Циклдік операторлар. Цикл түрлері



бет1/3
Дата01.11.2022
өлшемі31,16 Kb.
#46779
түріКонспект
  1   2   3

№6 дәрістің тақырыбы: Циклдік операторлар. Цикл түрлері.

Терминдер мен анықтамалар


1.Параметрлі цикл
2. Әзір циклі (while)
3. Дейін циклі
4. Циклді басқарудың break, continue операторлары

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


Басқа да бағдарламалау тілдеріндегі сияқты С++ тілінде де циклдің 3 түрі бар:
1) параметрлі цикл
2) әзір циклі (жалғасу шарты бар цикл)
3) дейін циклі (аяқталу шарты бар цикл)
Параметрлі циклдің жалпы түрдегі жазылу түрі:
for (1 - өрнек; 2 - өрнек; 3 - өрнек)
оператор;
Әзір циклінің жалпы түрде жазылуы:
while (шарт)
оператор;
Әзір шарттың нәтижесі ақиқат болғанда, яғни шарттың мәні 0-ден өзге болғанда цикл денесі орындалады.
Циклдің орындалуын басқару үшін Паскаль тіліндегі сияқты continue және break операторлары қолданылады.
Сontinue операторы циклді аяқтамай, оның орындалуының кезекті қадамын тоқтату қажет болғанда қолданылады. Break операторы циклді тоқтатуды жүзеге асырады.
for операторы
for операторы- циклды ұйымдастырудың жалпы әдісі. Оның форматы:
for ( 1 өрнек ; 2 өрнек ; 3 өрнек ) дене
1 өрнек әдетте циклды басқаратын айнымалылардың алғашқы мәнін қою үшін қолданылады. 2 өрнек – бұл цикл денесінің орындалу шартын анықтайтын өрнек. 3 өрнек циклдың әр орындалған сайын циклды басқаратын айнымалылардың өзгеруін анықтайды.
for операторының орындалу схемасы:
1. 1 өрнек орындалады.
2. 2 өрнек орындалады .
3. Егер 2 өрнек мәні ақиқат болса, цикл денесі орындалады, 3 өрнек есептеледі және 2 пунктке өту орындалады, ал егер 2 өрнек мәні жалған болса, онда басқару for-дан кейінгі операторға беріледі.
Шарттың тексерілуі әрқашан циклдың басында орындалады. Бұл шарттың орындалуы жалған болса, онда цикл денесі бірде-бір рет орындалмайды. Мысалы:
int main()
{ int i,b;
for (i=1; i<10; i++) b="i*i;" return 0; }
Бұл мысалда 1-ден 9-ға дейінгі сандардың квадраттары есептеледі.
for операторын қолданудың басқа формасы болып шексіз цикл саналады. Мұндай циклды ұйымдастыру үшін бос шарт өрнегін қолдануға болады, ал циклдан шығу үшін әдетте қосымша шарттар мен break операторы қолданылады. Мысалы:
for (;;)
{ ...
... break;
...
}
С++ тілінің синтаксисіне сай оператор бос болуы мүмкін, for операторының денесі де бос болуы мүмкін. Оператордың бұндай формасы іздеуді ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін.
Мысалы:
for (i=0; t[i]<10 ; i++) ;
Бұл мысалда i цикл айнымалысы мәні 10-нан үлкен t массивінің бірінші элементінің мәнін қабылдайды.
while операторы
while операторы - циклдік оператор деп аталады және төмендегідей форматта болады:
while (өрнек) дене ;
Өрнек ретінде С++ тілінің кез келген өрнегін қолдануға болады, ал дене ретінде кез келген, тіпті бос және құрама операторларды да қолдануға болады. while операторының орындалу схемасы:
1. Өрнек есептеледі.
2. Егер өрнек жалған болса, while операторының орындалуы аяқталады және кезек бойынша келесі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, while операторының денесі орындалады.
3. Процесс бірінші пункттан қайталанады.
цикл операторының мына түрі
for (1-өрнек; 2-өрнек; 3-өрнек) дене ;
while операторымен төмендегіше ауыстырыла алады:
1-өрнек;
while (2-өрнек)
{ дене
3-өрнек;
}
for операторының орындалуы сияқты, while операторында да бірінші шартты тексеру орындалады. while операторын оператор денесін орындау міндетті емес кезінде қолдану қолайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет