Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні бойыншажүргізілетінэлективтік курстардыңтақырыптары Білім алушыларды робототехника, программалау, 3D-модельдеу қызықтырады. Осы қызығушылықтарды жүзеге асыру үшін неғұрлым күрделі дағдылар мен құзыреттіліктер қажет. Озық технологияларды меңгеру, топта жұмыс
істеуді үйрену және «Информатика» пәнінен алған дағдыларын дамыту, жобалық жұмыстарды жүргізу үшін үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонент есебінен:
4, 5-11 - сыныптары үшін «Робототехника»;
8, 9 – сыныптары үшін «3D-модельдеу»;
6, 8-11 сыныптары үшін «Python тілінде программалау» элективті курстарын жүргізу ұсынылады.
Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатынәдістемеліктақырыптар Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде «Информатика» пәні бойынша қарастыру үшін ұсынылатын өзекті мәселелер мен тақырыптар:
Информатика пәні бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу;
«Цифрлық сауаттылық», «Информатика» пәндері бойынша оқулықтар тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 286 бұйрығымен бекітілген.