Іскерлік салада. Бұлттық технологиялар – іскерлік саланы ұйымдастырудың оңтайлы тәсілі. Онлайн жұмыс орнының анағұрлым ұлғаюы мен жалпыға қолжетімді болуы – үлкен мүмкіндік. Іскерлік сала үшін тапсырыс беру мен тапсырыс алу арасындағы байланыс «жылдамдығы» маңызды. Сонымен қоса бірлескен орта, кездесулерді жоспарлау, онлайн-видеоконференцияларды ұйымдастыру, ортақ файлдарды өңдеу және т.б.әртүрлі қызмет түрлерін кез келген құрылғылар арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқаруға болады. Іскер адам қазіргі технологиялардың дамуының арқасында өз ісіне ыңғайлы бұлттық технологияларды таңдайды. Іскерлік салада қолданыста жүрген бұлттық технологиялар: SmartCloud, IT-Grad, Microsoft Hosted Exchange және т.б. Google Classroom жұмыс жасау функциясы
GOOGLE CLASSROOM - GOOGLE компаниясы әзірлеген ақысыз веб-сервис немесе платформа, яғни барлық функциялар бір жүйеде біріктірілген, оқу қажеттіліктері бойынша өңделген мұғалімдер мен оқушылар арасында файл алмасу процесін жеңілдету болып табылады. Ерекшеліктері: Кез келген құрылғылар арқылы қашықтықтан басқару; Арнай программаны жүктеп орнатуды қажет етпейді; Веб-сервис түрлерінің ақысыз берілуі (Google Диск 15 ГБ көлемді ақысыз орын беріледі); Google Classroom ұсынатын вес-сервис түрлері: Google Drive, Google Docs, Google Hangouts, Google Calendar, Gmail. Learningapps.orgсервисінің жұмыс жасау функциясы. Бұлттық технологиялар құрамына енгізуге болатын қосымша сервистер
LearningApps.org интерактивті модульдердің көмегімен оқу процесін қолдау үшін арналған Web 2.01 қосымшасы болып табылады. Бұл модульдер тікелей материалдарды оқыту процесінде, сондай-ақ өз бетінше зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Платформа білім беру мекемелерінің барлық түрлері үшін ашық: балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, кәсіптік-техникалық училищелер, техникумдар және т. б. Пайдаланушылар үлгі ретідегі модульдерді қолдана алады, оларды өзгерте алады және ұсынылған конструктор мен шаблондарды қолдана отырып жаңа модульдер жасай алады. Интерактивті тапсырмалар тақырып категорияларына сәйкес ұйымдастырылады. Орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, итальян және басқа тілдердегі веб-сайттар мен тапсырмалар (модульдер) бар.