Чекетаева роза



Pdf көрінісі
бет6/62
Дата06.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#11715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
чекетаева пособие 1 изд2

 
 
 
 
 


 

1 ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ТУРАЛЫ  
 
Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің өмірі мен қызметін, кәсіби мұрасын 
зерттеу,  талдау,  оған  тарихи  тұрғыдан баға  беру  үлкен ізденімпаздықты  талап 
етеді.  Себебі,  Қ. Нұрғалиевтің  өмір  белестері  мен  кәсіби  шығармашылық 
мұрасы  арнайы  зерттеу  объектісі  ретінде  қарастырылмай  келеді.  Оның  өмірі, 
ұстаздық-басшылық,  қоғамдық  қызметі  көптеген  мақалалар  мен  жанұялық 
мұрағат  деректері  негізінде  ғана  қарастырылған.  Жалпы,  Қ. Нұрғалиев  жайлы 
жазылған барлық деректер мен еңбектер, құжаттар салыстырмалы сараптаманы 
талап ете отырып, зерттеушіден тың ой-пікір түюін қажет еткізеді. 
Академик  М.Қ. Қозыбаевтың  айтқанындай,  «Біз  қазақ  зиялыларының 
жалпы тарихын жазар белеске келіп қалдық» [2, 11 б] дегендей, осы тұста қазақ  
зиялыларының 
арасында 
Қ. Нұрғалиевтің 
көзқарастары 
мен 
кәсіби 
шығармашылық мұрасының орны бір төбе.
 
Қ. Нұрғалиевтің оқу-ағарту, ұлттық 
мәдениетке  қосқан  еңбектерін  зерттеп  келер  ұрпаққа  қалдырсақ,  бұл  олардың 
өзіндік  ұлттық  қасиеттерін  сақтап  қалуына  әсерін  тигізетіні  сөзсіз.  Оның 
бақыты ұстаздығында. Бір адам жаққан отқа мың адам жылыну ол да ұлылық. 
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев халыққа арнаған стратегиялық  жолдауында 
Қазақстандық  патриотизм  идеясын  ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясының 
құрамдас  бөлігі  ретінде  атап  көрсетті.  Еліне  паналы  қорған  болғандардың 
өнегелі өмірлерін еске алу, оларды болашақ ұрпаққа жарқырата үлгі ету біздің 
парызымыз.  Сондықтан  КСРО  Халық  мұғалімі  Қ. Нұрғалиевтің  есімі  мәңгі 
жадымызда 
Мәселенің  кейбір  қырлары  әртүрлі  әдебиеттерде,  баспасөз  беттерінде 
кездескенімен, мақсатты түрде зерттеу объектісі ретінде осы күнге дейін қолға 
алынбай  келеді.  Жалпы  бұл  тақырыпты  ауыл  мектебі  тарихынан  бөле-жара 
қарауға  болмайды.  Тұтастай  алғанда  ауыл  мектебінің  тарихы,  даму  үрдістері, 
тапқаны  мен  жоғалтқаны,  мектеп  білімін  дамытуға  қосқандар  жайлы  ғылыми 
әдебиетте, оның ішінде тарих ғылымында арнайы зерттелмей көлеңкеде көбірек 
қалған  тақырыптардың  бірі.  Қазақстандағы  Кеңестік  кезендегі  мектептер 
тарихы  Ә.І. Сембаевтың  монографиясында  [6],  қазақ  мектептерінің  даму 
тарихы  мен  тағылымы  Л. Джумалиеваның  кандидаттық  диссертациясында 
қарастырылған  [7].  Білім  берудегі  ауыл-село  мектептерінің  қызметі,  мәдени 
ықпалы  тарихшы  ғалымдар  Ә. Құдайбергеновтың  [8],  Х. Әбжановтың  [9],                        
О. Керімбековтың [10] еңбектерінде дәйектелген.  
Қазақстанның  мектеп  тарихында  Қ. Нұрғалиев  басқарған  Боран  орта 
мектебінің  өзіндік  үлесі  бар.  Қ. Нұрғалиев  жөнінде  бірен-саран  еңбектер 
кездесті, көбінесе зерттеулерде бұл мәселенің кейбір аспектілері ғана қаралып, 
заман  талабына  сай  бір  идеология  бұғауынан  шыға  алмады.  Арнаулы,  тарихи 
тұрғыдан зерттелінбеді. Ал оның қызметі мен кәсіби мұрасы күні бүгінгі дейін 
зерттеушілер назарынан тыс қалып келеді. Осы себептен, аталған тақырыптың 
мазмұнын  ашу  үшін  жекелеген  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы  көтеріліп 
отырған мәселенің мәнісін анықтауға болады.  
Баспасөз  беттерінде  Құмаш  Нұрғалиевке  қатысты  алғашқы  деректер  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  жарық  көре  бастап,  бүгінгі  күнде  де 


 

жазылуда.  Оған  қатысты  кезеңдік  басылымдарда  екі  жүзге  жуық  мақала 
жарияланды.  
Мысалы, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1948 жылдың 25-шілдесіндегі 
басылымында Ж. Жұмақановтың «Өлімнен махаббат күшті» [11] мақаласында                                   
Қ. Нұрғалиевтің  рухани  ерлігін  алғаш  рет  халыққа  танытқан,  майдан 
жолындағы  және  бейбіт  өмірдегі  ерліктері,  отбасы  жайлы  жазылған.  Осыдан 
кейін  Отан  соғысына  қатысқан,  І-топтағы  мүгедек,  жаңашыл  ұстаз  жайында 
облыстық,  республикалық,  орталық  баспасөз  беттерінде  әр  сипаттағы 
мақалалар,  суреттемелер,  очерктер  жарық  көре  бастайды.  «Красная  звезда» 
газетінде К.  Хромованың  [12],  «Наука  и  религия»  журналында  А.  Розановтың 
[13],  «Казахстанская  правда»  газетінде  С.  Әмірхановтың  [14],  «Социалистік 
Қазақстан» газетінде М. Әбуғалиевтің [15] қаламдарынан шыққан мақалаларда 
оның  қызметі  және  оны  ауыл  мектебінінің  ұйтқысы  ретінде  көрсетті. 
«Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі М. Мергеновтың «Жалақорлар және 
принципсіз басшылар» [16] деген сын мақаласы осы газет бетінде жарияланды. 
Газетте  Қ. Нұрғалиевті  жазықсыз  жазалаған  басшылықтың  іс-әрекеті 
баяндалды. 
Д.А. Қонаевтың  1980  жылы  шыққан  «Советский  Казахcтан»  еңбегінде 
«Бұл  ғажап  адамның  өзінің  өмірі  –  ерлік,  шәкірттерді  рухани  адамгершілікке 
тәрбиелеуге,  олардың  азаматтық  сапасын,  саяси  санасын  қалыптастыруда 
ғибаратты өнеге болып табылады» [17] – деп оның бала тәрбиесіндегі орының 
жоғары бағалаған еді. 
С.А. Назарбаева «Путь к себе» еңбегінде оның еліне сіңірген қызметін атап 
өткен.  Онда:  «В  небольшом  селе,  далеком  от  больших  городов  и  дорог,  он 
создал  модель  духовного  и  разумного  мира  детства»  [18]  –  дейді.  Құмаш 
Нұрғалиевтің  идеяларын  кеңестік  ғалым-педагог  В.А.  Сухомлинскийдің 
педагогикалық іс-тәжірибесіне ұқсатады және де оның ұлттық мәдениетке көп 
көңіл  бөлгенін  баяндай  отырып,  Қ. Нұрғалиевтің  іс-тәжірибесінің  мәні  мен 
маңыздылығын жоғары бағалады. 
Негізінен, бірқатар мақалаларда Қ. Нұрғалиевтің тұлға ретінде қалыптасу 
тарихы  жөнінде  қоғамдық-саяси,  коммунистік  ойдың  дамуы  және  басқа  да 
сауалдарға  жауап  іздей  отырып,  алға  қойған  мақсаттарға  жету  көзделді. 
К. Зәкеновтың  «Құштарлық  пен  қайсарлық»  [19],  О. Сатыбалдиннің 
«Құмаштың мектебі» [20], Б. Викторовтың «Учитель 80-х» [21] мақалаларында                         
Қ. Нұрғалиевтің  жеке  тұлға  болып  қалыптасуы,  саяси  көзқарасының  пайда 
болуы,  қоғамдық  өмірдің  алдыңғы  қатарында  жүруі,  мектеп  директоры 
лауазымында отыруы көрсетілген. В. Садовщикованың «Өнегелі ортадағы өрелі 
істер» [22] атты мақаласында Қ. Нұрғалиев басшылық еткен Марқакөл ауданы 
Боран  орта  мектебінің  іс-тәжірибесі,  материалдық-техникалық  базасы,  оқу-
тәрбие үдерісі жөнінде мәліметтер алуға болады. 
Құмаш  Нұрғалиұлының  дарынды  ұстаз,  жаңашыл  педагог  ретінде  орны 
ерекше. Бұл туралы «Советский энциклопедический словарь» [23], «Казахская 
ССР. 
Краткая 
энциклопедия. 
Т. 
3» 
[24], 
«Қазақстан 
Ұлттық 
энциклопедиясында» [25] жазылған.  
М. Ғабдуллиннің  «Алтын  жұлдыз»  [26]  жинағында  оның  Қ. Нұрғалиевке 


 

жазған  хаты  баяндалады,  «кеше  майдан  ері  едің,  бүгін  еңбек  ері  болғаныңа 
мақтанамын», - деп оның жеткен белестерін, еңбектегі табыстарын объективті 
түрде көрсеткен, білім беру саласындағы еңбектерінің мәні мен маңыздылығын 
жоғары бағалаған. 
М. Әбуғалиевтің  «Өлімді  жеңген  өмір»  [27],  М. Шегендіковтың 
«Құмаштың мектебі» [28] атты деректі әңгімелерде оның өмір жолдарын, тұлға 
ретінде  қалыптасуын,  ұстаздығын  саралаған.  Олар  Қ.  Нұрғалиевті  бір  жақты 
мұғалім  ретінде  қарастырып,  оның  мектеп  білімін  дамытуға  қосқан  үлесіне, 
кәсіби  мұрасына  тоқталуға  тырысқан  және  тұлғаның  қалыптасуында 
компартияның рөлін асыра бағалаған. 
Тәуелсіздік  алған  жылдардан  кейін  Қ.  Нұрғалиевтің  атқарған  қызметіне 
баға берген ғалымдар: Ж. Макатова, Г. Бельгер, Б.М. Калназаров, С.И. Калиев,            
Г.А. Уманов, Г. Қайырбеков, Р. Нұртазина, Н.А. Завалко тағы басқалар. 
М. Әлімбаев  өзінің  бір  мақаласында  Қ. Нұрғалиевті  «Оны  қазақтың 
Макаренкосы  деуші  еді,  жоқ  Құмаш  одан  өзгеше,  құр  идеяның  ғана 
қамқоршысы  емес,  қазақы  ой-сананың,  ұлттық  дәстүр  мен  имандылықтың 
қорғаны,  халықтың  болашағы  үшін  қам  жеген  тұлға»  [29]  деп  оның  елі  үшін 
атқарған  еңбегін  әділ  бағалаған.  Жалпы,  М. Әлімбаев  Қ. Нұрғалиевке  өзінің 
бірнеше  мақаласын  арнаған,  сонымен  қатар  көп  томдық  шығармалар 
жинағының  2-ші  томында  «Құмашқа  хат»  [30],  5-ші  томында  «Құмаштың 
мектебі»  [31]  деген  очеркінде  оның  ұстаздық  қызметке  келген  кезінен  бастап 
жүріп  өткен  жарқын  жолына  тоқтала  келіп,  ұлттық  руханиятқа  қосқан  үлесін, 
идеяларының маңыздылығын айқындаған. 
Құмаш  Нұрғалиевтің  педагогикалық  қызметі  1995  жылы  шыққан 
«Қазақстан  педагогикалық  ақыл-ойының  Антологиясында»  [32]  бейнеленді. 
1998  жылы  «Рауан»  баспасынан  шыққан  «Қазақтың  тәлімдік  ой-пікір 
антологиясы» [33] 2-ші томында алтын әріппен жазылуы артында мәңгі өлмес 
мұра  қалдырғандығының  айғағы.  Сонымен  қатар  2009  жылы  басылған 
«Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы» [34] 6-томында ұлттық тәлім-тәрбиелік 
ғылымдардың  дамып,  қалыптасу  тарихы  берілген.  1920-2000  жылдар 
аралығында  туған  халқына  мектеп,  оқу-ағарту  саласында  аянбай  еңбек  еткен, 
жүрегі  халқым  деп  соққан,  тіпті  сол  үшін  шыбын  жанын  да  құрбан  еткен, 
бүгінде арамызда жоқ зиялыларымыздың ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық мәдениетті 
насихаттауға  арналған  еңбектерінің  іріктелген  үзінділері  енгізілді  [34,  17  б]. 
Бұл  кітапта  А. Байтұрсынов,  М. Жұмабаев,  М. Шоқай,  Е. Бекмаханов,                   
Ә. Сембаев  сияқты  тұғырлы  тұлғалармен  Қ. Нұрғалиевтің  қатар  тұруы  оның 
тарихи  орнын  көрсетеді.  Онда  Қ. Нұрғалиевтің  өмірбаянына  және  оның 
еңбектеріне тоқталған  
Б. Кульчимбаеваның  «Развитие  педагогических  идей  в  новаторской 
деятельности  народного  учителя  СССР  Кумаша  Нургалиева»  [35]  атты 
педагогика  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  жазған 
диссертациясында  Қ. Нұрғалиевтің  мектебі,  оның  жаңашыл  идеялары 
қарастырылған  
Мәселен,  Ж. Әбиевтің  «Педагогика  тарихы»  [36]  атты  еңбегінде  автор 
педагогика  тарихын  жан-жақты  сараптаудан  өткізіп,  жаңашыл  педагогтар  жас 


 
10 
өспірімдердің  жаңашырлары  дей  келе,  Қ. Нұрғалиевтің  өмірбаяны  және 
ұстаздық қызметіне мән берген.  
Ал,  У. Тоқпатаевтың
  «
Менің  замандастарым»  [37],  О. Елубайдың 
«Алтайым, алтын тамырым» [38] шығармаларында Қ. Нұрғалиевтің қызметі, ол 
туралы  естеліктер  жайлы  қалам  сілтеген,  Қазақстанның  білім  беру  саласына, 
мектеп білімін дамытуға қосқан үлесін көрсеткен. 
Г. Назарбаева., 
Х. Әбжанов 
өз 
еңбектерінде 
Қ. Нұрғалиевті 
«Мамандығының хас шебері, оның озат тәжірибесі Қазақстаннан асып, Одаққа 
тарады», – деп бағалады [4, 55 б.]. 
Осы  уақытқа  дейін  басылып  шығып  жатқан  басылымдардың  ішінде              
Қ. Нұрғалиев  жайлы  жақсы  жазылған  құнды  еңбек  «Халық  мұғалімі  Құмаш 
Нұрғалиев.  Педагогикалық  әулет»  [39]  деп  аталған  тарихи-педагогикалық 
естелік кітап. Онда оның ұлт рухын көтерген ерен еңбегі, адами тұлғасы, биік 
парасаты  жайлы  ұстазбен  бірге  қызмет  атқарған  әріптестерінің,  жақын 
араласқан  достарының,  замандастарының,  шәкірттерінің  шын  жүректен 
шыққан естелік әңгімелері, ой-пікірлері, жылы лебіздері және Қ. Нұрғалиевтің 
өмірбаяны, ол жайлы жазылған мәліметтер топтастырылған. Кітаптың алғашқы 
беттерінің  бірінен:  «Мектеп  директоры,  педагогикалық  жетекші,  білгір 
ұйымдастырушы  ретінде  Құмаш  Нұрғалиұлы  өз  заманынан  озық  тұрғанын 
көреміз»,  –  деген  бұрынғы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрі  Б. Айтымованың 
пікірін көреміз. 
Белгілі сыншы Герольд Бельгер жоғарыдағы кітап жөнінде «мазмұны мен 
көркемдігі  жағынан  құнды»  деп  өте  жақсы  пікір  білдірді  [40].  Ол  «Поклон 
Устазу»  деген  мақаласында  Қ. Нұрғалиевтің  бүкіл  ғұмырын  көзсіз  ерлікке 
бағалайды [41]. 
Ж. Макатова «Повесть о настоящем учителе», «Сага об учителе» [42] атты 
мақалаларында Қ. Нұрғалиевтің тұлғасына әділ түрде баға бере отырып, автор 
оның еліне, халқына сіңірген қызметіне терең тарихи талдау жасаған. 
Ә. Меңдеке  «Жас  Алаш»  газетіне  Қ.  Нұрғалиев  жайлы  сын  мақала 
жариялады  [43].  Өз  мақаласында  Халық  мұғалімін  екінші  бір  қырынан 
көрсетуге тырысқан. Бірақ, бұл мақала ешқандай тарихи дерек көзіне сүйенбей 
жазылған. 
С.С. Қалиев  «Өскеменнің  әрі  Мересьеві,  әрі  Сухомлинскийі»  атты 
мақаласында  «Қ.  Нұрғалиев  басқарған  мектеп  ұжымы  үнемі  жаңалықтың 
жаршысы  бола  білді,  мектеп  Республикада  бірінші  болып  компьютерлік, 
кабинеттік  жүйеге осыдан  25  жылдай бұрын  көшті.  Ол  басқарған  мектеп озат 
тәжірибенің лабораториясы» деп атап көрсетті [44]. 
Оның 
шығармашылығы 
жайлы 
құжатты-публицистикалық 
«Комсомольский  билет»,  «Здравствуй  солнце»,  «Учитель»,  «Открытый  урок» 
фильмдер топтамасы түсірілген. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет