Чекетаева роза



Pdf көрінісі
бет26/62
Дата06.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#11715
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
чекетаева пособие 1 изд2

Агенттік  (агенство)  –  саяси  экономикалық  оқиғалар  туралы,  ғылыми-
техникалық  және  мәдени  өмір  туралы,  материалдар  жинайтын, 
дайындайтын мекеме. Мысалы: Баспасөз жаңалықтары агенттігі, Советтер 
одағының телеграф агенттігі, Юнайтед Пресс Интернейшнл. 
Адам құқы - белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен 
мемлекет  арасындағы  ережелердің
 
өзара  қатынастары,  кепілдіктері.  Олар, 
негізінен, 1948 жылы  Б¥¥  Бас  Ассамблеясы  қабылдаған  "Адам  құқығының 
жалпыға бірдей Декларациясында" көрсетілген. 
Адамгершілік - әлеуметтік институт. Жұрттың тәртібін реттеп отыратын жүйе. 
Моральдық  өлшемдер  заңға  сүйенбейді,  қоғамдық  көзқарас  арқылы 
қалыптасады. 
Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғам. 
Бұл  қоғамда  мемлекеттің  жеке  адам  өміріне  араласуына  шек  қойылады. 
Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары 
сақталады. 
Актуальді  –  қазіргі  уақыт  талабы  үшін  аса  маңызды,  көкейкесті,  алда  
қалыптасуына дейінгі дәуірді қамтиды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет