Реферат Тақырыбы:«Киберқауіпсіздік»



Дата28.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#87663
түріРеферат
Байланысты:
кибербезопасноть[1]

Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі




Реферат
Тақырыбы:«Киберқауіпсіздік»
Пәні:Инфоматика
Орындаған:Хазипан
Дариға Абатқызы
Тобы:11/22/14
1-курс студенті
Тексерген:Габдулова
Айгул Ермековна


Атырау 2023
Киберқауіпсіздік деген не?

Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін киберқауіпсіздік бұл электрондық нысандағы ақпараттың және оның өңдеу, сақтау, беру (электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды) ортасының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу жағдайы, яғни ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік деп түсіндіріледі.


Ақпаратты немесе электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған физикалық, техникалық, бағдарламалық, криптографиялық және әкімшілік шаралар кешені. Ақпараттық қауіпсіздіктің классикалық үлгісі ақпараттың қауіпсіздігі үшін маңызды үш белгіні қамтамасыз етуге негізделеді: құпиялық, тұтастық және қолжетімділік. Ақпараттың құпиялығы онымен өзінің иесі белгілеген қатаң шектелген адамдар тобы ғана таныса алады дегенді білдіреді.Егер ақпаратқа қолжетімділігі жоқ адам алатын болса, рұқсат етілмеген қолжетімділікке немесе құпиялықтың бұзылуына жол беріледі.Заң немесе иесі қорғайтын ақпараттың кейбір түрлері үшін құпиялық ең маңызды белгілерінің қызметтік ақпарат, заңмен қорғалатын құпиялар түрлері, қолжетімділігі шектеулі жеке деректер, мысалы, банктің клиенттері, кредиторлары туралы мәліметтер, салықтық деректер, медицина мекемелерінің пациенттердің денсаулық жағдайы туралы мәліметтері және т.б бірі болып табылады.


Ақпараттың тұтастығы – ақпараттың (деректердің) бұрмаланбаған түрде сақталу қабілеті. Ақпараттың заңсыз және иесі көздемеген өзгеруі (оператор қатесінің немесе уәкілеттігі жоқ адамның қасақана іс-әрекетінің нәтижесінде) тұтастықтың бұзылуына алып келеді.


Әсіресе аса маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеуімен байланысты деректердің тұтастығы ерекше маңызды (мысалы, әуе қозғалысын, электрмен және энергиямен жабдықтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелері және т.б.Ақпараттың қолжетімділігі ақпараттық жүйенің тиісті өкілеттіктері бар субъектілерге ақпаратқа дер кезінде бөгетсіз рұқсат беру қабілетімен анықталады. Ақпаратты жою немесе бұғаттау (қателіктің немесе қасақана іс-әрекеттің нәтижесінде) қолжетімділіктің жойылуына алып келеді.Қолжетімділік – ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді беру (банктік қызметтердің ақпараттық жүйелері, интернетте өнімдерді интернет-ресурстармен және электрондық БАҚ-пен тарату) жолымен клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі үшін маңызды белгі. Уәкілетті пайдаланушы белгілі бір қызметтерге (көбінесе желілік) рұқсат ала алмайтын жағдай қызмет көрсетуден бас тарту деп атайды.



Шабуылдардан қалай қорғануға болады?
1)Бағдарламалық құралды және операциялық жүйені жаңартыңыз. Жаңа бағдарламалық құрал арқылы сіз соңғы қауіпсіздік түзетулерін аласыз.
2)Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдаланыңыз. Kaspersky Total Security сияқты қауіпсіздік шешімдері қауіптерді анықтауға және жоюға көмектеседі. Максималды қауіпсіздік үшін бағдарламалық құралды жүйелі түрде жаңартыңыз.
3)Күшті құпия сөздерді пайдаланыңыз зиянды бағдарламалармен былғанған болуы мүмкін.
4)Қоғамдық орындарда қорғалмаған Wi-Fi желілерінен аулақ болыңыз - олар Man-in-the-Middle шабуылдарына осал.
5)банк карталары арқылы ғаламтордан зат тапсырыс бергенде немесе онлайн төлем пайдаланар алдында сұратылып отырған деректердің, ақпарат алушы тараппен толық танысып алыңыз. Сондай-ақ, жекеге жазатын карта нөмірін (әсіресе артқы үш цифрлы кодты) сұрататындар үшін абай болыңыз. Ақпараттарды кім болса, соған бере бермеңіз.
Киберқауіпсіздік не үшін қажет ?
Өйткені хакерлерге біздің жеке ақпаратымыз кибербуллинг немесе қоқан лоқы көрсету мақсатында керек болуы мүмкін .Иа әдетте,көп адамдар жеке ақпартты ақша талап ету мақсатында қолдану мүмкін.Сондықтан барынша жеке ақпаратымызды сақтап жүрген жөн!




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет