11. Жоғары мектепті басқару заңдылықтарын анықтау;
12. Т.Б
Жеке тұлғаны әлеуметтендіру.
«Әлеуметтендіру дегеніміз жеке тұлғаның қалыптасуы, оның белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-құлық үлгілерін, құндылықтарды, нормаларды, нұсқауларды меңгеруі»
Педагогика ғылымы контексінде қарастырылған әлеуметтену, жеке тұлғаны дамыту үшін кем дегенде 3 параметрді бөліп көрсетуді міндеттейді.
Біріншіден, ол мақсатты анықтау параметрі.
Екінші параметр, әлеуметтенудің педагогикалық құбылыс ретінде жеке тұлғаны жаңа мазмұнда дамыту аймағындағы бүгінгі ізденістермен байланыстылығы.
Үшінші параметр, әлеуметтенудің педагогикалық мәнінің индивидтің әлеуметтік тәжірибені игерудің нәтижелі тәсілдерін іздестірумен анықталу.
Жеке тұлғаның қалыптасуы ең алдымен 3 сферада жүзеге асады:
Қарым-қатынас
Өзіндік сана
іс-әрекет
Іс-әрекет
Іс-әрекет әлеуметтену процесі бойында индивид іс-әрекетінің кеңейтілген «каталогымен» байланысады, демек іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгереді. Осылайша, 3 ерекше маңызды үдеріс жүзеге асады. Олар, біріншіден, әр түрлі іс-әрекет туралы арасындағы байланыс жүйесіндегі бағыт-бағдар. Бұл үдерістің нәтижесі – жеке тұлғаның іс-әрекет түрін таңдап алуы. Осының салдарынан екінші үдеріспайда болады – басты іс-әрекеттің орталықтануы (шоғырлануы), оған басқа іс-әрекет түрлерінің бағынуы. Үшінші үдеріс – іс-әрекетті меңгеру барысында жеке тұлғаның жаңа рольдерді меңгеруі мен олардың мәнін, маңызын сезінуі.