Шаттық шеңберіне Ғажайып сәт.
Балалар бүгін бізге Қоян қонаққа келеді.
Балалардан көмек сұрайды..
Қоян: балалар мен орманда серуендеп жүр едім, менің себетімдегі сүйікті асым сәбіздерім түсіп қалған. Енді менің көжектерім аш қалды. Маған сүйікті асымыз сәбіз керек.
Ой қозғау.
Балалар қоянның сүйікті асы не? .
-Балалар қоянға көмектесеміз бе?
Қане орнымыздан тұрайық,сергіп, сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы, қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің .
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Ой қозғау.
Ендеше қалай көмектесеміз?
Балалар қоянға чәбіз коп керек. Сол үшін 2 топқа бөлініп сәбіз жасап берейік.
Топқа бөлу.
Өз қалаулары бойынша топқа бөліну
Достарыңызбен бөлісу: |