Циклограмма қыркүйек айы Мектепалды даярлық тобы


Музыка «Бүгін туған күніміз»



бет22/214
Дата19.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#69097
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   214
Байланысты:
МАД циклограмма

Музыка «Бүгін туған күніміз»
(Өлеңін жазған: Ә. Табылдиев; Музыкасын жазған: И. Нүсіпбаев)
Музыканың сезімдік мазмұнын сипатын ажырата білуге, əнді нəзік орындауға төсілдіру. Музыкалық аспаптарда ойнағанда , өзін еркін ұстауға , ырғақты сезінуге үйрету. Музыкаға сəйкес би қимылдарын пайдалануға талпындыру. Ойын арқылы балаларды шапшандылыққа баулу.
Дене шынықтыру
Лақтыру. Велосипед тебу
(далада)
Қос қолмен допты жоғары лақтыруды үйретуді жалғастыру. Шеңбер бойымен жəне тура жолмен қос дөңгелекті велосипед тебу. Оңға жəне солға бұрылуға үйрету

Сөйлеуді дамыту
"Мамандықтын бәрі жақсы"
балалардың сөздік қорын зат есімдермен, етістіктермен, сын есімдермен,сан есімдермен жəне жалғаулармен байыту.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тура және кері санау.
5 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану жəне атай білуді үйрету. Дөңгелек жəне тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшаны ажырата білуге жаттықтыру. Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша,
тіктөртбұрыш) дұрыс атап, оларды бірбірінен
ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістік ұғымдарын бекіту. Қағаз бетінде
бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.
Сурет салу
Гжель. «Құмыраны әшекейлеу»
Түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, түрлі көлемдегі дөңгелектерді, жақпаларды, нүктелерді ырғақты орналастыра отырып,
қарапайым пішіндерде өрнектерді құрастыра білу іскерліктерін бекіту. Түрлі
өлшемдегі өрнекті элементтерді үйлестіру, ақ жəне түрлі түсті қолдана отырып, түстерді таңдауды қолдану; қылқаламмен қағазға басып салу тəсілдерін қолдануға; қағаздыңортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң жəне сол жақтарын ажыратуға
үйрету.
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Гигиена-біздің көмекшіміз. Неліктен қолды жуып, ауызды шайып, тісті тазалау керек? Балаларды «гигиена» ұғымымен таныстыру. Мәдени-гигиеналық дағдыларын пысықтау және жетілдіру, салауатты өмір салтын ұстау туралы түсініктерін дамыту. Өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   214




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет