127
Шовинизм - жеке бір ұлттың артықшылығын насихат-ұлттық қақтығыстарға
бағытталған саясат. Ол империалистік буржуазия қаруы, фашизм саясаты
тұсында ерекше көрінді. Ұлтшылдықтың ең биік шыңы.
Шығармашылық - адамның белсенділігі мен өз бетінше орындайтын
жұмысының ең жоғары түрі. Шығармашылық оның әлеуметтік маңызы
мен бірегейлігіне қарап бағаланады. Шығармашылықтың объективтік және
субъективтік жақтары болады. Объективтік тұрғыдан шығармашылық
өзінің түпкі нәтижесімен – ғылыми жаңалығымен, өнертапқышымен,
оңтайландыруымен, көркем туынды тудыруымен анықталады. Бұл орайда
шығармашылық ауқымы әртүрлі болғанымен, оның әлеуметтік құндылығы
мен шешімінің соны болуы міндетті талап. Субъективтік тұрғыдан алғанда
шығармашылықтың түпкі нәтижесінде әлеуметтік құндылық пен жаңалық
болмаса да, оның маңызы шығармашылық үдерісінің өзімен анықталады.
Шынайы – нағыз, шын, рас, шынайы, түпнұсқалық, ақиқатқа сай, түпнұсқаға
барабар.
Достарыңызбен бөлісу: