Чекетаева роза


  Халық мұғалімінің педагогикалық көзқарастарының



Pdf көрінісі
бет9/62
Дата06.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#11715
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
2.3  Халық мұғалімінің педагогикалық көзқарастарының 
қалыптасуы 
Құмаш  Нұрғалиевтің  педагогикалық,  эстетикалық  көзқарастары,  дүние 
танымы,  ой-пікірлері  ХХ  ғасырдың  ортасына  таман  қалыптасады.  Ол  ғылым 
мен техника жетістіктерін игеріп еркін дамуын аңсаған қоғамдық қозғалыстың 
көрнекті  өкілдерінің  бірі,  сонымен  қоса  ағартушылық  идеяларды  уағыздаған 
қазақ даласынан шыққан жаңашыл ұстаздардың бірі еді. 
«Боларға  ұмтыл,  болмасқа  қанағат  қыл»,  –  дей  отырып,  әр  адам  өз 
қабілетін  дұрыс  бағалай  біліп,  өзінің  қолынан  келетін  істі  атқаруға  ұмтылу 
қажет  екенін,  өмірдегі  нақтылы  жағдайды,  мүмкіндікті  айқын  түсіне  біліп, 
соған  орай  әрекет  тұтқанда  ғана  адам  сәтсіздікке  ұшырамайтынын  көреміз. 


 
33 
Адам  өзіне  сыншы  болып, өмірге  саналы  көзбен  қарауға  үйренсе,  әр  нәрсенің 
себеп  салдарынан  анық  танып,  біле  алады,  сонда  ол  ісінің  сәтсіздігін  өзгеден 
көрмей, нақтылы жағдайды дұрыс бағалап, содан өзіне сабақ алады деген үлкен 
ғибраттылық  мәні  бар  түйінді  ой  қорытқан  Құмаш  Нұрғалиев  өмірден  артта 
қалмай,  бірінші  топтағы  мүгедектігіне  қарамастан  биік  армандарға  қол  созып, 
ұстаздық жолына түседі. 
Ол  білім-ғылымның  қадір-қасиетін  терең  түсініп,  өз  бетімен  де  оқып, 
үйреніп рухани қазыналарға көп үңілген. 
Құмаш  әр  уақытта  өзі  ізденіп-оқумен  шұғылданған.  Оның  өнеге  көрген 
ортасы көп болды. Ұстаз болу арманы алғаш әкесі Нұрғали мектепке жетектеп 
апарып, «менің ұлым мұғалім болады» деген сөздері бір кездерде ойға түйткіл 
салған.  Әкесінің  бұл  сөздері  Құмаштың  бүкіл  өмір  бойы  жадында  сақталып 
қалды.  Әкенің  бұл  тілегі  мен  арманы  да  тегін  айтылмаған  шығар.  Әкесі 
Нұрғали  тұңғышының  өзінен  кіші  інілерімен  және  көрші  балалармен 
ойнағанда, оның аузынан ылғи да мектеп, сынып, мұғалім, шәкірт деген сөздер 
түспей,  өзі  үнемі  «мұғалім»  болып  ойнауға  тырысатындығын  байқайтын. 
Бәлкім, әке тілегі мен арманы осы байқаулардан, әлде ауылдағы ең сауатты, ең 
білімді  адамдар  мұғалім  деп  халықтың  санасында  ежелден  сіңген  ұғымнан 
туған  шығар.  Қалай  болса  да,  әкенің  бұл  сөздері,  мұғалім  болу  арманы  жас 
ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталып қалды. Ағылшын ақыны Джордж Герберт 
сонау  XVIII  ғасырдың  өзінде  «жүз  ұстаздан  гөрі  жалғыз  әке  басымырақ»,  – 
депті  [33,  367  б.].  Ендеше,  тәрбиелеуге  келгенде  әке  ұстаз  қанша  рөл 
атқаратының осыдан көруге болады. 
Ол  сегізінші  сыныпты  тамамдағаннан  кейін,  педагогикалық  училищеге 
оқуға  түсіп,  арманына  жетуге  асықты.  Бірақ  өмірдің  өз  дегені  бар  екен,  бұл 
арман  жуықта  іске  аспады.  Мектептен  еріксіз  қол  үзді,  еңбек  етті,  майданға 
аттанды. 
Оның  педагогикалық  көзқарасының  қалыптасуына  ықпал  еткен  өзінің 
Мәскеудегі ұстаздары Зинаида Алексеевна Толстикова мен Наталья Васильевна 
Балдина  болды.  Бұл  ұстаздар  көршілес  орналасқан  мектепте  қызмет  істеді, 
жастарының мосқалдығына қарамай ауруханадағы жаралы жауынгерге дәрістер 
берді.  «Бұндай  ұқыпты,  әрі  білгір,  әрі  мейірбан  жандар  болар  ма  өздері-
бабынды таба біледі, көңілінді көтереді, жалбандағыш жалпақ шешей де емес, 
талап қойғыш, діттегенін тындырады. Сабаққа бірде бір кешікпейді. Өздері де 
жетісіп  жүрмеген  болар.  Мектептеріндегі  негізгі  жұмыстары  бар,  ала  көбеден 
аяқ үздіре кезекке тұрып тапшы азық-түлікке барады. Сұм соғыс бұлардың да 
отбасын  сетінеткен,  жарым  көңіл  жандар  –  сонда  да  үлгереді,  сонда  да  сыр 
бермейді», – деп кейін Қ. Нұрғалиев таңданатын [39, 28 б.]. 
Бізде  бар  мәліметтерге қарағанда олармен ұзақ  уақыт хат  алысып  тұрған. 
Мәскеу госпиталінде жатқан кезде ұстаз болу арманында, ең алғашқы ұстаздық 
қызметке кіріскен күнігі қуанышында Зинаида Алексеевна Толстиковаға «Мен 
мұғаліммін!!!», – деп хат жазып бөліскен. «Аса құрметті, аса қымбатты Зинаида 
Алексеевна! Сізге осы хатты жолдап отырған – Сіздің госпитальдағы шәкіртіңіз 
Құмаш  Нұрғалиев.  Мен  қазір  Шығыс  Қазақстан  облысының  Марқакөл 
ауданында  тұрып  жатырмын.  Біздің  арамызды  мыңдаған  шақырым  қашықтық 


 
34 
бөліп  жатса  да,  менің  қуанышыма  Сіз  де  ортақ  болар  деп  сенемін.  Мен  - 
мұғаліммін!!!  Қазақ  халқының  ардагер  азаматы,  ұлы  ақыны  Абай 
Құнанбаевтың  арман-өсиеті  өз  халқын  орыс  тілін,  орыс  өнерін    үйретуге 
шақырып еді. Сондықтан мен қазақ балаларына ұлы орыс тілін, Толстой тілін, 
халықтар  достығы  тілін  үйретемін.  Мені  мұндай  дәрежеге  жетуіме  Сіздің  де 
қосқан қомақты үлесіңіз бар деп білемін. Рақмет! Сізге, көп-көп рақмет!» [61, 
87 б.]. 
Мектептегі алғашқы ұстаздық жылдарда осы бір орыстан шыққан ұстазына 
ұқсап  бақты.  Өзінен  де,  өзгеден  де  сол  бір  ұстаздардың  бойындағы  қасиетті 
байқағысы  келді.  Осы  үшін  54  жыл  өткенен  кейін  Әмiрхан  Меңдеке  «Жас 
Алаш»  газетіне  «Өз  анамды  өз  қолыммен  бауыздап  өлтiрдiм!»  атты  мақала 
жазып,  1987  республика  мұғалімдерінің  съезінде  «Нұрғалиевтiң  жеткен  жерi, 
шыққан  «шыңы»,  қалжасы  мен  «олжасы»  осылай  бола  қойсын,  бiрақ  сарай 
толы  мұғалiмдердiң  (яғни,  3  мың  мұғалiмнiң) баршасы  бiрдей  (түгел  және  бiр 
кiсiдей)  Қ.  Нұрғалиевтi  қолдап-қуаттағаны  несi?  Қуаттағанда  да  өңмеңдене, 
өңештерiн соза қуаттады ғой. Мұны не деуге, яки осы құбылысқа нендей айдар 
тағуға  болады?»,  –  деп  өзінің  орыс  мұғалімдерінің  атын  атап  бас  игені  үшін 
оған кінә артады. Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастарына қарсы болды 
дейді.  Ал,  «Өзiм  жақсы  танитын  ақсақалдың  екi  ұлы бар.  Ақсақал  –  ғалым 
адам», – деп атын атамайды [43, 4 б]. Өзін ұлтымның адал ұлымын дейді, неге 
ақсақалды атамайды? 
Бұл  мақаланың  авторы:  «Артқы  қатардың  бiрiнен  бос  орын  тауып 
жайғасқан  кезiмде  кезектi  сөз  Өскеменнен  келген  мектеп  директоры, 
Социалистiк  Еңбек  Ерi  Құмаш  Нұрғалиевке  берiлдi.  Қ.  Нұрғалиев  аяғын 
сылтып басатын кiсi екен, мiнбеге келдi де...», – деп жазады. Тарихқа көз салсақ 
Қ.  Нұрғалиев  аяғын  сылтып  басатын  емес,  екі  аяқсыз  жан.  Оған  Социалистiк 
Еңбек Ерi атағы да берілмеп еді. Ұлтының болашағы, өскелен ұрпақ үшін жан 
аямай тер төккен азаматтың беделіне нұқсан келтірді.  
О.  Ораз  деген  автор  «Заман  Қазақстан»  газетінде  «Қайсарлық  құдіреті» 
атты  мақаласында  «1987  республика  мұғалімдерінің  кезекті  съезінде  Құмекең 
желтоқсан  оқиғасы  кезінде  алаңға  шыққан  оқушы-жастардың  жазалануын 
көзіне жас алып айтты», – деп оны екінші қырынан көрсетеді [72].  
Недесек  те  бұл  кезде  бұған  әсер  еткен  кеңестік  идеологияның  әсері  деп 
ойлаймыз.  Тарихтың  осындай  зобалаңына  тап  болған  біртуар  тұлғалардың 
тағдыры айрықша күрделі күй кешетінін бүгінгі ұрпақ терең сезініп, парасатпен 
парықтай  білуі  қажет.  Уақыт  өткен  соң  «анау  –  алай  еді,  мынау  –  былай  еді» 
деп  төрелік  айту  немесе  үкім  шығару  оңайдың  оңайы.  Ал,  қаулаған  өрт, 
жөңкіген сел сияқты заманалық нәубеттің жалаң қылышы төбенде ойнап тұрған 
шақта  халқым  деп  соққан  жүрегіне,  елім  деп  егілген  болмысыңа  әрі  қианат 
жасамай, әрі әрекетсіз қалмай тірлік құрып көр [4, 146 б.]. 
«Аса қадірлі Зинаида Петровна!», – дегені ұстазы еді. Ерен ердің екі аяқ, 
бір қолдан айрылып, кескен теректей болып жатқан кездегі өмірге жол сілтеген 
демеушісі  еді.  Алаштың  өр  тұлғасы  Жүсіпбек  Аймауытовтың  өзі:  «Орыстың 
білімін алуға, өнерін білуге, жақсы жағын жаттауға еліктеу дұрыс та, қазақтан 
қашыртуға еліктеу үлкен мін» деген [73]. 


 
35 
Міне  26  жыл  өткенен  кейін  осы  тарих  беттерінің  ақтандақтарының  ақ-
қарасын  айырар  құжат  1987  республика  мұғалімдері  съезінің  стенограммасын 
іздестіріп  таппадық.  Қазақстан  Республикасының  Орталық  Мемлекеттік 
мұрағатының  №1692-ші  қорының  №2  тізбедегі  «Стенограмма  VI  съезда 
учителей»  атты  №4527  іс  жоқ.  Мұхтар  Шаханов  жазғандай  жоғарыдағылар 
алмаспен қиып әкеткен [74]. 
Егер,  Қ.  Нұрғалиев  съезде  сондай  төмендікке,  ағаттыққа  барса,  1987 
республика мұғалімдерінің съезіне қатысқан Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Астанада 
өткен  мұғалімдердің  республикалық  құрылтайынада  оны  ерекше  бағалап, 
«Нұрғалиевтер педагогикалық әулеті» деп құрмет көрсетер ме еді [1, 3 б.]. 
Ол  осы  орыс  мұғалімдерін  піріндей  сыйлады.  Ол  адамның  ұлтына  емес, 
ақыл-парасатына, адамгершілігіне қарай бағалайтын. Ал өз халқын, өз қазағын 
ағынан  жарыла  жанындай  жақсы  көрді.  Оның  өткенің,  қазіргісін,  болашағын 
ойлап  қайрат  қылды,  күресті.  Құмаш  Нұрғалиевтің  «Бақыт  дегеніміз,  менің 
жалғыз  болмай,  ұлтына  қарамай,  қайырымды  адамдардың  арасында  болуым. 
Ал,  мұның  өзі  біздің  елімізге  өте  жақсы.  Барлық  ұлт  өкілдері  шын  туысқан 
сияқты адамдар мен халықтардың бір біріне тек қолын ғана емес, жүректерін де 
ұсынса  екен.  Сонда  бұл  дүниеде  бақытты  адамдар  тіпті  көбейер  еді»  деген 
ойында терең мағына жатқандай..
 
Кейіннен  ҚазПИ-де  оқып  жүрген  кезінде институт  ректоры,  ғалым  Мәлік 
Ғабдуллиннен алар өнегесі көп болды. 
Ұстаз  әр  адамның  болашағына  бағыт  сілтер  дана.  Бұл  ретте  атышулы 
жиһангер  Александр  Македонский  «Мен  өзімнің  ұстазыма  әкемнен  кем 
қарыздар емеспін, әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу 
туралы білім алдым» деген сөздерін келтіруге әбден болады [5, 92 б.]. 
Ғабит  Мүсіреповтың  «Жат  қолында»  романында  «Қай  елдің  болса  да 
ақылдысы, ойлысы, іскері, өнерлісі кім болса, намыскері де сол болады» деген 
нақыл  бар.  Осындай  даналық  ой  қазақ  халқының  Қ.  Нұрғалиев  секілді  ерен 
ұлдарына  арналғандай.  Қ.  Нұрғалиев  өзгенің  еңбегін  ел  мүдесімен  өлшейтін 
адам еді. 
Өнегесіз өсу жоқ. Көсем де, шешен де, ұстаз да  – тәрбиенің түлегі. Оның 
көзі тірі кезінде М. Шегендіков өзінің бір сұхбатында: «Өзіңізге адамгершілік 
тәлімін  ұсынған  адамдар  жайында  айтсаңыз  екен  деймін  «мынандай  мықты 
тәрбиеші ұстаздың тәрбиешілері кім болды екен?», – деген [28, 34 б.]. 
Жалындаған  жастықтың  жарқын  келешектерін  барлығын  да  майдан 
даласында  қалдырғандай  болып,  ағаш  аяқ  пен  темір  таяққа  сүйеніп  ауылға 
оралғанда  алғашқы  жылдары  Құмаш  Нұрғалиевте  рухани  қиыншылықтар  аз 
болған  жоқ.  Дәл  сол  жылдары  ағаттықтың  да,  бұзақылықтың  да  қасіретті 
жолдарына  түсіп  кетпей,  адамшылық  қасиеттерін  сақтап  қалуына,  қоғамға 
пайдалы  еңбек  жолына  түсіп,  өз  басының  өмірлік  позицияларын  ұстауына  ең 
алдымен қоғамның идеялық тәрбиесі, одан кейін аудандық партия комитетінің  
басшылары Оралбек Қасымов, Орынбай Сатыбалдиндердің үлесі зор болды [28, 
35 б.]. 


 
36 
Оралбек  Қасымов  1950-1952  жылдары  республикалық  партия  мектебіне 
оқуға  кетіп,  жоғарылайды.  Өз  ұстазымен  үнемі  хабарласып,  ақыл-кеңестерін 
алып жүрді. 
Өзінің  бір  мақаласында  Қ.  Нұрғалиев  Боран  орта  мектебін  отыз  бір  жыл 
басқаратының  жазады.  Осы  уақытта  қаншама  буын  мұғалімдері  ауысты,  бірі 
көшіп  кетті,  бірі  зейнеткерлікте,  бірі  бүгін  бізбен  бірге  жоқ.  Оларды  қазір 
сағына еске аламын. Олармен ұстаздықты бастадым. Мен оларға тек басшылық 
жасаған  жоқпын,  олардан  өзім  көпті  үйрендім.  Бұл  көп  орынды  алсада  мен 
оларды атап айтқым келеді. Мансап үшін емес, олардың үлгі, өнеге болғаның, 
ұстаздықта  пір  тұтқанымызды  білдіреміз.  Олар:  Нина  Антоновна  Аверчук, 
Шарипа  Ахметова,  Лия  Григорьевна  Копытина,  Болған  Жуманова,  Анна 
Ивановна  Богданова,  Галина  Каиргородова,  Любовь  Винокурова,  Анна 
Ивановна  Долгополова,  Татьяна  Ивановна  Долгополова,  Лидия  Васильевна 
Краснова,  Раиса  Филипповна  Премина,  Мутал  Раисов,  Абдрахман  Батаев, 
Виктор  Алексеевич  Попов,  Петр  Степанович  Погожев,  Майты  Юсупов, 
Александр Копытин және басқалар [75]. 
Көптеген  зерттеушілер  дарынның  балаға  ата  тегі  арқылы  берілетінін 
қуаттайды.  Ал,  дарын  деп  жаңалығымен,  жоғары  жетістігімен  және  қоғамдық 
маңыздылығымен  ерекшеленетін  іс-әрекеттің  өнім  алуға  мүмкіндік  беретін 
қабілеттердің  жиынтығын  айтамыз.  Олардың  тұжырымдауынша,  белгісіз  бір 
тылсым  күш  жоғалмай,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып  отыратын  сияқты.  Мұны 
куәландыратын  да  айғақтар  аз  емес.  Мысалы,  Иоганн  Себастьян  Бахтың 
гениологиялық  өзегінде  елу  алты  музыкант  болған  екен.  Өз  әңгімесінде                
Қ.  Нұрғалиевтің  бойына  сіңген  ұстаздық  дарынды  қызы  п.ғ.д.,  профессор 
Нұрғалиева Гүл Құмашқызы ұзақтан бастау алады дейді. Бұл әулеттің ұстаздық 
еткен уақыты 960 жыл.  
Құмаш  Нұрғалиевтің  педагогикалық,  қоғамдық  көзқарастарының  бекіп 
қалыптасуына оның достарының да әсер-ықпалы мол болды. Солардың тікелей 
ақыл-кеңесі, көмегі арқасында ол өзінің тәжірибесі мен білімін арттырып қана 
қоймай,  Ы.  Алтынсарин,  С.  Көбеев,  К.Д.  Ушинский,  Амоношивили,                      
О.  Шаповалов,  Г.Р.  Шапорова  сияқты  педагогтардың  еңбегімен  таңысып, 
олардың тәжірибесін өз тәжірибесіне үлгі етіп алды. 
Адамзат  тарихында  ұстаздың  алатын  орны  ерекше.  Әлемде  бірінші  ұстаз 
Аристотель  болса,  екінші  ұстаз  әл-Фараби  бабамыз.  Бұлар  ақыл-ой  кемелдігі 
арқылы  ғасырдан  ғасырға  ұрпақ  сабақтастығын  жалғастырып  келе  жатқан 
кемеңгер  шамшырақтар.  Әр  халықтың,  әр  ұлттың  өз  ұстаздары,  пір  тұтар, 
өнеге, ғибрат алар дана көшбасшылары болады. Оларсыз ғаламдық өркениетке 
жету,  іргелі  ел  қатарына  қосылу,  рухы  берік,  адал,  иманды,  қайсар,  білімді, 
білікті  ұрпақ  өсіру  сыпайылап  айтқанда,  қараңғылықта  қарманумен  бірдей. 
Ақылғой  ата-бабаларымыз  жаман  мен  жақсыны,  ізгілік  пен  зұлымдылықты, 
тойымсыз ашкөздік пен қанағатшылдықты бес саусақтай айыра білген. «Ұстазы 
жақсының  ұстамы  жақсы»,  «Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға», 
«Шәкіртіне  қарап  ұстазын  таны»,  «Ұрпақ  жолы  –  ұстаздан»,  деген  ғибратты 
сөздер  тегін  айтылмаған.  Ұстазды  асқақтата  дәріптеп,  өнегелі  істерінен 
тағылым  алған, білімге,  білуге  ұмтылған.  Жеткіншектерді заман  талабына  сай 


 
37 
тәрбиелеуде,  жан-жақты  жетілген,  талант,  дарынын  таныта  алатын  ұрпақ 
өсіруде ерекше тер төккен ғұламалар қазақ тарихында аз емес. Кешегі Шоқан, 
Абай, Ыбырай, берегіректегі Ахмет, Жүсіпбек, Шәкәрім, Мағжан, Мұхтар т.б. 
елдігіміздің іргетасының берік болуына өлшеусіз үлес қосқан, жастарымыздың 
болашағына  нұрлы  жол  нұсқаған  көріпкел,  текті,  асыл,  біртуар  тұлғалар. 
Осылардай ұстаз Қ. Нұрғалиевте де болды, олар оның педагогикалық және өмір 
туралы көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етті [39, 138 б.]. 
Солардың ағартушылық бастамасына өзіндік үн  қосқан, ұлы  ұстаздардың 
ізбасары  ретінде  жұртшылыққа  жақсы  қырынан  танылған  аса  ізденімпаз 
ұйымдастырушы, ұрпақ қамы дегенде ішкен асын жерге қойған, қазіргі заманға 
лайық мектеп қалыптастырған Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевті 
мақтанышпен  атай  аламыз.  Ағарту  саласындағы  Құмаш  аға  салған  сара  бағыт 
бүгінде  одан  әрі  жалғасын  табуда,  жетілдіріле,  толықтырыла  түсуде.  Ұрпақ 
қамы жолында күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған, адами қасиеттерді, 
ізгілікті,  имандылықты,  парасаттылықты,  білімпаздықты  жастардың  бойына 
сіңіруді,  қоғамның  білікті  мамандарын  дайындауды  алдына  басты  мақсат  етіп 
қойған  Құмаш  Нұрғалиев  көкейіндегі  ізгі  арманын  орындауда  елеулі  табысқа 
жетті.  Ауыр  еңбек,  терең  ой,  талмай-ізденіс  оны  қанаттандырды.  Бұл  тұрғыда         
Қ. Нұрғалиев түрлі тосқауыл мен кедергіні жарып өтті. Жан-тәнімен ұстаздық 
тағылымын барша қауымға өнеге етіп ұсына алды. Ол сонысымен де ұлағатты, 
ұлы, жаңашыл. 
Кеңестік  білім  жүйесінде  оқушылар  білімінде,  оқыту  сапасында  елеулі 
кемшіліктерді жою жолдары қарастырылмады. Мұғалімдердің көп бөлігі пәнді 
жетілдірілген  бағдарлама  талаптарына  сай  ғылыми  негізде  оқытуда  уақыт 
талабынан  шыға  алмады.  Оқушылардың  білім  сапасының  төмендігі  оқу-
техникалық  құралдарының  аздығынан,  ана  тіліндегі  көрнекі  құралдардың 
жеткіліксіздігінен,  оқу  бағдарламаларының  қиындығынан  екені  белгілі  еді. 
Мектеп 
мұғалімдері 
бетпе-бет 
кездесіп 
отырған 
қиыншылықтарды 
қорытындылай  келе,  ол  нақты  шараларды  қолға  алды.  Ол  үшін  Одақтас 
республикалардың үздік мектептерінен тәжірибе жинақтады. 
1913  жылы  А.  Байтұрсынов:  Оқусыз  халық  қанша  бай  болса  да,  біраз 
жылдардан  кейін  оның  байлығы  өнерлі  халықтардың  қолына  көшпекші. 
Әлсіздерге  күш  беретін  өнер-білім,  сол  өнер-білімге  мезгілі  өтпей  тұрғанда 
үйренсек,  тұрмысымызды  түзетіп,  басқалардың  аяқ  астында  жаншылмас  едік, 
бізде  өз  алдымызға  бір  жұрт  екенімізді  білдірер  едік  деген  [33,  54  б.].  Құмаш 
Нұрғалиевта болашақ білімді жастардың қолында екеніне күмән келтірмеді. 
КСРО  Халық  мұғалімі,  көрнекті  ұстаз,  тәрбиеші  Құмаш  Нұрғалиұлы 
Нұрғалиев  біртуар  тұлға  ретінде  халықтың  қадір-құрметіне  бөленді, 
ұстаздардың ұстазы атанды. Ол солған сара жол үзілмек емес, әр кез жалғасын 
табады.  Әл-Фараби  бабамыз  адамның  өмір  сүру  мақсаты  ең  жоғары  бақытқа 
жету  болғандықтан,  ол  адам  бақыт  дегеннің  не  екенін  білуі  қажет  және  соны 
өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету 
үшін не істеуі  тиіс екенін  біліп  алуы  қажет,  деп  талап қойған.  Құмаш аға бұл 
шартты  орындай  алды  және  өзінің  алдындағы  ұлы  ұстаздардың  заңды 


 
38 
ізбасарына  айналды.  «Халықтың  кемелін  келіп,  өркендеуі  үшін,  ең  алдымен, 
азаттық пен білім қажет», – деген Шоқан қағидасын пір тұты. 
Құмаш  Нұрғалиев  жастардың  білімнен  кенже  қалмауын  қалады.  Сол 
кездегі  Одақтас  республикалардағы  озық  мектептердің  тәжірибесін  жинақтап, 
қорытындылап,  олардың  қажеттілерін  өзі  қалыптастырған  Боран  мектебінде 
шебер  пайдалана  білді.  Қазақстандық  мектептердің  арасында  ол  басқарған 
мектеп  ұжымы  бірінші  болып  озық  технологияны,  техникалық  жаңа  құрал-
жабдықтарды, 
қашықтан 
оқытуды, 
телестудияны, 
білімді 
еңбекпен 
ұштастыруды, лингофон, пән кабинеттерін ашуды, әдістемелік тың тәсілдерді, 
компьютерлік  жүйені  күнделікті  өмірге  енгізді,  қолданысқа  түсірді.  Мектеп 
ғимаратын, оның іші мен сыртын көргенде көз тартатындай етіп, өзі бас болып 
салдыртты, мұғалімдерді білім сапасына, оқушыларға деген ыстық ықыласына 
қарай іріктеп отырды. Ол жетекшілік еткен білім ордасы кешікпей алтын ұяға 
айналды.  
Нәресте  дүниеге  келісімен  тырбанады,  талпынады.  Дәмді  айырады,  иісті 
сезеді,  түсті  ажыратады.  Әуелі  өзін  қоршаған  кішкене  әлемді  көрсем,  білсем, 
танысам, деп үнемі ізденіс үстінде болады. Ананың сүті, әженің әлдиі, әке сөзі, 
тәлім-тәрбие  тағлымы  оған әр  нәрсенің  сырын ұқтырып, көкірек  көзін  ашады, 
құпия дүниенің түңілігі түріле береді. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Ұя 
қаншалықты  ізгілікті,  мерейлі,  көргенді  болса,  ұрпақ  та  соншалықты  текті, 
зейінді,  иманды  болып  өседі.  Еліне  пана  болар  ұл,  аймағына  ана  атанар  қыз 
отбасы, ошақ  қасында,  бала  бақша  мен  мектепте  қалыптасады.  Өзін қоршаған 
ортаны  аялап,  күтуде,  ұрпақтарын  адамгершілікке,  адалдыққа,  кісілікке 
тәрбиелеуде,  сірә  көшпенділер  алдына  жан  салмас.  Ұлы  дала  ұлтымыздың 
даңқын  шығарған  небір  торсық  шеке,  марқасқа  ұлдарды,  еліміздің  мерейін 
өсірген  небір  асыл  аруларды  өмірге  әкелген  ғой.  Текті  халықтың  текті 
ұрпағының  сабақтастығы  ешқашан  үзілмейді.  Ұстаздық  ғибраттың  алтын 
арқауы да үнемі жалғасын табады. 
Барлық  заманда  талантты,  ірі  ғұламалар  көп  болған,  олар  ғылымды 
дамытуды  өздерінің  алдына  басты  мақсат  етіп  қойған.  Ақыл-парасаты  мол, 
сезімтал  ғалымдар  дүниеге  бірінің  артынан  бірі  келіп,  алдыңғылардың  ісін 
үйреніп,  оны  әрі  қарай  жалғастырып,  дамытып  отырған.  Әлбетте  ұстаздық 
өнеге,  ғылыми  ізеніс,  рухани  болмыс  адамзат  ғұмырымен  бірге  жасасады.  Әр 
қоғамның,  әр  дәуірдің,  әр  заманның  өз  ұстаздары  болған.  Олар  бірін  бірі  пір 
тұтқан,  келешектің  тірегіне  айналар  ұрпақ  өсіруге  жан-тәнімен  атсалысқан. 
Ғасырлар  қойнауынан  шымырлап  шыққан  бұл  дәстүр  кеңестік  дәуірде 
Нұрғалиев  Құмаш  сияқты  әз-ағалардың  бастамасымен  өзінің  өміршеңдігін 
танытты,  жастардың  қиялын  самғатып,  өмірге,  білімге  деген  құштарлықтарын 
арттырды.  
Парасатты ұстаз, ғалым, профессор Бейсенбай Кенжебаев ерекше адам еді. 
Ол  талант  таңдауда  географияға  қарамайтын.  Ұлтымыздың  өткен  тарихына, 
әдебиетіне,  жазба  өнеріне  талдау  жасағанда,  халқымыздың  бойына  тән 
қасиеттерді  дөп  басып,  көріпкел  тамыршыдай  жіліктегенде,  көшпенділер 
мәдениетіне  барлау  жасағанда  алдына жан  салмайтын.  Асыл  мұраларымызды, 
рухани  қазынамызды,  зерттеу  үшін  дарынды  шәкірттерді  іздеп  тауып,  оларды 


 
39 
қамқорлық  қанатына  алатын.  Кезінде  Абай,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров 
шығармаларын  қызғыштай  қорғаған,  ұлт  мәдениетін  жоюшылардың 
тырнағынан  сақтап  қалған,  әділ  бағасын  берген,  Мұхтар  Әуезовтың  Абай 
туралы  эпопеясының  жарық  көруіне  қол  ұшын  ұсынған  айтулы  оқымысты, 
Қазақ Ұлттық университетінде қырық жылдан астам уақыт дәріс оқыған, еңбек 
торысы атанған Бейсенбай аға қиыр шеттегі Боран орта мектебінде атқарылып 
жатқан  ағарту  ісіне,  ондағы  жаңашыл  шараларға,  ұжымның  табыстарына, 
Құмаш Нұрғалиұлының басшылық, іскерлік, ұстаздық даралығына ырзашылық 
білдіретін.  «Жақсы  жақсыны  сонадайдан  таниды»  дегендей  Б.  Кенжебаевтың  
дәріс  үстінде  Құмаш  аға  туралы  айтқан  ыстық  лебіздері  кейінгі  ұрпақтың 
жадында  сақтаулы.  «Шығыс  Қазақстан  облысындағы  Марқакөл  ауданының 
түлегі  Құмаш  Нұрғалиев  жастардың  жан-жақты  білім  алуына,  көргенді  ұрпақ 
тәрбиелеуге  өлшеусіз  мол  үлес  қосып  келе  жатқан  ұстаздардың  ұстазы. 
Оқытушы  болу,  мектеп  басқару,  әркімнің-ақ  қолынан  келер,  ал  ұстаз  атану 
қиынның  қиыны.  Оның  әр  қадамы,  әр  сөзі,  киім  киісі,  өзін  ұстай  білуі 
шәкірттерге  ғибрат,  үлгі.  Екі  аяқ,  бір  қолсыз  он  екі  мүшесі  түгел  жандардан 
мың  есе  артық  қызмет  ету  баршаға  ой  салатын  ерлік,  қайсарлық.  Адам 
баласының құпия тылсым күшінің қайнары ғажап. Мен Құмаштың оқу – ағарту 
ісіне  қосқан  теңдессіз  үлесін  қаһармандық,  ұлы  ұстаздық  дер  едім»,  -  деп 
студенттерге  ой  сала  сөйлеген.  Марқакөл  өңірінен  Құмаш  Нұрғалиев  сынды 
халық ұлдары шыққанына айтарлықтай мән берген [39, 209 б.]. 
Сонымен қатар Құмаш танымының нәр алған бұлақтарының бірі  – ежелгі 
қазақ  мәдениеті,  ауыз  әдебиеті,  екіншісі  –  шығыстың  рухани  қазынасы, 
үшіншісі  –  орыс  мәдениеті  және  сол  тілде  аударылған  батыс  әлемінің  рухани 
қазыналар көзі. Ол барлығы адамның өзін-өзі жетілдіруі арқылы іске асатының 
түсінуі болды. 
Қ.  Нұрғалиевтің  педагогикалық  көзқарастарының  қалыптасуына  ұлттық 
педагогика  да  зор  ықпал  етті.  «Үш-ақ  нәрсе  адамның  қасиеті:  ыстық  қайрат, 
нұрлы  ақыл,  жылы  жүрек»,  –  дейді  данышпан  Абай.  Осы  үш  қасиет  ұстаз 
бойында  болуы  шарт.  Онсыз  шәкірттерді  биікке  самғату,  білімді,  білікті, 
қайырымды  етіп  тәрбиелеу  біржақты  болып  щығады.  Қисық,  қыңыр  бала  да 
тәрбиенің жетемсіздігінен. Қайрат әркімде-ақ бар. Бірақ ол бүлдіруге ме, әлде 
жасампаздыққа  қызмет  етуге  бағытталған  ба?  Мәселе  сонда.  Абай  ыстық 
қайрат, яғни, адамға жақсылық әкелетін қайратты таңдап, қалап отыр. Ақыл да 
әркімде-ақ бар. Оның да қолданысы әр түрлі. Абай соның нұрлысын, шәкіртке, 
төңірегіндегілерге  күн  сәулесіндей  шапағат  шашатынын,  тәлім-тәрбие 
беретінін,  даналыққа  толы  ақылды  қалаған.  Жүрек  те  әр  түрлі  болады.  Халық 
жек  көрген    адамын  тасжүрек,  сужүрек,  жүрегі  мүйіз  боп  кеткен  қатыгез, 
қанішер, мейірімсіз деп сөгеді. Ал адамға нұрлы болашақ силайтын, келешегіне 
дұрыс  жол  нұсқайтын,  ғибратты  ақыл-кеңес  беретін,  жастардың  бойына 
адамгершілік,  имандылық  дәнін  себетін,  рухты  көтеріп,  мерейді  тасытатын 
жүректі  жылы,  мейірбан  жүректі,  деп  есепеттейді.  Құмаш  Нұрғалиев  Абай 
шарттарына сай ұстаз болды.  
«Менің  жаным  мектепте.  Мен  мұғалімдерсіз,  оқушыларсыз  өмір  сүре 
алмаймын. Жасаған Ием маған ұрпақтарға білім ұрығын себуді, дән егуді әуел 


 
40 
баста-ақ  жазған  болар.  Күндіз-түні  ойлайтыным,  армандайтыным  адал,  әділ, 
Абай  кемеңгеріміз  қалаған  жылы  жүректі  шәкірттер  баулу,  өсіру,  тәрбиелеу. 
Осы  арманымды,  алға  қойған  мақсатымды  орындауда  мен  қандай  қиындық 
кездессе  де  мойымай,  қажымай,  қасарыса  ілгері  ұмтылуға  әр  кез  дайынмын. 
Өнегелі іс тындыруға қажыр-қайратым да, білімім де, тәжірибем де жетеді», – 
дейді екен Құмаш аға [76]. 
Ахмет  Байтұрсыновтың  «Жаңалыққа  жастар  мойнын  бұрып,  қайырылар, 
халық  түзелуінің  үміті  жастарда.  Сондықтан  жастардың  қалай  оқып,  қалай 
тәрбиеленуі  –  бәрінен  бұрын  ескеріп,  бәрінен  жоғары  қойылатын  жұмыс», 
«Балам  деген  жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан  шықсын!  Балам  деп 
бағып,  оқытып,  адам  қылғаннан  кейін,  жұртым,  деп  налымаса,  онда  өкпелеу 
жөн.  Баланы  балаша  тәрбиелесең,  ұл  болмақшы,  құлша  тәрбиелесең,  құл 
болмақшы»;  «Жақсы  мұғалім  мектепке  жан  кіргізеді»,  –  деген  өсиетнамасын 
білім саласындағылар
 
ескеруі қажет. 
Ал  Мағжан  Жұмабаевтың  жазуынша:  «Жас  бала  –  жас  бір  шыбық.  Жас 
күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс 
иіліп  қалған  шыбықты  артынан  түзеймін десең,  сындырып  аласың.  «Баланы  – 
жастан» деген сөздің мәнісі осы», «Тәрбие деген - баланы бетке қақпай. Бетімен 
жіберу  емес.  Баланы  тәрбие  қылу  –  тұрмыс  майданында  ақылмен,  әдіспен 
күресе білетін адам шығу деген сөз». Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да 
мектептің  қандай  негізге  құрылуына  барып  тіреледі.  Мектебімізді  таза,  сау, 
берік һәм өз жанымызға қатысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз 
үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз 
күңгірт деп ой толғады [33, 176 б.]. Олардың терең де, мағыналы сөздеріне мән 
берсек, Қ. Нұрғалиевтің де мақсат-мүддесі осындай ойлармен ұштасып жатты. 
«Біз  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  мынадай  ұстанымдарды  есте  сақтауымыз 
қажет,  –  дейтін  Құмаш  Нұрғалиев,  –  Атамекенін,  Отанын,  ұлтын,  дінін,  тілін 
көздің  қарашығындай  сақтап,  оларды  қорғау  жолында  зор  сүйіспеншілік 
танытатын  жеткіншіктер  өсіру,  дайындау  бағытында  ұстаздар  қауымы  аянбай 
ізденуге  тиіс.  Бала  –  бүкіл  елдің  жарқын  болашағы,  халықтың  ататын  таңы, 
шығатын күні. Ол өз ұлтының тілін, дәстүрін, тарихын жақсы білуге міндетті. 
Ұстаздар осы тұрғыда еңбектенуге борышты. «Өнегесіз өспек жоқ» деп Мұхтар 
Әуезов тауып айтқан. Мен сол қағиданы барынша қолдаймын және бойымдағы 
бар  білімімді,  тәжірибемді  өз  мүмкіндігіме  қарай  жұмсаудан  ешқашан 
жалтармаймын»,  –  деген  мұғалім  Қ.  Нұрғалиев  елінің  болашағы  үшін  қызмет 
етті.  
Білім беру ісіндегі олқылықтар аз болмаған кезде, қалалық және ауылдық 
мектептердің  оқу-материалдық базаларының деңгейінің  арасындағы  алшақтық 
жыл  сайын  арта  түсті.  Ауылдағы  мектептер  қаладағы  мектептермен 
салыстырғанда барлық жағынан артта қалу әдетке айналып, ұлт мектептерінің 
болашағына  күмән  туа  бастады.  Мектептерде  тәрбие  жұмысы  түгелдей 
коммунистік  идеяға  бағынып,  интернационалдық  тәрбие  беру  жүйесі  кең  етек 
алды  және  догмалық  саясат  күшейген  кезде  ұлттық  тәрбие  мүлдем  естен 
шығарыла бастады. 


 
41 
Осыған  қарамастан  шығыс  даналығына  көп  үңілген  Қ.  Нұрғалиев  әуелі, 
мектептегі  мұғалімдердің  басым  көпшілігінің  ер  адамдар  болуын  жақтады. 
«Бұл  әйел  мұғалімдердің  намысына  тиетін  талап  демес  дер  едім,  -  дей  отыра, 
отбасында әке тәлімін көрмеген ұл қандай болмақ? Әкесі қасында өскен ұлдың 
айырмасына  ой  жұгіртіңізші.  Айырма  көп.  Бұны  ескергісі  келмейтін,  елегісі 
келмейтін ағайындар әлеумет мүддесі тұрғысынан мәселе шешпейтіндігін ғана 
дәлелдейді» деген пікірде болды. Осындай ұлағаты мол сөздерді 24 жыл бұрын 
айтса да қазіргі таңда өзектілігі еш кемімеген [33, 367 б.]. 
«Әскери-патриоттық  тәрбиенің,  жалпы  патриоттық  тәрбиенің  еркек 
мұғалімдерсіз  көздеген  мақсатына  толық  жеткенің  көргеніміз  жоқ.  Жігерлі, 
тұлғалы,  шыныққан  шымыр  азамат,  Отанды  жан-тәнімен  сүйе  білетін  ойлы 
азамат, халқымыздың ертедегі, бүгінгі қаһармандар, өмір жолынан қызғылықты 
хикаялар  шертетін  азамат  мұғалімдер,  мейлі  қай  пәннен  сабақ  берсе  де,  жас 
ұландарды  еліктіре  біледі,  бұл  сезімді  ояту  үлкен  жеңіс.  Шын  еркекке  тән 
мәрттік,  айбын,  бағландық,  нарлық,  керек  десеңіз  арыстандық,  ол  аз  болса 
көкжалдық «нәзік жыныстан» табыла қоймайтынын неге тура айтпасқа» дейді 
Қ.  Нұрғалиев  [33,  368  б.].  Оның  ойларының  тереңдігі,  айшықталып  айтылуы 
қазіргі  біздерді  ойландырмай  қоймайды.  Әйел  теңдігін  алға  тартқан  кеңестік 
тоталитарлық жүйеде оның бұл мақаласы сынға ұшырамай қоймады. Ол қазақ 
халқының рухани өміріне қатысты оқиғалардың бәріне өз көзқарасын білдіруге 
тырысты.  Құмаш  Нұрғңалиевтің  саналы  ғұмырындағы  кәсіби  шығармашылық 
жолында өзінің ұлттық ұстанымы берік болды. 
Бала  тәрбиелеудегі  Шығыс  даналығын  ескерген,  орыс  педагогтарының 
тәжірибесіне  сүйенген  ұстаз  Құмаш  Нұрғалиұлы  Нұрғалиев  мектеп,  мұғалім, 
оқушы, ата-ана ұғымын бір-бірінен бөліп-жармай бірлікте қарады. Ұрпақтарға 
сапалы білім беру үшін мемлекет тарапынан қажетті қаржы бөлінуін талап етті. 
Қаржы  неғұрлым  көп  бөлінсе,  нағыз  білімді  оқытушы  да,  мектепке  қажетті 
техникалық  құрал-жабдықтар  да,  түрлі  үйірмелердің  нақты,  жемісті  жұмыс 
істеуі де, жастардың жан-жақты білім алуы да толық шешімін табады. Ал оқу-
ағарту  саласын  қаржыдан  қысу  діттеген  арманыңды  іске  асыруға  кедергі 
келтіреді.  Бұдан  мемлекет  ұтылады.  Білікті  кадрсыз  мемлекет-әлсіз  мемлекет. 
Болашақтың тірегі жастар. Жастарымыз білімді, білікті болмай мемлекетіміздің 
қуатты болуы екіталай. Сондықтан бар жағдайды ұрпақтарға жасауымыз керек, 
деген  қағидатты  ұстанды.  Өзі  бас  болып,  жастардың  қамын  бірінші  орынға 
қойды [53, 76 б.]. 
Қаншама  игі  жақсылармен  Д.  Қонаев,  К.  Балахметов,  М.  Ғабдуллин,                  
С. Мұқанов, Ә. Нұршайықов, М. Әлімбаев сынды азаматтармен ұлт болашағы 
жөнінде  талай  пікірлес  болып,  ғибрат  алды.  Ұлттық  рух  ықпалымен 
тәрбиеленіп,  педагогтық  жолға  берілген  Қ.  Нұрғалиев  ендігі  жерде  жергілікті 
өкімет басшылығына  құлша  бағынып отыра  бермейді, алған  бетінен,  ұстанған 
жолынан танбайды. Педагогикалық, басшылық қызмет жолына түсіп, халқына 
еңбек  етіп,  халық  ағарту  ісіне  қаншалықты  батыл  кіріскен  сайын,  ол  өзінің 
қолының  соншалықты  қысқалығына,  құқығының  кемдігін,  халқының  ғылым 
мен  техника  жаңалықтарынан,  білімнен  кенже  қала  бастағаның  айқын  көре 
бастайды.  Бірақ  оған  мойымай,  ұрпақ  тәрбиесіне  бөлінген  қаржы  он  есе 


 
42 
артығымен  қайтатына  көз  жеткізді.  Сол  үшін  тер  төкті,  әрбір  министрліктін, 
әрбір  басшының  есігін  қақты.  Қайтпас  қайсар,  табанды  болды.  Әкімшіл-
әміршіл жүйе күшейіп тұрған, қатал заманда өзін мойындата білді [38, 98 б.]. 
«Менің  бақытыма  қарай,  ойға  алған  іс-шараларымды  орындауға  халық 
силап  Димаш  атандырған  ірі  мемлекет  және  қоғам  қайраткері,  академик                        
Д.А. Қонаевтың  қамқорлығы,  мейірімді  жүзі,  адамға  зор  ілтипаты,  рухани, 
материалдық  жағынан  қолдауы,  кадрларды  оқытып,  тәрбиелеудегі,  біліктігі 
мамандарды 
лауазымды 
орындарға 
тағайындаудағы 
асқан 
іскерлігі 
айтарлықтай  шарапатын  тигізді.  Димекеңнің  оң  қабақ  танытуының  арқасында 
аудан,  облыс  басшылары,  министрліктегілер  менің  ұсыныс-тіректерімді  жерге 
тастаған  жоқ.  Қайда  іс-сапармен  барам  десем  жол  ашық  болды.  Соның 
нәтижесінде  мектебімізге  қажетті  мұқтаждықтарымызды  өзіміздің  шешуімізге 
жағдай жасалды. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмекті біз тиімді пайдалана 
білдік, ерінген де, қажыған да жоқпыз. Енді өзіміз өсіріп, өндірген жемісіміздің 
игілігін  қоғамымыз  көрсе  екен,  деп  тілеймін»,  –  деген  Құмаш  Нұрғалиев 
[39, 100 б.]. 
Ұстаз болып қалыптасу барысында ол қала мен ауыл арасындағы қарама-
қатынаста жіктелуді айқын көрді. Мұнда жіктелудің терең үрдісі жүріп жатыр 
және  бұл  ретте  алшақтық  үнемі  ұлғая  түсуде.  Орталықтан  қиындықпен 
бөлінген қажетті ресурстар қалаларда қалып қойып ауылдарға жетпейтіндігінен 
ауыл  мектебі,  ауыл  мұғалімі,  ауыл  оқушысы  зардап  шегетінін  көрді.  «Судың 
көбеюі,  қайраннан  барлық  кемені  көтереді»,  -  демекші  оны  өзгертуге 
болатының мойындады. Оны түбегейлі өзгерту қоғамнан басталатынына емес, 
реформалардың күшіне сенді. 
Тарихқа көз жүгіртсек –  Ресей басқыншылары  мыңдаған жылдық  тарихы 
бар  іргелі  қазақ  елін  бодан  етіп,  еркін  билеп-төстеу  үшін  оның  рухани 
тұтастығын  ірітуде,  өткеніне  балта  шабуды,  тілін,  әдет-ғұрпын,  дінін,  салт-
дәстүрін,  билігін  жоюды  мақсат  етті.  Азып-тозған,  жадынан  айырылған 
халықты айтқанына көндіріп, айдауына жүргізу оңай деп білді. Жұртшылықтың 
қанын  теспей  сорды.  Наразылық  білдірген  жергілікті  ұлт  өкілдерін  аяусыз 
жазалап  отырды.  Бұл  арам  пиғыл  Кеңес  өкіметі  кезінде  де  әрі  жалғасты. 
Әлихан,  Ахметтер  кеңестік  дәуірдің  құрбандары.  Құмаш  аға  тарихшы  ұстаз, 
ізденімпаз  педагог,  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  азамат  болғандықтан  қинаятқа 
ұшыраған алдыңғы ағалардың еңбектерімен, ұстаздық тағылымдарымен жақсы 
таныс  еді.  Солардың  орындай  алмай  кеткен  армандарын  іске  асыруға  орасан 
зор  күш-қайрат  жұмсады.  Ұрпақтардың  тағдыр  тәлкегіне  ұшырамауы  үшін, 
өркениетті  елдердің  жастарынан  кенже  қалмауы  жолында  аянбай  еңбек  етті. 
Бұл  сапарда  бойындағы  бар  білімін,  қажет  кезде  денсаулығын  да  аяған  жоқ. 
Ұрпақ қамы жолында қандай қиыншылыққа болса да төзіп бақты. 
Құмаштың  педагогикалық  көзқарастарының  қалыптасуында  өзі  өмір 
сүрген  дәуірдің  қоғамдық  көріністері,  ақыл-ой  ізденістері,  талғамды 
тұжырымдары із қалдырды. Оның педагогикалық ойының ең басты ерекшелігі - 
адамға  шынайы  патриотизмі,  халқына  деген  сүйіспеншілігі,  оның  болашағы, 
бақыты  үшін  күресуге  дайын  және  оған  жету  жолдарын  өз  мүмкіндігінше 
көрсете білдіруі болды. 


 
43 
Құмаш  Нұрғалиев  қазіргі  ағарту  ісінің  проблемасы  мектептің  өмірден 
алшақтығы,  оқушылардың  әлеуметтілігін  қамтамасыз  ете  алмайтын,  оқудың 
ағартушылық  сипатының  жетімсіздігі  деп  есептеді.  Сондықтан  да  Құмаш 
Нұрғалиев  мектепті  кең  әлеуметтік  қатынастар  жүйесі  ретінде  қарап,  жеке 
тұлғаның дамуы оның байланыстарының дамуы, ал тәрбие – осы қатынастарды 
мақсатты  басқару,  оларға  болжам  жасау,  құрастыру,  ретке  келтіру  деп  білді. 
Құмаш  Нұрғалиевтің  жаңашылдық  қызметін  ретроспективтік  талдау,  оның 
ауыл мектебін дамыту жөнінде жасаған тұжырымдамасы, бізге бірнеше негізгі 
мәселелерді  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Біздің  көзқарасымызша,  оның 
жаңашыл  педагогикалық  идеяларының  нәтижелілігінің  айқын  куәсі  мектеп 
түлектерінің әлеуметтік мәртебесі болып табылады. 
Ғасыр  ауысып,  үшінші  мыңжылдықтың  келіп  жеткеніне  он  шақты  жыл 
болды. Адамзаттың керуен көші айбынды асудан асып, жаңа дәуірдің жарқын 
жолына түсті. Тәуелсіздік туы желбіреген туған еліміз ескі күндерді есіне алып, 
ой  елегінен  өткізіп,  көне  тарихымызды  қайта  жаңғыртуда.  «Өткенсіз  бүгін 
жоқ»,  –  демекші,  бір  қуанарлығы  халқымыздың  сан  жылдар  бойы  жоғалтпай 
сақтап келе жатқан алтынға бергісіз асыл дүниесі бар. Ол – қазақтың өсіп келе 
жатқан  жас  ұрпақ,  ұлтжанды  азаматтары.  Мектеп  тарихы  әлемінде  Құмаш 
Нұрғалиевтің  орны  бір  төбе.  Ол  еккен  тал-шыбықтар  бүгінде  ну  орманға 
айналды десек, артық айтқандық емес. 
Құмаш  Нұрғалиұлы  Нұрғалиевтің  ұстаздық  өнегесі,  тәрбиелік  тағылымы, 
өмірге  құштарлығы,  адамды  жатырқамайтын  мінезділігі,  қайсарлығы  мен 
ізденгіштігі,  шәкірт  алдындағы  беделі,  Отанға  сіңірген  еңбегі,  қайраткерлігі 
мен ұлтжандылығы, бауырмалдығы мен іскерлігі жайлы түрлі ұлт өкілдері, әр 
түрлі  мамандық  иелері  жазған  хаттар,  естеліктер  жүрек  толқытпай  қоймайды. 
Сонымен қатар оның өміріне тереңірек үнілсек ұлылыққа деген қадір-құрметті 
саралай, сараптай аламыз.  
Құмаш Нұрғалиевтің осындай адал да, арынды еңбегі әрбір шәкіртке, әрбір 
қол  астында  еңбек  еткен  ұстазға  жарық  жұлдыздай  анық  жол  екені  ауылға 
барғанда,  мектепке  кіре  берісте  «Боранның  оқушылары  Москваның 
оқушыларынан  еш  кем  емес!»  деген  мағынасы  терең  сөз  жолдары  келер 
ұрпаққа  үлгі  болар  ұлы  сөз  екендігін  байқатады.  Білікті  ұстазды  қадірлей 
білген, шын мәніндегі еңбек адамының нағыз еңбегін байқай да, бағалай білген 
Құмаш  Нұрғалиев  «болмасаң  да  ұқсап  бақ»  деп,  кейінгі  кауымға  үлгі  етерлік 
тұлға. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет