Қызықты геометрия Мақсаты



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі161,5 Kb.
#127623
  1   2   3

Қызықты геометрия
Мақсаты:
1) Оқушылардың геометрияға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу.Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.
3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
сайысқа қажет форматтағы математикалық кестелер, суреттер, тапсырмалар, үлестірме карточкалар, мультимедиялық проектор, компьютер
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі:ойын,жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі:корточка,интерактивті тақта
Математикалық сайыстың барысы:
І. Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар! Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Бүгінгі біздің «Қызықты геометрия» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Орыс ғалымы М.Ломоносов « Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек»- деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.
Математикалық сайыс-бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн.
Жүргізуші: Сайысымызды бастамастан бұрын әділ – қазылар алқасымен танысалық.
Әділ-қазылар алқасы:
1.
2.
3.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтар:
І топ:
ІІ топ:
Сайыстың шарттары:

І. «Қас-қағым сәт»
ІІ. Ауызша есептер
ІІІ. Логикалық тапсырмалар
IV. “Криптограмма”
V. Шығармашылық жұмыс

Жүргізуші: Сайысымыздың І бөлімі «Қас –қағым сәт». Әр топқа жеке – жеке сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет