Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, апайлар!
2.Тосын сәт. Айгүл қуыршақ келеді.
Балалардан көмек сұрайды.
Дәрігердің жазған қағазын жоғалтып алдым,онда пайдалы дәрумендер туралы жазған еді,енді сендерден көмек сұрап келдім.Маған пайдалы дәрумендер неде бар екенің айтып беріңдерші?
Балалар көмектесеміз бе?
3.Слайд: «Суретпен жұмыс»
Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Бір сөзбен айтқанда бұларды нелер дейміз?
Ал,мына суретте не көріп тұрсыңдар?
Оларды бір сөзбен айтқанда нелер дейміз? Балалар біз дәрумендерді қайдан аламыз?
4.Дәруменнің пайдасы.
Дәрумендердің А,В,С, Д, Е деген түрлері болады. Оларды біз күнделікті ішіп жүрген тағамдарымыздан кездестіреміз.. Осы дәрумендерді көп жесеңдер суыққа төзімді боласыңдар, сүйектерің қатаяды, бұлшық еттеріңе күш береді. 5.Сергіту сәті
Көкөністі көп ектік (бір қатарға тұрып, егін егу қимылын көрсету)
Өссін, піссін – деп ектік (су құю, шөп жұлу қимылы)
Көктемде еккен көкөніс
Күзде берер көп өнім
6.Ойын :«Пайдалы және зиянды тағамдар»
Шарты:Пайдалы тағамдарды себетке жинаймыз,ал денсаулығымызға кері әсерін тигізетін тағамдарды қоқыс шелегіне жинаймыз.
Қорытынды.
Рахмет, балалар! Сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар.