысты пайда болатын аэрозольдерді жатқызамыз [2,3].
Дегенмен аэрозольдер атмосфераның өзінде де пайда болуы мүмкін. Аэрозольдер фотохимиялық реакция нәтижесінде де пайда болады, бұл жағдайда конденсация ядросы қызметін атқара алатын сұйық және қатты бөлщектер қалыптасады.
Бөлшектердің көлеміне қарай аэрозольдерді 3 топқа бөлуге болады ( г -көмек радиусы), тұрақсыз, өте үлкең бөлшектер ( г > 10 мкм ), салыстырмалы түрде бірқалыпты тұрақты үлкең бөлшектер (г 1-ден 10 мкм дейін ) және
Броунның қозғалыс заңына бағынатын тұрақты ( г < 1 мкм ), бұл бөлшектер Aйткең ядросы деп аталады.
Аэрозольдердің маңызды қасиеті - бөлшектердің ауада қалықтап тұра алу қабілеті, біртұтас дене сияты орын ауыстыра білуі және бір-бірімен соқтығысқан жағдайда араласып кетеді.
Тыныш ортада аәрозоль бөлшектері гравитация аймағында өздерінің жылулық қозғалысының арқасында қалықтап тұру қасиетін сақтай алады.
Алайда атмосферада аэрозольдерге радиациялық температура қызуынан, ауырлық күші әсерінен бөлек басқа да күштер әсер етеді. Бәрінен бұрын бұл желі деп аталатын ауаның тік және көлденең қозғалыстары. Ауаның горизонтальдың қозғалыстары атмосфераның циркуляциясына барикалық түзілістердің ауысуына байланысты ( циклондар мен антициклондар ),және жер бетінің қызбау салдарынан болады. Ауаның вертикалдық қозғалыстары атмосферадағы турбуленттікке байланысты.
Ауырлық күшінің әсерінен аэрозольдерді аәрозольді Бұлттарда тығыздығы аздау фазасының жоғары бағытқа ауысуы ( ұшу ), ал тығыздығы көбірегі төмен (тұну немесе седиментация ) түсу процесі жүреді. Тұман тамшылары немесе аәрозоль бөлшектері ауырлық күші әсерінен төмен түсуі байқалады. Бұлттар жагдайында бұл жаңбыр немесе қар ретінде көрінеді.
Атмосферада аэрозольдердің электр өткізгіштік қасиет ерекшеліктері өте үлкең маңызы бар. Газды ортада электроликалық диссоциация болмайтынына қарамастан, аэрозольдердегі бөлшектер электр заряды болады. Олар оны бір-бірімен, кеңістікпен немесе қандайда бір зарядталған затпен соқтығысқанда, сондай-ақ бір газдар иондалғанда пайда болатын, газдан иондардың сіңірілуінде. Мысалы, ғарыштық ултра күлгін, радиоактивті сәулелер сияқты пайда болады. Арозольдерде электірлік тепе- теңдік өте жай қалыптасатын болғандықтан, бөлшектер арасында зарядтардың бөлінуі тіпті кездейсоқтықтан болады.
Бір текті және бір көлемдегі бөлшектер тіпті белгісі бойынша да ерекшеленетін әртүрлі заряды болуы мүмкін. Бейтарап бөлшек соқтығысқан жағдайда заряд алуы мүмкін, ал сол зарядталған бөлшекте ол үлкеюі, кішіреюі немесе бейтараптануы ықтимал. Осы себебті, бөлшек заряды үнемі өзгеріп отырады.
Бұлттарда су тамшылары дисперстілігінің өзгеруі үнемі байқалады, осының салдарынан көлемі және электр заряды бойынша сәйкес бөлшектердің төмен тұнуы қалыптасады. Нәтижесінде бұлттың төменгі жағы теріс зарядпен, ал жоғарғы жағы оң зарядталған күйде қалады.
Аэрозольдердің (атап айтқанда түтіндер) көзге көріну, тұнықтық, жарықты жұтыну, шашыратуы және әлсіретуі сияқты оптикалык сипаттамаларын зерттеу үшін аэрозольдерді үш негізгі топқа бөлуге болады:.- нашар жұтушы, ( бірінші), және ұсақ дисперстр (екінші), сондай ақ күшті жұтушы (үшінші). Мысал үшін бірінші топқа пиролиздің барлық түтінін дерлік, екінші топқа негізінен ағаш отыны, торфтың т.б. жануынан пайда болатын түтін, ал үшінші мұндай, резиналар жануынан пайда болған түтіндерді жатқызуға болады.