Агенттік (агенство) – саяси экономикалық оқиғалар туралы, ғылыми-
техникалық және мәдени өмір туралы, материалдар жинайтын,
дайындайтын мекеме. Мысалы: Баспасөз жаңалықтары агенттігі, Советтер
одағының телеграф агенттігі, Юнайтед Пресс Интернейшнл.
Адам құқы - белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен
мемлекет арасындағы ережелердің
өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар,
негізінен, 1948 жылы Б¥¥ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Адам құқығының
жалпыға бірдей Декларациясында" көрсетілген.
Адамгершілік - әлеуметтік институт. Жұрттың тәртібін реттеп отыратын жүйе.
Моральдық өлшемдер заңға сүйенбейді, қоғамдық көзқарас арқылы
қалыптасады.
Азаматтық қоғам - жеке тұлғаның емін-еркін дамуынқамтамасыз ететін қоғам.
Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады.
Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары
сақталады.
Актуальді – қазіргі уақыт талабы үшін аса маңызды, көкейкесті, алда
қалыптасуына дейінгі дәуірді қамтиды.