Циклдік операторлар. Цикл түрлері



бет2/3
Дата01.11.2022
өлшемі31,16 Kb.
#46779
түріКонспект
1   2   3
do while операторы
do while циклдік операторы цикл денесін ең болмағанда бір рет орындалуы керек кезінде қолданылады. Оператордың форматы:
do дене while (өрнек);
do while операторының орындалу схемасы:
1. Цикл денесі орындалады (онда құрама оператор болуы мүмкін).
2. Өрнек орындалады.
3. Егер өрнек жалған болса,онда do while операторының орындалуы тоқтайды және кезек бойынша келесі оператор орындалады. Егер өрнек ақиқат болса, онда операторлардың орындалуы бірінші пунктан жалғасады.
Шарт жалған болғанға дейін циклдың орындалуын тоқтату үшін break операторын қолдануға болады.
while и do while операторлары ішкі операторлар болуы мүмкін.
Мысалы:
int i,j,k;
...
i=0; j=0; k=0;
do { i++;
j--;
while (a[k] < i) k++;
}
while (i<30 && j<-30);
break операторы
break операторы switch, do, for, while операторларының орындалуын тоқтатуды қамтамасыз етеді. break операторы орындалғаннан кейін басқару тоқтатылғаннан кейінгі операторға беріледі.
continue операторы
continue операторы break операторы сияқты цикл операторларының ішінде қолданылады, бірақ одан айырмашылығы бағдарламаның орындалу барысы оператордан тоқтатылған оператордан кейінгісінен емес, тоқтатылған оператордың басынан жалғасады. Оператордың форматы төмендегідей:
continue;
Пример:
int main()
{ int a,b;
for (a=1,b=0; a<100; b+="a,a++)" { if (b%2) continue; ... /* оң суммаларды өңдеу */ } return 0; }
Сандар суммасы 1-ден а-ға дейін тақ болса, continue операторы басқаруды жұп сумманы өңдеу операторын орындамай, for циклының келесі итерациясына береді.

Әдебиеттер: [1] [2] [3] 90-100 бет, [4] 202-207 бет қ[1]



Қосымша 5 дәріске
Goto өту операторы және кездейсоқ сандарды шығару

Бағдарлама құру кезінде кейде басқаруды келесі оператордан басқа операторға беруге тура келеді. Ол үшін басқару берілетін оператор арнайы таңба бойынша белгіленіп қойылуы тиіс. Таңбадан кейін қос нүкте (:) қойылады. Басқаруды операторға беру үшін goto өту операторы қолданылады.


Оның жалпы түрі: goto таңба;
Мысалы:
goto a1;

a1: оператор;
b1, c1: оператор;
goto b1;

Таңба латын әрпі немесе әріп және санмен белгіленеді. Таңба жолдың басында, сонымен қатар жеке жолда жазылуы мүмкін. Ол жағдайда таңбадан кейін нүктелі үтір белгісі қойылады және ол бос оператор деп аталады.
Мысалы:
a1:;
goto a1; Нәтижеде басқару a1 таңбалы бос операторға беріледі.
Өту операторын қолдануға мысалдар қарастырайық.
Мысал 12. Экранға 1000, 999, 998, 997 т.с.с. шексіз тізбегін шығару бағдарламасын құру керек.
#include
#include
main()
{int x;
x=1000;
a1: cout<<"\n x="<x--;
goto a1;
getch();
}

Бағдарламаны орындату нәтижесінде 1000- нан бастап бүтін сандар тізбегі кемімелі түрде экранға шығады. system("PAUSE") командасы нәтижені экранға кідіріспен шығаруды жүзеге асырады. Нәтиже экранға шыққаннан кейін жүйе кез келген пернені басуды сұрайды.

Мысал 13. ax2 +bx+c=0 квадрат теңдеуінің шешімдерін табыңдар.


#include
#include
#include
main()
{ int a, b, c, D; float x1, x2, x;
cin>>a>>b>>c;
D=b*b-4*a*c;
if (D>0) {x1= (-b+sqrt (D))/(2*a); x2=(-b- sqrt (D))/(2*a);
cout<<”x1=”<< x1<<”x2=”<< х2; goto a1; }
if (D<0) cout<<”шешімі жоқ” ; else {x=-b/(2*a); cout<<”x1=x2=”<< x;}
a1: ;
getch();
}
Бұл бағдарламада D>0 шартының ақиқат жағдайында goto a1 операторын, яғни a1- жолға өту операторын қоймаған жағдайда, экранға х1, х2 мәндерімен қатар, басқару else қызметші сөзінен кейін тұрған операторға беріліп, D=0 болғандағы х-тің мәні де шыққан болар еді. Ал мұндай жағдай бағдарламаның қате орындалуына әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет