Өзін өзі тану Туған үй "Отбасы" құндылығының маңыздылығын ашу. Отбасы туралы түсініктерін кеңейті. Отбасына деген жағымды қарым-қатынастарын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем әдебиет «Алтын астық» Қосжан Мүсрепов (өленді жаттау)
Саздылықты, ырғақтылықты сезінуге, өз дауысын басқара білуге, шығарманың мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету
Музыка «Көктем»(Өлеңін жазған: Ш. Ахметов; музыкасын жазған: Б. Ерзакович)
Дыбыс жоғарлығын, контрасты емес ырғақты бейнелерді ажырата білуге үйрету. Шығарманы кіріспе , үзіндіден тануға баулу. Əнді көңілді , қуанышпен орындауға, ән
ырғағына сəйкес қимыл бере білуге төсілдіру. Ұлттық билерді, қазіргі би ырғақтарын еркін орындар, өз варианттарын ойлап табуға қызықтыру. Музыкалық ойын арқылы балаларды шапшандылыққа баулу.
Дене шынықтыру 1.Секіру Баскетбол (далада)
Екпінмен биіктікке секіруге үйрету. Кеуде тұсынан қос қолдап допты лақтыруды жетілдіру. Ойынды командамен ойнауға үйрету.
Сөйлеуді дамыту «Наурыз-көктем мерекесі» (сурет бойынша әңгімелесу)
тəрбиешінің ұсынған тақырыптары бойынша əңгіменің жалғасы мен
соңын ойлап табуға үйрету, ұсынылған тақырыптар негізінде бір-бірімен
байланысқан мазмұн бойынша сипаттау жəне баяндау əңгімелерін құрастыруға, сөйлемдерінде бейнелеуіш сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді қолдануға үйрету. Буынға бөлу дағдыларын жетілдіру
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын
қалыптастыру, оларды танып жəне атай білуге үйрету. Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, оларға талдау жасай білуді меңгерту. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажырата білуге жаттықтыру.