Центрифугалау әдістері



Дата03.10.2022
өлшемі1,6 Mb.
#41162
Байланысты:
ПАХТ-3,Айз,Рузи

Центрифугалау дизайны Идеал және Реал сұйықтықтар

Орындаған:Шаматаева Айзада

Сейл Феруза

Жоспар

  • Центрифугалау дизайны
  • Центрифугалау бөлімдері
  • Центрифугалау әдістері
  • Идеал сұйықтықтар
  • Реал сұйықтықтар
  • Пайданылған әдебиеттер

Суспензиядағы бөлшектерді немесе сұйықтағы макромолекулаларды салмағы және пішіні бойынша бір-бірінен оңай бөлу үшін центрифугаларды пайдаланады.
Ішіндегі компоненттерін бір-бірінен бөлу үшін қоспаны центрифуганың арнайы ыдысшасына құяды, содан кейін оны центрифуганың роторының арнайы ұяларына ендіріп орналастырады.
Ротор дегеніміз – денесі қалың металдан жасалған, ішінде симметриялы түрде пробирка ендірілетін ұялары бар периметрі дөңгелек бөлшек.
Центрифугалаудың нәтижесінде пробиркадағы суспензия негізінен екі фракцияға бөлінеді.
экстракт
супернатант

Центрифугалау әдісінің принципі – центрифуга арқылы айналдыру кезінде орталықтан тебілетін күштің әсерінен сұйық қоспадағы түйіршіктер тұнбаға түседі немесе салмақтары әр түрлі макромолекулалар бір-бірінен бөлінеді


Центрифугалардың роторларының айналу жылдамдығы және оған сәйкес олардың заттарды бір-бірінен бөлу қабілеті байланысты олар баяу жылдамдықты, жоғары жылдамдықты және ультрацентрифугалар болып бөлінеді
Жылдамдығы жоғары центрифуганың роторлары
1- ұяшықтары тұрақты бұрышта жасалған, 2- ұяшықтары ілінген,
3- ұяшықтары вертикал орналасқан.
Центрифугалау әдістері.
Препаративті центрифугалау
Дифференциалды центрифугалау
Молекулалық салмақты седиментация жылдамдығы арқылы анықтау
Аналитикалық центрифугалау
Тығыздық градиентінде тепе-теңдікпен центрифугалау
1. Препаративті центрифугалау. Бұл әдіс биологиялық материалдарды ары қарай биохимиялық жолмен зерттеулерге жиі қолданылады.
Препаративті центрифугаларды негізгі үш топқа біріктіруге болады: жалпы мақсаттардағы, жылдамдығы жоғары және препаративтті ультрацентрифугалар.
2. Дифференциалды центрифугалау. Бұл әдіс үлкендігі және тығыздығына байланысты бір-бірінен өзгеше болатын бөлшектердің седиментация кезіндегі тұнбаға түсу жылдамдықтарына негізделген. Бөлуге арналған материалды, мысалы ұлпаның гомогенатын, центрден тебілу үдеуі сатылы кезекпен күшейтіліп отыратын жылдамдықта центрифугалайды.
3. Тығыздық градиентінде тепе-теңдікпен центрифугалау. Бұл жағдайда тығыздық градиентін құру үшін цезий және рубидий секілді металдардың тұздарын, сахарозаның ерітінділерін қолданады. Зерттелетін препаратты, концентрленген хлорлы цезий ерітіндісімен араластырады. Ерітіндідегі қосылыс (бұл жерде ДНҚ) және еріткіштің қоспасы центрифуга пробиркасының барлық көлемінде біркелкі болып құйылады. Центрифугалау барысында концентрацияның тепе-тең болып таралуы іске асады.
4. Аналитикалық центрифугалау. Биологияда аналитикалы центрифугалауды макромолекулалардың молекулалық салмақтарын анықтау, үлгілердің тазалығын тексеру, сонымен қатар макромолекулалардың конформациялық өзгерістерін зерттеу үшін қолданылады.
5. Молекулалық салмақты седиментация жылдамдығы арқылы анықтау. Бұл кең тараған әдіс. Алғаш барлық кеңістікке біркелкі таралған бөлшектер үлкен жылдамдықпен центрифугалау жүргізгенде айналудың центрінен радиус бойынша рет-ретімен қозғала бастайды. Бөлшектерден босанып үлгерген еріткіштің аймағы және оның әлі де бөлшектер бар бөлімінің арасында оларды анық бөліп тұратын шекара пайда болады. Сол шекара центрифугалау кезінде жылжып, бөлшектердің седиментциясының жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді, фотопарақта тіркеліп отырады.
Идеал сұйықтық – тұтқырлығы мен жылу өткізгіштігі болмайды деп есептелетін сұйықтық.
Идеал сұйықтықта ішкі үйкеліс болмағандықтан оның көршілес екі қабатының арасында жанама кернеу болмайды. Идеал сұйықтық – үзіліссіз дене және оның өзіне тән құрылымы да жоқ.
Идеал сұйықтықтың тығыздығы тұрақты, сығылмайды және тұтқырлығы нөлге тең. Бұл ирротикалық, яғни ішінде құйындар пайда болмайды. Және, ақырында, ол стационарлық, яғни белгілі бір нүктеден өтетін барлық сұйық бөлшектердің жылдамдығы бірдей болады.
Реалды сұйықтық-тұтқырлығы бар сұйықтық. Яғни, ішкі қарсылық. Бернулли формуласы реалды сұйықтық үшін Кориолис коэффициенті-кинетикалық энергияны нақты сұйықтыққа түзету. Себебі реалды сұйықтық біркелкі қозғалмайды.
Нақты сұйықтық - табиғи сұйықтықтың моделі,барлық физикалық заттардың изотроптылығымен сипатталады.қасиеттері бар, бірақ идеалды модельден айырмашылығықозғалыс кезінде ішкі үйкеліс

Пайданылған әдебиеттер

  • http://elib.kstu.kz
  • https://www.yaneuch.ru

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет