Цитология гистологиялық препарат дайындаудың қай кезеңінде құрылымның бүтіндігінің сақталуы қамтамасыз етіледі бекіту



бет322/408
Дата24.02.2022
өлшемі11,33 Mb.
#26282
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   408
Байланысты:
ГИСТО 2021

ДӘНЕКЕР ТІНІ


  1. 325.Тығыз қалыптасқан дәнекер тінінің кездесетін орны:сіңірде,байламдарда,фиброзды мембранада

  2. 326.Пішіні өсінділі, жалпақ жасушасындағы ашық түсті сопақша келген ядросы бар, қою базофильді боялған, цитоплазмасы эндоплазма мен эктоплазмадан тұратын дәнекер тінінің жасушасы:арнайы қызмет атқаратын пісіп жетілген фибробласт

  3. 327.Дәнекер тінінің аралық затын синтездейтін жасушасы: арнайы қызмет атқаратын пісіп жетілген фибробласт

  4. 328.Фибробласттардың ең негізгі қызметіне жататын:аралық затын синтездейді

  5. 329.Пішіні әр түрлі, ядросы қою базофильді боялған, цитоплазмасында көптеген лизосомалары мен фагосомалары бар дәнекер тінінің жасушасы:гистиоциттер

  6. 330.Борпылдақ талшықты дәнекер тініндегі гистиоциттердің қызметі:фагацитозға қатысады

331.Кілегейлі дәнекер тіні мыналардың қайсысының құрамында кездеседі:кіндікте

332.Қышқылдық бояуларымен боялып, тек кейде аздап иректеліп көрінетін, өте мықты, бірақ созылмайтын, дәнекер тінінің талшықтары қайсы:коллоген

333.Күміс тұздарымен өңделгенде көрінетін, дәнекер тінінің талшықтары қайсы:ретикулярлы


  1. 334.Дәнекер тіндерінде тасымалдау және трофикалық қызмет атқаратын құрылым жасуша аралық затының аморфты компоненті

335.Құрамында гепарин мен гистамин түйіршіктері болатын, дәнекер тінінің жасушасы тін базофилі

336.Пішіні шар тәрізді, цитоплазмасының ортаңғы бөлігінде ірі бейтарап май тамшысы бар, дәнекер тінінің жасушасы адипоцит

337.Иммуноглобулдерді синтездейтін дәнекер тінінің жасушасы плазмоцит


  1. 338.Қан жасау мүшелерінде қан жасушаларына микроқоршау қызметін атқаратын дәнекер тіні ретикулярлы тін

  2. 339.Кілегейлі дәнекер тінінің құрамында болатыны гиалурон қышқылына бай іркілдек заты мен мукоциттер

340.Шеміршек тінінің шығу тегі мезенхима

341.Эмбриональді кезеңдегі гиалинді шеміршек тінінің интерстициальді өсуі мына жасушалардың қайсысы арқылы жүзеге асады 1 реттік хондроциттер



  1. 342.Шеміршек тінінің репаративтік регенерациясы мына жасушалардың қайсысының бөлінуі арқылы жүзеге асады хондробластар

  2. 343.Шеміршек қабының сыртқы қабатын түзетін:тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

  3. 344.Шеміршек қабының ішкі қабатын түзетін: прехондробласттар мен хондробласттар

  4. 345.Шеміршектің шеміршек қабының астында мыналардың қайсысы орналасады:жас хондроциттер

  5. 346.Шеміршек тінінде бөлініп, жасушааралық затты синтездеуге қатысатын шеміршек қабығындағы мына жасушалардың қайсы:хондробласттар

  6. 347.Пісіп жетілген хондроциттердің пішіні:сопақша,жарты шар тәрізді

  7. 348.Шеміршек тінінде изогенді топтарды түзетін, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, әрі митоз сатылары байқалатын жасушалары қайсы:1-реттік хондроциттер

  8. 349.Шеміршек жасушаларының және жасушааралық затының дистрофиялық өзгеруі мен жарақаттану процесінен кейінгі регенерациясында резорбциялануға қатысатын жасуша мыналардың қайсысы:хондрокласттар

  9. 350.Эластинді шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы:эластинді талшықтарында

  10. 351.Даму сатысындағы сүйек трабекулаларының үстінде пішіні әр түрлі жасушалар орналасқан. Бұлардың ультрамикроскопиялық құрылысында белок синтездейтін жасушаларға тән белгілер байқалады. Бұл мына жасушалардың қайсы:остеобласттар

  11. 352.Сүйек тінінің түзулуі мен аралық затының известелуіне қатысатын жасушалары:остеобласттар

  12. 353.Остеобласттардың қызметі: сүйек тінін түзеді

  13. 354.Сүйек тінінде бөліну қабілеті жойылған, шағын ғана денесінде көптеген өсінділері бар жасушалары қайсы:остеоциттер

  14. 355.Остеоциттердің қызметі:сүйек тінінің органикалық гомеостазы мен минералдық құрамын сақтайды

  15. 356.Остеокласттардың қызметі:известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

  16. 357.Остеокласттар мыналардың қайсысынан түзіледі:моноциттерден

  17. 358.Бас сүйектерінің тігістері мен сіңірдің сүйекке байланысқан жерлерінде кездесетін тін қайсы:ретикулофиброзды өрескел талшықты

  18. 359.Өрескел талшықты сүйек тінінің жасушааралық затының ерекшелігі:коллоген талшықтарының жігі ретсіз орналасқан

  19. 360.Қабыршақ сүйек тінінің жасушааралық затының ерекшелігі:коллоген талшықтары паралель орналасқан

  20. 361.Жілік сүйегінің тығыз затындағы қыстырма пластинкалары мыналардың қайсысының арасында орналасады:көршілес остеондардың арасында

  21. 362.Шеміршектен сүйек тінінің дамуы мыналардың қайсысынан басталады:перихондральды сүйектенуден

  22. 363.Тура остеогенездің бірінші сатысы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді:остеогенді аралшықтарының

  23. 364.Даму барысында түтікше сүйектің қалыңдап өсуіне қатысатыны:периост

  24. 365.Түтікше сүйектің бойлық өсуіне қатысатыны:метаэпифизарлық шеміршек пластинкасының өсуі

  1. 366.Пішіні сопақша болып келген, ядросы бар, цитоплазмасында тығыз базофильді түйіршіктері көрінетін, дәнекер тінінің жасушасы:тін базофилі

  2. 367.Энергия түзіп, судың метаболизміне қатысатын қалыптаспаған борпылдақ дәнекер тінінің жасушасы қайсы:адипоцитттер

  3. 368.Пішіні дөңгелек болып келген, эксцентрлі орналасқан ядросын концентрлі шеңбер түрінде эндоплазмалық тор қоршайтын, дәнекер тінінің жасушасы қайсы:плазмоцит

  4. 369.Электронды микросуретте иммундық реакцияларға қатысатын борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушасы көрінеді. Бұл жасушада ядросы мен цитоплазманың бір шетінде орналасқан және ядроның қасында боялмаған ашық алаңы, жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар екені көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз:плазмоцит

  1. 370.Дәнекер тіндерінің қай түрінде меланоциттер көп:пигментті тінде

  2. 371.Гиалинді шеміршектің аралық затындағы коллаген талшықтарының түрі:II

  3. 372.Эластинді шеміршек тіні мыналардың қайсысының құрамында болады:құлақ жарғағында

373.Ағзадағы эластинді шеміршектің кездесетін жері:көмекейде

374.Талшықты шеміршектің кездесетін жері:омыртқа аралық дискілерде

375.Даму кезеңіндегі сүйек тінінің электронограммасынан бір жасуша зерттеуге ұсынылған. Бұл жасушаның сырты коллаген талшықтарымен қоршалып, ал цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тордың бар екені байқалады. Осы жасуша мыналардың қайсы:


  1. 376.Сүйек тінінің бір жасушасының электронограммасы зерттеуге берілген. Бұл жасушадан тараған өсінділері сүйек каналдарына өтетіні белгілі, цитоплазмасында нашар дамыған эндоплазмалық торы мен Гольджи кешенінің бар екені байқалады. Бұл жасуша мыналардың қайсы:

  2. 377.Известелінген сүйек пен шеміршекті бұзатын, өте ірі, бірақ пішіні әр түрлі, цитоплазмасында ядролары мен лизосомалары өте көп, плазмолеммасы қатпарланған мына жасушалардың қайсысы:

378.Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препараты берілген. Онда лизосомалардың маркерлік ферментін анықтау үшін арнайы бояу қышқыл фосфатазамен цитоплазмасы жақсы боялатын жасушаны көреміз.

Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің қай жасушасында лизосома саны көптеп кездеседі?

379.Судан III бояуымен боялған борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препаратын зерттей отырып студент домалақ пішінді қызғылт сары түске боялған жасушаны байқады. Жасушаның ортаңғы бөлігінде ірі май тамшысы анықталады .

Осындай құрылыс ерекшелігі борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің қай жасушасына тән.

380.Судан III бояуымен боялған борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің препаратын зерттей отырып студент домалақ пішінді қызғылт сары түске боялған жасушаны байқады. Жасушаның ортаңғы бөлігінде ірі май тамшысы орналасатынын анықтады.

Осы сипаттамаға сәйкес жасушаның қызметін анықтаңыз?

381.Студент жаңадан туылған нәрестенің дәнекер тінінен жасалған препартты қара судан бояуымен бояп, зерттеу арқылы дөңгелек пішінді жасушалардың жиынтығына көңіл аударды.

Препаратта дәнекер тінінің қандай түрі көрсетілген.

382.Дәнекер тінінің күміспен импрегнацияланған препараты берілген, препаратта тор түзетін жасушалар мен талшықтарды көреміз.

Препаратта көрсетілген дәнекер тінінің түрін анықтаңыз?

383.Гематоксилин-эозинмен боялған дәнекер тінінің препаратында бір-бірімен өсінділері арқылы байланысатын жасушалар анықталды .

Берілген сипаттама дәнекер тінінің қандай түріне сәйкес келеді?

384.Студент сіңірдің гистологиялық құрылысын сипаттау барысында сіңірді түзетін дәнекер тінінің түрін атаған жоқ.

Сіз сіңірдің түзілуіне қатысатын дәнекер тінінің түрін анықтаңыз?



385.Зерттеуге талшықтары орсеинмен боялған қаңқа дәнекер тіні берілген.

Талшықтары әртүрлі бағытта тор түзе орналасқан.

Препаратта қаңқа дәнекер тінінің қандай түрі берілген?

386.Зерттеуге сүйек тінінің жасушаларының бірінің электронаграммасы берілген. Жасушаның өсінділері сүйек түтікшелерінің ішінде орналасқан, цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы және Гольджи кешені әлсіз дамыған.

Электронограммада қандай жасуша көрсетілген?

387.Электронограммада сүйек тінінің ірі бұрыс пішінді жасушасы берілген. Ол көп ядролы, цитолеммасы қатпарланған,цитоплазмасында лизосомалары көп болып келеді.

Сүйек тінінің қандай жасушасының құрылысы осы сипаттамаға сәйкес келеді?

388.Студенттерге гистологиялық препараттан шеміршек қабының жасушасын анықтау тапсырылған, жасушаның пішіні жалпақ, цитоплазмасы базофильді боялған.

Осы сипаттамаға тән жасушаны табыңыз?

389.Электроннограмада даму сатысындағы сүйек тінінің жіп тәрізді жасушасы берілген,оның аз мөлшердегі цитоплазмасында түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамыған.

Осы сипаттамаға қандай жасушаның құрылысы сәйкес келеді?

390.Зерттеуге түтікшелі сүйек диафизінің қабыршақты тінінің препараты берілген. Остеондардың арасында оларды бір-бірімен байланыстыратын сүйек пластинкалары орналасады.

Остеондардың арасында қандай құрылым орналасқан?

391. Электроннограммада борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінінің дөңгелек пішінді жасушасы берілген, оның шағын ядросының айналасында жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы орналасқан. Ядроның жанында цитоплазманың ашық аймағы бар

Осы сипаттама қандай жасушаның құрылысына сәйкес келеді?.



392.Гематоксилин- эозинмен боялған препаратта борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тіні берілген. Тін талшықтары түзу және толқын тәрізді иілген ашық қызғылт түсті баулар түзеді.

393.Гистологиялық препаратта дәнекер тінінің түрі берілген, оның құрамында көптеген оксифильді тек қана бір бағытта тығыз орналасатын талшықтар көрінеді. Талшықтардың арасында аздаған жасушалар мен жасуша аралық заты бар.

Осындай құрылым дәнекер тінінің қандай түріне сәйкес келеді?

394.Зерттеуге борпылдақ талшықты дәнекер тінінің препараты берілген. Ол жасушалық элементтерге бай, әсіресе адвентициальді жасушалар мен жас фибробластар басым болады.Берілген борпылдақ талшықты дәнекер тінінің құрылыс ерекшеліктері қай жасқа сәйкес келеді?



395.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің А әріпімен белгіленген құрылымы тін базофилі

396.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Б әріпімен белгіленген құрылымы коллаген талшығы

397.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің В әріпімен белгіленген құрылымы макрофагтар

398.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Г әріпімен белгіленген құрылымы эластин талшығы

399.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Д әріпімен белгіленген құрылымы негізгі зат

400.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Е әріпімен белгіленген құрылымы фибробласт

401.Борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тінінің Ж әріпімен белгіленген құрылымы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   408




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет