2-47. Жасуша ядросының ядрошығы митоздың қай сатысында жойылады:
a. интерфазада
b. профазада
c. метафазада
d. анафазада
e. телофазада
2-48. Митозда ядро қабығы майда фрагменттерге, кейде мембраналы көпіршіктерге айналатын мына сатылардың қайсысы:
a. интерфаза
b. профаза
c. метафаза
d. анафаза
e. телофаза
2-49. Жасушадағы ядроның сыртқы мембранасы мына органеллалардың қайсысының мембранасымен жалғасады:
a. эндоплазмалық тордың
b. лизосоманың
c. пероксисоманың
d. митохондрияның
e. Гольджи кешенінің
2-50. Жасуша ядросында гетерохроматині эухроматиннен басым болса ненің көрсеткіші болып табылады:
a. жасушаның бұзылуының
b. жасушаның митозға өтуінің
c. жасуша транскрипциясы белсенділігінің төмендеуінің
d. жасуша транскрипциясы белсенділігінің жоғарылауының
e. жасушалар полиплоидиясының
2-51. Жасушадағы ядроның эухроматині гетерохроматиннен басым болса, ол ненің көрсеткіші:
a. жасушаның бұзылуының
b. жасушаның митозға өтуінің
c. жасуша транскрипциясы белсенділігінің төмендеуінің
d. жасуша транскрипциясы белсенділігінің жоғарылауының
e. жасушалар полиплоидиясының
2-52. Жасушаның тіршілік цикліндегі ДНҚ редупликациясы мен жасуша орталығының екі еселенуі мыналардың қайсысына тән:
a. митозға
b. тыныштық кезеңіне
c. пресинтетикалық кезеңіне
d. синтетикалық кезеңіне
e. постсинтетикалық кезеңіне
2-53. РНҚ, тубулин белоктарының АҮФ-тың және жаңа жасуша орталығының пісіп жетілуі өтетін жасуша циклін табыңыз:
a. митоз
b. тыныштық кезені
c. пресинтетикалық
d. синтетикалық
e. митоздың алдында
2-54. Ағзадағы сомалық жасушалар жасуша циклінің кезеңдерінде мыналардың қай сатысында болады:
a.Go
b. G1
c. S
d. G2
e. М
Достарыңызбен бөлісу: |