Жаратылыстану Табиғатты бақылау күнтізбесі табиғатты бақылау күнтізбесін жүргізе білуді жаттықтыру. Себепсалдар байланыстарын орната білуді жетілдіру
Аппликация «Алдар Көсенің шапаны» қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді жəне екіге
бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюды; ұлттық кілемдерді, заттарды бірнеше бөліктерден бейнелей білуді бекіту
«Ұлттық ойындар» вариативтік компонент “Ақсерек-көксерек” ойынымен таныстыру. Ойынның ережесімен таныстырып, сөздерін жаттау, тілдерін жаттықтыру.
С/о: «Шофер»
Тақпақ жаттау.
Суретті кітапшаларды бояу
Сюжеттік ойыншықтармен ойындар,
ертегі оқып беру;
үстел үсті театры және т.б.
С/о: « Дүкен
Үстел үсті ойындары,пазлдар,мозайка т/б
Серуенге дайындық
Киіну, серуенге шығу.
Серуен
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.
Тастарды бақылау
Мақсаты: Тастардың өлі табиғат мүшесі екендігі жайлы түсініктерін
молайту, олардың әртүрлілігі мен пайдасы туралы білім беру.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар.
-Табиғат нешеге бөлінеді? Қандай-қандай?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Тастардың қандай түрлері болады (үгілмелі, қатты)
Үгілмелі тастарды атаңдар? (бор, көмір, графит)
Қатты тастарды атаңдар?
Қандай таспен асфальтқа сурет салуға болады? (бормен)\
Неге? (ол жұмсақ, жұғады)
Көмір қандай тасқа жатады? (үгілмелі)
Көмір не үшін керек? (отынға)
Асыл тастар деген не? (қымбат тастар)
Қалай ойлайсыңдар, адамдар тастарды қолдана ма? Қай жерлерде? (асыл тастарды әшекей бұйымдарға, жәй тастарды құрлысқа т.б.)
Балалардың үйге қайтуы
Ата анаға күн тәртібі жайында айту.
Балалар отбасында өздері не істей алатыны жайлы әңгімелесу.
Балалардың жұмыстарын ата аналарына көрсету әңгімелесу
Ата - анағаға балабақша ішілік іс-шараларға қатысуды айту.