Cыныбы: 9 б мұғалім : Оспан Г. Е



Дата20.10.2023
өлшемі16,46 Kb.
#119855

Күні : 20.10.2023;
Cыныбы:9 Б
Мұғалім : Оспан Г.Е


«Қазақ әдебиетінен» 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: «Атадан қалған асыл сөз»
Шығармалар: Ж.Баласағұн «Құтты білік» «Майқы бидің шешендік сөздер» «Мөңке бидің шешендік сөздері» Әнет баба «Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз? Төле би «Ердің бақыты- әйел» Қазыбек би « Кім жақын?Не қымбат? Не қиын? Әйтеке би «Қасқакөл дауы» Сырым Датұлы «Бала би мен Сырым» Бұқар жырау «Тілек», «Ай, Абылай, Абылай» толғауы , «Асқар таудың өлгені» толғауы, «Біржан мен Сара» айтысы.
1-бөлім

  1. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүрді

а) XIIғасыр
в) IX ғасыр
с) Xғасыр
д) XIғасыр
[1]

2. «Құтты білік» дастанының идеясы неше принціпке негізделген


а) 4
в) 3
с) 2
д) 1
[1]

3. Шешендік өнер неше кезеңге бөлінеді


а) 2
в) 5
с) 4
д) 3
[1]
4. Үзінді қандай шешеннің шешендік сөзінен алынған?
Сөз жетім -ынтаменен тыңдамаса,
Бөз жетім – киілместен тозған болса,
Жер жетім -иесі жоқ қалған болса,
Ел жетім –жақсы басшы арман болса...
а) Төле би
в) Мөңке би
с) Әнет баба
д) Қаз дауысты Қазыбек би
[1]
5. «Құтты білік» дастанында қанағат –ынсап мәселесі қандай кейіпкер арқылы көрініс тапқан
а) Айтолды
в) Оғдұрмыш бейнесі
с) Күнтуды
д) Оғдүлміш
[1]
2-бөлім
6. Майқы бидің төмендегі нақыл сөздерінің мағынасын 3-4 сөйлеммен жеткіз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Би екеу болса, дау төртеу болады.
Дауыл болмай,жауын болмас.
[3]

7. «Кімнен кім туады»-деген сұраққа Майқы би былай деп жауап берген екен.


Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады
Таздан жарғақпас туады, - деген өлең жолдарындағы «тұлпар туады» «сұңқар туады» «асыл туады» «масыл туады» «мал бақпас туады» «қылжақпас туады» «жарғақпас « туады» деген сөздер адам бойындағы қандай қасиеттерді сипаттап тұр.Сол қасиеттер қандай адамдарға тән жазыңыз.

[3]
8. Алтын ұяң –Отан қымбат,


Құт –берекең-атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді анаң қымбат,
Асқар тауың-әкең қымбат,
Туып-өскен елің қымбат...-деген өлең жолдарының көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. (5-6 сөйлем)
[3]


9. Үзіндіден Абылай бейнесін «Көшпенділер» фильміндегі Абылай бейнесімен салыстырып 5-6 сөйлеммен жазыңыз.
Ай, Абылай, Абылай,
Жеңбеген жауың қалмады-ау
Бетке алсаң әсте қоймадың,
Алсаң тағы тоймадың,
Несібеңді елден ойладың,
Атаңды білмес құл едің,
Ата тегіңді сұраса,
Арқар ұранды жат едің,
Қай жеріңде төре едің
Жұлдызың туды оңынан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
[3]

10. «Біржан мен Сара» айтысының сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасаңыз.



1

Шығарманың басталуы




2

Шығарманың байланысы




3

Шығарманың дамуы




4

Шығарманың шиеленісуі




5

Шығарманың шарықтау шегі




6

Шығарманың шешімі



[3]
3-бөлім


11. Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, әдеби эссе жазыңыз. Эсседе ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Көлемі 100-150 сөз.
1. «Данагүл – қыздар бейнесінің символы».
2. «Ай, Абылай, Абылай» толғауындағы Абылай бейнесі
3. «Біржан мен Сара айтысы» аайтысындағы көтерілген мәселе
[10]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет