ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР Аннотация Бұл мақалада еліміздегі цифрландыру жүйесі мен оның жолға қойылу бағыттары айқындалады. Бүгінгі күні экономикада цифрландыру мәселесінде кездесіп жатқан негізгі мәселелер қарастырылып, оның шешу жолдары баяндалады. Сөз соңында цифрландыру саясатында жеткен жетістіктер аеықталады.
Цифрландыру дегеніміз- бұрын-соңды адамзат қауымы бастан кешпеген ғажайып әлем құралдары деп айта аламыз. Себебі, ежелгі ата- бабаларымыз армандаған “құс секілді ұшу”, “ балық секілді суда еркін жүзу”, алыстардан оңай хабар алу бұлардың барлығы қазіргі таңда еш қиындықсыз жүргізіледі. Себебі, біздің дамыған заманда барлығы жоғарғы технологиялардың негізінде мүмкін болып отыр.
Біздің күнделікті өмірімізге тез енетін жаңа технологиялар бір негізгі сапаға ие: олар жеке адамның да, экономиканың барлық секторларының да тиімділігін едәуір арттырады. Адамзаттың жаңа технологиялық серпілісінен туындауы мүмкін өнімділіктің өсуі-бұл жаңа мүмкіндіктер, сонымен қатар экономиканың даму параметрлеріне де, өмір сүру деңгейіне де айтарлықтай әсер ететін жаңа тәуекелдер.
Көптеген адамдар үшін цифрлық технологияны түсіну ең алдымен тұтынушылық қызметтер нарығымен байланысты. Біз оның біздің көз алдымызда қаншалықты тез дамып жатқанын көреміз. Мысалы, біздің өмірімізді едәуір жеңілдететін жаңа экожүйелер құрылуда, азаматтың мемлекетпен, қаржы институттарымен, сауда ұйымдарымен диалогы айтарлықтай жеңілдетілді.
Бүгінгі таңда кейбір елдерде кәсіпорындардың мен ұйымдардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында материалдық және материалдық емес өндіріс саласында заманауи цифрлық технологияларды енгізу мен пайдалануды білдіретін цифрлық трансформация тиімдірек жүргізілсе енді бірінде кешеуілдеп даму үстінде. Дегенмен дамыған мемлекеттер бойынша цифрлық трансформация саясатының жетістігі ең алдымен:
- кәсіби кадрлардың болуы;
- кәсіпкерлік серіктестіктің қызығушылығы мен мүмкіндіктері;
- материалдық-қаржылық ресурстардың болуы;
- басқару жүйесі;
ел басшылығының саяси еркінің болуымен өлшенеді.
Цифрлық технологияның дамуының экономикаға тигізер пайдасы мен қатар зияны да бар. Пайдасына әлемді цифрлы құралдармен бағындыруға болатынын жатқыза аламыз. Себебі, қазіргі заманда технологияның көмегінсіз еш нәрсе жасай алмайтындай жағдайда жетіп отырмыз. Ал оның зияны қандай? Осыған тоқтала өтетін болсақ, төмендегіше сипаттауға болады.
-адам жадын нашарлатады. Адам ойында егер смартфондар болса, неге есте сақтау керек деген сұрақтар туындатады.
- адамның кеңістіктік-географиялық бағдарлау дағдыларын тежеу, адамды смартфондарға салынған навигаторларға тәуелді ету
- қолмен жұмыс істеу қабілетін төмендету;
-өз ойларын анық, анық, әдемі білдіру қабілетін өлтіру-
аналитикалық ойлауды клиптік санамен ауыстыру.
Бұл адам денсаулығына төндірер қауіп-қатерлер болса, экономикада адам мен қоғам өмірінің бүкіл жүйесін цифрландыру прогреспен бір уақытта келесі қауіптерді тудырады:
- жұмыссыздықтың өсуі;
- қоғамның одан әрі поляризациясы және теңсіздіктің күшеюі;
- киберқауіпсіздік тәуекелдері мен мәселелері;
- интернет-алаяқтық, вирустарды енгізу, хакерлікті күшейту;
- киберқылмыстың, терроризмнің және ұйымдасқан қылмыстың жаңа кезеңінің басталу қауіпі сынды мәселелердің туынлауы мүмкін.
Сонымен бірге цифрландыру экономикада қылмыс пен терроризмнің сипатын өзгертіп белгілі бір объектілерге жердің кез келген нүктесінен қашықтықтан шабуыл жасауға мүмкіндік беретін жаһандық ауқымда жаңа қауіптерді туғызады. Банк-қаржы саласында және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде жеке өмірге, отбасылық құпияға қол сұғылмаушылықты бұзу саласында компьютерлік қылмыстың ауқымы айтарлықтай өсуде. Еліміздің сауда-саяси басымдықтары сонымен қатар, жеке ақпараттың бұзылуы орын алуда, қаржы-экономикалық және әскери-стратегиялық объектілерге интернеттік шабуыл жасау қылмыстары жиі байқалуда. Мұндай заңсыз әрекеттерге тек барлық елдердің біріккен күш - жігерімен, киберқылмыспен күресудің бірыңғай әдістері мен ережелерін енгізуді, әріптестікті дамытуды, тұрақты байланыстар мен ынтымақтастықты қолдауды қоса алғанда, қауіпсіздіктің жаһандық архи-тектурасын құрумен ғана қарсы тұруға болады деп ойлаймын.
Мысалы, қарапайым халық өз ақшасын көбінесе жинақ банктеріне табыстап, белгілі бір мөлшерде қаражат жинауы мүмкіг. Бірақ, оның деректерінің дұрыс сақталмауы есебінен ол өз қаражатынан айырылып қалады. Немесе қазіргі таңда интернет арқылы алдайтын алаяқтардың көбеюі екі есеге артуда. Кез- келген адамға хабарласу арқылы белгілі бір алаяқтық топ өкілдері бір адамның ауқымды зат ұтып алғандығын баяндайды. Ол көлік, үй, телефон секілді заттар болуы мүмкін. Ол адам өзінің шынымен ұтысты болғанына қуанып, олардың сұраған қаражатын( жеткізіп беру қызметіне, алдын ала ұтысын сақтап тұру үшін ) салып жібереді. Бірақ түбінде ол адамны ешқандай ұтысты болмағанын жәй ғана алаяқтардың құрбанына айналғандығын біледі. Осындай жайттар бүгінгі күні қоғамба сағат сайын әрбір жерде орын алуда. Алаяқтар цифрлық технологиялардың түрлі жолын қолдану арқылы өз ойларын іске асыра алады. Дегенмен, оларлың шынайы есімдері мен тұрғылықты мекн- дайларын анықтау қиынға соғады. Себебі, цифрлық технологияның дамыған түрлері арқфлы өз мәліметін жасырын ұстай алады. Бұл қащіргі таңда экономикаға зиянын тигізіп отырған басты мәселелер қатарында.
Сөзімізді қорытындылай келгенде, цифрлық технологиялардың жетілуі адамның күнделікті өмірде істейтін жұмысын жеңілдетіп, кез-келген қиын мәселелердің жолын тауып беруі бек мүмкін. Бірақ, оның ең біріншіден адам денсаулығына тигізетін зиянын білуіміз қажет. Екіншіден, экономиканың дамуына және адамның жеке басының қауіпсіздігнің бұзылуына келтірер зиянын ұғынғандығымз дұрыс болар. Кез келген адвм болсын, компания не шағын, орта бизнес өкілдері үшін қазіргі таңда өз мәліметтерінің дұрыс сақталуы, өркендеуу, өсуі маңызды болып табылады. Ал қауіпсіздіктің болуы үшін бүкіл әлем цифрландыру саясатының тиімділігін ойлап таба білуі керек деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: 2010ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Нурсұлтан: 2020ж.
2017-2021 жылдарға арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. – Астана: 2017ж.
http://nci.kz/ru/content/uchebno-metodicheskie-posobiya-po-ispolzovaniyu-cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov-v-uchebnom - сандық білім беру ресурстарының қолданылу әдістемесі.