Цифрлық сауаттылық


) 3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты



бет2/3
Дата08.10.2022
өлшемі19,39 Kb.
#41952
1   2   3
3) 3-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты; «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:
1. «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.
2. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);
3. «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.
4. «Есептей білу». Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі. Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу.
5. «Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.
4) 4-сыныпта аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1. "Компьютер": компьютер құрылғылары: ғылыми-техникалық прогрестің компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері. Қауіпсіздік: сенімді пароль өлшемшарттары;
2. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу". Мәтін: мәтіндегі кестелер. Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен дыбысты орналастыру. Мультимедиа: бейнеролик жасау.
3. "Интернет желісіндегі жұмыс". Ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу. Ақпарат алмасу: браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу). Электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.
4. "Есептей білу". Алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары. Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; өз жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.
5. "Робототехника": түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет