УДК 356.21
ДІНИ ПРОЦЕСТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН
ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
(Павлодар облысы бойынша)
Жакишева А.А., «Тарих, география және әлеуметтік пәндер»
кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтану магистрі
Инновациялық Еуразия университетті, (Павлодар қ.)
Дін – қоғам мен мемлекетті, ұлттар мен ұлыстарды ортақ идеялар
мен құндылықтар төңірегіне топтастыратын сенім болумен қатар, бір
мезгілде әлеуметтік алауыздықтар мен қайшылықтарға түрткі беретін өте
нәзік әрі асқан ыждаһаттылықты талап ететін сфера. Ал қазіргі кездегі
өркендеп келе жатқан уыздай жас жеткіншектеріміздің болашағына балта
шабатын, 130-дан аса ұлтты ұясына қондырып, тұтастық пен
бейбітшілікті санасына сіңіріп отырған мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік
әлсіреуіне негіз болатын діни экстремизм деген не? Еліміз бойынша
көптеген ұлттарды шаңырағының астына алып отырған өндірістің ошағы
іспетті Павлодар облысындағы діни бірлестіктер саны қанша және дінге
қатысты мәселелер қалайша өрбуде? Жастарға бұл қалай әсер етуде, және
оның алдын алу жолдары қалай жүргізіліп жатқандығы кез келген
азаматты мазалауы тиіс. Қазіргі жастарымыз , яғни қазақ елінің керегесін
тең ұстар, болашаққа теңдесіз жетістіктермен жетер, дәстүрлі дінің
389
сақтап, отанына қызмет етер жастарымыз эктремистік жолға салынса ел
келешегі не болмақ? Жалпы жастарымыз қандай діни ағымдардың
құрсауында жүр? -деген сияқты күрделі сұрақтар қазіргі қоғамды
толғандырары анық [1, б. 194].
Еліміздегі 40-тан астам конфессиялар мен деноминациялардан
шыққан діни бірлестіктердің жалпы саны 4551 болып отыр. Бұл
көрсеткіш 1990 жылы бар болғаны 670 қана еді. Өндіріс ошағының
қаласы Павлодар облысында діни бірлестіктердің саны 1990 жылдары
бар болғаны 9 ғана болса, қазір олардың саны 175-ке жеткен. Бұл
дегеніміз 90 жылдармен салыстырғанда облысымыздағы діни
бірлестіктердің саны 5,14%-ға көбейгенін көрсетіп отыр. Қазіргі кездегі
Павлодар облысында діни бірлестіктердің 55,43% мұсылмандық, 27,43%
протестанттық, 9,71% православтық, 4,57% католиктік, 2,29% дәстүрлі
емес діндер, 0,57% иудейлік діндер құрайды [3, б. 31-35].
Сурет 1 – Облыстағы конфенссиалдық құрылымдардың көрсеткіші
Еліміздің беріктігіне кері әсер ететін діни ұйымдармен күресу –
бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. «Хизб-ут Тахрир», «Аухаби»,
«Такфир», «Таблиғ-и-жамағат» және тағы басқа діни экстремизмдік
ұйымдардың кері әсерінен халықты адасудан сақтандыру біздің басты
мақсатымыз. Ал Павлодар облысында «Бахаи сенімі», «Кришна санасы
қоғамы», «Вайшнавтар», «Аль-Жан-Дом» сияқты дәстүрлі емес діни
бірлестіктер шоғырланған [2,б.7-8].
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ,
1990 жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса қазіргі
уақытта жаңа культтардың саны 160-тан асады. Павлодар облысында
2011 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша шет елдік
55,43%
9,71%
4,57%
27,43%
0,57%
2,29%
Облыстағы конфенссиалдық
құрылымдардың көрсеткіші
мұсылмандық
православтық
Католиктік
протестанттық
иудейлік
Дәстүрлі емес діндер
390
миссионерлердің саны 13 болса, ал культтық құрылыстардың саны 133-ке
жеткен. "Кришна санасы қоғамы", "Соңғы өсиет шіркеуі", "Жаңа аспан",
"Жаңа өмір шіркеуі" сынды ХХ ғасырдың наным-сенімдері үгіт-насихат
жұмыстарын түрлі мерекелік және қайырымдылық іс-шаралар
ұйымдастыру арқылы жүргізуде. Мысалы, Павлодар облысында
протестанттағы харизматикалық бағыттағы "Жаңа өмір шіркеуінің" діни
бірлестіктер саны 4, заңды түрде тіркелгендердің саны 3, культтық
бірлестіктерінің саны 3. Дәстүрлі емес діннің еліміздің қауіпсіздігіне
тигізер теріс әсері зор. Мәселен, «Иегово куәгерлері» әскер қатарында
азаматтық борышын өтеуге қарсы үгіттейді. Ал осындай ел болашағына
қауіпі бар «Иегово куәгерлерінің» Павлодар облысындағы діни
бірлестіктерінің саны 3 [4,б.2-12].
Ал облысымыздағы қалалар мен аудандардағы діни бірлестіктер
туралы мәліметтерге көз жүгіртсек: облысымыздағы үш негізгі ірі
орталықтарымыз Павлодар қаласы бойынша жалпы діни бірлестіктердің
саны 41, Екібастұз қаласында 21, Ақсу қаласында 16. Ал облыс бойынша
ислами бірлестіктердің саны 100 құрап отыр.
Кесте 1 –
Конфессиалдық құрылымдар
Қала,
Аудан
Конфессиалдық құрылымдар
Исл
ам
Прав
осл
ав
ты
қ
Кат
ол
и
ктік
Ев
ан
гел
ьс
ті
к
христ
иан
ды
қ
-ба
пти
ст
ер
Л
ю
теран
Әд
іскерлер
Ад
вен
тист
те
р
же
тін
ші
күн
гі
Иегов
а
куәге
рл
ері
Пя
тидесят
ни
ки
Грейс
-Б
л
агодать
шірк
еуі
Жаңа өм
ір
шір
кеуі
Исус Хр
истос
шір
ке
уі
Өз
ге
протес
тант
ты
қ
ағы
м
дар
Дәстүрлі ем
ес д
індер
Иуд
аиз
м
Жал
пы
са
ны
Павлода
р қаласы
13 4 2 3
2 2 1
1
1 3
1 1
2
4
1
41
Екібастұ
з қаласы
9
2 2 2
1
1
2 1
1
1
21
Ақсу
қаласы
7
1 1 2
1
1
1
2
16
Ақтоғай
ауданы
7
1
8
Баянауы
л ауданы
11
11
391
Железин
ка
ауданы
3
1
4
Ертіс
ауданы
9
1
10
Қашыр
ауданы
7
2 1 1
1
11
Лебяж
ауданы
9
1
1
11
Май
ауданы
9
9
Павлода
р ауданы
7
1 1 2
3
2
16
Успенка
ауданы
4
2
2
8
Шарбақт
ы ауданы
5
1 1 1
1
1
10
Облыс
бойынша
100 17 8 14
5 2 7
3
3 6
4
1
3
4
1
178
Діни секталардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?
Әрине мұндай жағдайлар үрей тудыратыны сөзсіз. Басқа елдерден
келген діни конфессиялардың елімізге үгіт-насихат жұмыстарын
жасаудағы мақсаты не? Еліміздегі ұлттарға қажеті бар ма? Олардың іс-
әрекеттері мемлекеттің заңдарына қайшы емес пе? Жастардың
болашағына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылығына нұқсан
келтірмей ме?
Міне, осындай сұрақтар кез-келген азаматтың, елдің қамын,
болашағын, мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы
тұлғаның ой толғандыратын мәселесі
.
Діни секталардың арбауы мен
шырмауына түсіп қалмас үшін оның алдын алуда мынандай бағыттарды
ұсынар едім.
Діни секталарды тіркеуге алу ҚР Әділет министрлігі, Қазақстан
мұсылмандар діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық
қорғау органдары, жергілікті әкімдіктер, жоғары оқу орындары, мектеп,
ата-аналар діни секталардың арбауына түспес үшін мынадай шаралар
жүргізуі қажет:
392
- біріншіден - Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни
секталарға қарсы мешіттерде діни секталардың шынайы бет-пердесін
ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни
танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-
3-айлық курстарын ұйымдастыруы;
- екіншіден- бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз
және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде
баяндап отыруы, беделді дін танушы ғалымдарының діни мәселелер,
имандылық
тақырыптарындағы
бағдарламаларын
ұйымдастыруы
қажет,теледидардан бейнероликтерді көрсету;
- үшіншіден-әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым
болып діни секталардың лаңкестік іс-әрекеттеріне қарсы семинарлар,
лекциялар ұйымдастыруы.
Мысал оқу орыны Инновациялық Еуразия Университетінде бұл мәселеге
көп
көңіл
бөлінуде.
Университет
басшылары
дінге
қатысты
қайшылықтардың жастар арасында болдырмау мәселелерін үнемі қадағалап,
студенттердің толық білім алып жан-жақты дамуына барлық жағдайлар
жасалған. Облыс көлемі,университет тарапында осы тақырыпта дін
басшылары, қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек
үстел,
лекциялар,
дебат,кинофильмдер,кураторлық
сағаттар
жиі
өткізіледі.Университеттің «Қоғамдық-тарихи пәндер» кафедрасы көбіне
осындай шараларды жиі ұйымдастырады. Кафедра оқытушылары «Әлем
діндерінің тарихы» атты пәнді барлық мамандықтарда оқу жүктемесіне
енгізуді жоспарлап отыр. Осындай бағыттағы жоспарлар еліміздің басқа да
облыстарында жүзеге асса деймін:
- төртіншіден- мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас
буынға аптасына бір рет дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын
жүргізуі.
- бесіншіден- әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне,
сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі,
имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет.
Қорытындылай
келгенде
діни-қауіпсіздік
бейбітшілік
пен
қауымдастықтың белгісі екенін естен шығармауымыз қажет.Елдің
тыныштығы, бірлігі, ынтымағы, қауіпсіздігі жарқын өмірдің болашағы
болып табылады.
Әдебиеттер
1
Ж. Алтай, А. Қасабек Философия тарихы. Алматы, 1999 194 б.
2
Сарыарқа самалы // №112, 2011 ж. 7-8 б.
3
Қ. Жолдыбайұлы Дін мен діл. Алматы, 2010 31-35 б.
4
Қ.Д.Болтина, Л.Қ. Шевелева Ертістің Павлодар өңіріндегі
исламның тарихынан. Павлодар, 2001 2-12 б.
393
«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
VII педагогикалық оқулардың
МАТЕРИАЛДАРЫ
МАТЕРИАЛЫ
VII педагогических чтений
«ИННОВАЦИОННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В СИСТЕМЕ
СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ И ВОСПИТАНИЯ»
Ответственная за выпуск: Русина Л.Н.
Компьютерная верстка: Овдиенко Ю.С.
Сдано в набор 25.12.2013 г. Подписано в печать 27.12.2013 г.
Формат 64 x80 1/16. Усл. печ. лист. 24,62
Заказ № 85 Тираж 80 экз.
Отпечатано в типографии редакционно-издательского отдела
Инновационного Евразийского университета
140003, Павлодар, ул. М. Горького102/4
тел. (7182) 57-49-65
За ошибки в авторском тексте
редакция ответственности не несет
Достарыңызбен бөлісу: |