Цифрлық технологияларға сипаттама берініз



бет1/37
Дата20.12.2023
өлшемі93,32 Kb.
#141825
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
ЦКТ жауабы


  1. Цифрлық технологияларға сипаттама берініз

Цифрлық технология термині (digital technologies) ағылшын тіліндегі педагогикалық әдебиеттерде қолшатыр термині ретінде қолданылады. Оның ішіне әртүрлі жақында пайда болған (бұлтты, мобильді, ақылды технологиялар) және дәстүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кіреді.
Цифрлық технологиялар – бұл ақпараттық қоғамдағы өмірге бейімделген тұлғаны тәрбиелеуді, тәрбиелеуді қарқындату және оңтайландыру мәселелерін табысты шешетін құрал. Цифрлық әлемге өту соңғы екі онжылдықтан аса уақытта қарқынды дамып келеді. Бүгінгі күні цифрлық технологиялар жаһандық экономикалық дамудың негізгі факторларының біріне айналып отыр.

  1. Цифрлық технологиялар артықшылығын атап беріңіз

Жеке мәліметтерді сақтау және өңдеу. Цифрлық технологияларды пайдалану арқылы адамдар өз жеке мәліметтерін сақтау, оларды анықтау, және оларды өңдеу мүмкіндіктерінің артықшылығына ие болады.
Біріншіден, цифрлық техникалар,жүйелер оңтайлы түрде жасалады, жобаланады, яғни мұнда стандартты кілттік сұлбалар қолданылады.
Екіншіден, ақпаратты сақтау ыңғайлы, арнайы құрылғылар мен сұлбалар ақпаратты тез арада санап, ұзақ және кең көлемде көлемде сақтауға арналған.
Үшіншіден, жоғары дәлдік. Аналогты жүйелерде берілетін ақпарат, оны беруге қатысатын кернеу мен токқа, сұлбаға, оның компоненттеріне, пайда болу мүмкіншілігі бар шуылдарға тәуелді. Ал, мұнда ондай тәуелділік жоқ. Сондықтан, цифрлық жүйелерде ақпарат жоғары дәлдікпен беріледі.
Төртіншіден-цифрлық жүйелер құрылғылар оңай және оңтайлы түрде бағдарлама көмегімен жұмыс істей алады,яғни мұндай жүйелер арнайы командалар мен бағдарламалар көмегімен жұмыс істейді.
Бесіншіден-,шуылдар мен бөгелулерге аз тәуелділігі.
Алтыншыдан-,сұлбалық шешімдердің көптігі және оларды ИМС түрлерінде жасау мүмкінділігі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет