Тақырыбы: Менің сүйікті қалам- Астана
Мақсаты: Балаларға қала, ауыл және Астана туралы түсініктер беру.Сурет бойынша тиянақтап, ой-өрісін дамыту. Елін, жерін, туған қаласын сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ, слайд Астана, ақ қағаз,түрлі түсті карандаштар
Оқу қызметінің барысы:
Шаттық шеңбері.
Қызығушылықтарын ояту.
Тосын сәт.
Қуыршақ Сәуле келеді.
Балаларды саяхатқа шақырады.
-Балалар Астана қаласына барасыңдар ма?
Олай болса балалар көзімізді жұмып, екі қолымызды жайып, өзімізді ұшақта отырғандай сезінейік.
Әуен қойылады.
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап-жас болып
Мен үлкен болғанда да.
Ал балалар көздерімізді ашамыз міне арман қала Астанаға да келіп жеттік. Ендеше Астана қаласының көрікті жерлерімен танысайық.
Достарыңызбен бөлісу: |