2-60. Жасушаның екіге бөлінуі (цитотомиясы) митоздың қай сатысында жүреді:
a. интерфазада
b. профазада
c. метафазада
d. анафазада
e. телофазада
2-61. Митоздың қай сатысында хромосомалардан екі жұлдызша түзіледі:
a. профазада
b. метафазада
c. анафазада
d. алғашқы телофазада
e. соңғы телофазада
2-62. Адамның сомалық жасушасының хромосомалары қанша:
a. 23
b. 92
c. 46
d. 120
e. 50
3-1. Пішіні шар тәрізді, диаметрі 130 мкм, сырты жылтыр және сәулелі тәж тәрізді қабықтармен қоршалған, гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар жыныстық жасуша:
овогония
I реттік овоцит
II реттік овоцит
жұмыртқа жасушасы
редукциялық денешік
3-2. Цитоплазмасында сарыуыз қосындысының орналасуына байланысты адамның жұмыртқа жасушасы мыналардың қайсысына жатады:
центролецитальдік
анық телолецитальдік
біркелкі телолецитальдік
изолецитальдік
алецитальдік
3-3. Адамның жұмыртқа жасушасында мыналардың қайсысы болмайды:
митохондриялар
эндоплазмалық тор
рибосомалар
Гольджи кешені
жасуша орталығы
3-4. Жұмыртқа жасушасындағы кортикальді түйіршіктердің қызметі:
сперматозоидтың дистантты әрекеттесуіне қатысады
сперматозоидтың контактілі әрекеттесуіне қатысады
сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына енуін тездетеді
ұрықтану қабығын түзуге қатысады
пронуклеустердің қосылуын жүзеге асырады
Достарыңызбен бөлісу: |