Д ауданын білу жеткілікті Шешуі



бет1/7
Дата26.12.2023
өлшемі79,45 Kb.
#143828
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
функционалдық сауаттылық. мат сауаттылық 8.02.2023


I нұсқа

  1. Қабырғаны ақтауға қанша сулы эмульсия кететінін есептеу үшін қандай өлшемдер жеткілікті екенін табыңыз.

А) Диогональінің ұзындығын білу жеткілікті
В) Периметірін білу жеткілікті
C)Енін білу жеткілікті
Д) Ауданын білу жеткілікті
Шешуі: қабырғаны ақтауға қанша сулы эмульсия кететінін білу үшін қабырғалардың ауданын білу жеткілікті болады. Жауабы. Д

  1. Ұзындығы 7 м, ені 4 м болатын бөлменің еденіне қанша кафель тақтайшасын жапсыруға болады. Кафель тақтайша 20см 20 см.

А) 500 В) 700 С) 650 Д) 690
Шешуі: S=7 м*4м=28м2, 20 см=0,2 м, (0,2 м)2=0,04м2, 28:0,04=700.Жауабы. В

  1. Аулада қозылар мен тауықтар жайылып жүр. Олардың сандары тең. Барлық аяқтар саны 54. Аулада неше қозы жайылып жүр?

А) 6 В) 9 С) 10 Д) 8
Шешуі: х=у болсын, 2х+4у=54, 2у+4у=54, 6у=54, у=9. Жауабы. В

  1. Таразының бір табағында бірдей үш қауын және әрқайсысы 2 кг нан екі гир, ал екінші табағында осындай 4 қауын және 1 кг-дық бір гир жатыр. Егер таразы табақтары теп-теңдікте болса, қауын салмағы қанша?

А) 2 кг В) 5 кг С) 3 кг Д) 1 кг
Шешуі: 3қ+4кг=4қ+1кг, 4қ-3қ=4кг-1кг, 1қ=3кг, Жауабы. С

  1. Айбек пен Шыңғыс ағашты 6 сағатта кеседі. Арман мен Арсен олардан 2 есе жылдам, Асхат пен Бекзат 3 есе жылдам кеседі. Барлығы бірігіп, ағашты қанша уақытта кесетінін анықтаңыз?

А) 1 сағ В) 30 мин С) 2сағ Д) 45 мин
Шешуі: 6:2=3 сағ, 6:3=2 сағ, 1+2+3=6, 6:6=1. Жауабы. А

  1. Күркетауықтың салмағы қораздан 5 есе артық және қораз күркетауықтан 8 кг кем. қораз неше кг?

А) 15 кг В) 2 кг С) 3 кг Д) 4 кг
Шешуі: қораз –х кг,
күркетауық- 5 х кг
5х-х=8, 4х=8, х=2 Жауабы. В

  1. Әли өзінің ойыншықтарының салмақтарын салыстырып ойнады. Машинаның салмағы бір доп пен екі ойын текшесінің салмағына немесе екі доп пен бір ойын текшесінің салмағына тең болды. Осындай 5 машинаның салмағы неше ойын текшесінің салмағына тең?

А) 16 В) 11 С) 21 Д) 15


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет