біліктік цилиндр
*!Нерв талшығының біліктік цилиндрлері болып табылады-Нейроциттердің аксоны немесе дендриті
*Нерв талшығының миелинді қабатын спираль түрінде қоршайтын мезаксонның құрамында мыналардың қайсысы болады:-Олигодендроглиоциттер
*Нерв талшығының мына құрылымдарының қайсысы осмий қышқылымен қара түске боялады:- Миелинді қабат
*! Эпендимоциттің эмбрионалды шығу тегі- жүйке түтікшесінің глиобластылары
*!Нейроглияның фагоцитоздық қабілеті бар жасушалары-Микроглия
*Бағаналы қан жасушасынан нейроглияның қай жасушасы пайда болады:-Микроглия
*!Ми астроциттерінің эмбрионалды шығу тегі - жүйке түтікшесінің глиобластылары
*!Ми олигодендроциттерінің эмбрионалды шығу тегі жүйке түтікшесінің глиобластылары
*Жұлын өзегін тыстайтын эпендимоциттердің пішіні:-Цилиндр тәрізді
*!Нерв талшықтарының Шванн қабығы мына жасушалардың цитоплазмасы мен яроларынан түзіледі-Леммоциттер
*!Химиялық синапстарда нерв импульсін нерв жасушалары бір-біріне мыналардың қайсысының көмегі арқылы өткізіп отырады-Нейромедиаторлар
*! Нейролеммоциттің эмбрионалды шығу тегі – жүйке айдаршасы
*!Микроглияның эмбрионалды шығу тегі -қан жасаушы дің жасушасы
*Нейромедиаторларды қабылдайтын, рецепторлары бар химиялық синапстің құрылымы қайсы:-Постсинаптикалық мамбрана
*!Эффекторлы нерв ұшын түзетін нейрондардың өсіндісі-Аксоқозғалтқыш
*!Қабыршақты Фатер-Пачини денешігі мына рецепторлардың қайсысына жатады?-Барорецептор
*!Қабыршақты Фатер-Пачини денешігінің ішкі колбасын түзетін-Түрі өзгерген леммоциттерден
*!Рефлекторлы доғаның құрамына кіретін нерв жасушалары-Аферентті, қыстырма және эфферентті
*!Нерв жасушаларын Ниссль әдісі бойынша метилен көгімен бояғанда олардың цитоплазмасында қою көк түсті хроматофильді субстанция төмпешіктері көрінеді.Қандай органеллалардың жиынтығы осындай құрылымға КӨБІРЕК сәйкес келеді? – түйіршікті эндоплазмалық тор
*!Нерв жасушаларын күміс тұздарымен импрегнациялау нәтижесінде олардың цитоплазмасында нейрофибриллалары көрінеді.Қандай органеллалардың жиынтығы осындай құрылымға КӨБІРЕК сәйкес келеді? - нейрофиламент
*!Эпендимальді глия ми қарыншалары мен жұлын өзегін тыстайды.Эпендимальді глия жасушаларына қандай пішін КӨБІРЕК сәйкес келеді? - цилиндрлі
*!Суретте орталық нерв жүйесінің тек сұр затында кездесетін, денесінен жуан әрі қысқа өсінділері шығатын нейроглияның жасушалары көрінеді.Нейроглияның қай түріне осындай құрылыс КӨБІРЕК тән? – протоплазмалық астроциттер
*!Препаратта көбінесе жұлын мен бас миының ақ затында кездесетін, денесінен көптеген ұзын, жіңішке, нашар тармақталған өсінділері бар нейроглияның жасушалары көрінеді.Осындай құрылыс нейроглияның қай түріне КӨБІРЕК тән? – талшықты астроциттер
*!Нейроглияның жасушалары нерв талшықтарының миелинді қабығын түзуге қатысатыны белгілі. Аталған қызмет төменде берілген нейроглияның кай түріне КӨБІРЕК тән? - леммоциттер
*!Микросуретте мультиполярлы нейроциттің денесі мен өсіндісін қоршаған глиоциттер көрінеді.
Аталған қызмет төменде берілген глиоциттердің кай түріне КӨБІРЕК тән? - леммоцит
*!Шеткі нерв жүйесінде нейрондардың денесінің сыртқы қабықтарын глиоциттер түзеді
Аталған қызмет төменде берілген глиоциттердің кай түріне КӨБІРЕК тән? – мантийлі глиоциттер
*!Химиялық синапстың пресинаптикалық және постсинаптикалық полюстерін ажыратады. Пресинаптикалық полюстерге төменде берілген құрылымдардың қайсысы КӨБІРЕК тән? – синиапстық көпіршітер мен митохондриялар
*!Нейральді - қозғалтқыш синапстың құрамына нерв жасушасының өсіндісі кіреді. Осы сипаттамаға қандай жасушаның қай өсіндісі КӨБІРЕК сәкес келеді? – қозғалтқыш нейроциттің аксоны
*!Микросуретте қабыршақты Фатер-Пачини денешігінің ішкі колбасында нейрон өсіндісінің бар екені көрінеді. Қандай нейроциттің өсіндісі осы сипаттамаға КӨБІРЕК сәйкес келеді? – сезімтал нейроцит дендриті
*!Сезімтал нерв ұштары хеморецепторларға, барорецепторларға, терморецепторларға бөлінеді.
Қандай нерв ұшына жылуды қабылдау қызметі КӨБІРЕК тән? – бос нерв ұштары
----*!А әріпімен белгіленген нейроглияның түрін анықтаңыз-Эпендимоциттер
*!Б әріпімен белгіленген нейроглияның түрін анықтаңыз-Талшықты астроцит
*!В әріпімен белгіленген нейроглияның түрін анықтаңыз-Микроглия
----*!Нерв жасушасындағы А әріпімен белгіленген құрылым-Дендриттер
*!Нерв жасушасындағы Б әріпімен белгіленген құрылым-Митохондриялар
*!Нерв жасушасындағы В әріпімен белгіленген құрылым-Ядро
*!Нерв жасушасындағы Г әріпімен белгіленген құрылым-Түйіршікті ЭПТ
*!Нерв жасушасындағы Д әріпімен белгіленген құрылым-Аксон
*!Нерв жасушасындағы Е әріпімен белгіленген құрылым-Перикарион
*!Нерв жасушасындағы Ж әріпімен белгіленген құрылым-Гольджи аппараты
*!Нерв жасушасындағы З әріпімен белгіленген құрылым-Гликоген түйіршіктері
---*!Миелинді нерв талшығының А әріпімен белгіленген құрылымы-Миелинді қабығы
*!Миелинді нерв талшығының Б әріпімен белгіленген құрылымы-Ранвье буылтығы
*!Миелинді нерв талшығының В әріпімен белгіленген құрылымы-Біліктік целиндр
*!Миелинді нерв талшығының Г әріпімен белгіленген құрылымы-Шванн жасушаларының ядросы
*!Миелинді нерв талшығының Д әріпімен белгіленген құрылымы-Шванн қабығы
*!Миелинді нерв талшығының Е әріпімен белгіленген құрылымы-Миелин сызаттары
---*!Ұйқы безі Фатер-Пачини қабыршақты денешігінің құрамында А әріпімен белгіленген құрылым-Ішкі колбасы
*!Ұйқы безі Фатер-Пачини қабыршақты денешігінің құрамында Б әріпімен белгіленген құрылым-Сыртқы колбасы
*!Ұйқы безі Фатер-Пачини қабыршақты денешігінің құрамында В әріпімен белгіленген құрылым-Капсуласы
----*!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының А әріпімен белгіленген құрылымы-Леммоцитті
*!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының Б әріпімен белгіленген құрылымы-Қозғалтқыш нейронның аксоны
*!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының В әріпімен белгіленген құрылымы-Синаптикалық көпіршіктері
*!Қаңқа бұлшық етіндегі қозғалтқыш нерв ұшының Г әріпімен белгіленген құрылымы-Синаптикалық қуысы
*!Негізгі иіс сезу мүшесінің жасушалары қайсы-Нейросенсорлы, тіректік және базальді
*Негізгі иіс сезу мүшесінің нейросенсорлы жасушаларының ерекшеліктері болып:-Ұшы түйреуіш тәрізді, қысқа дендриті мен аксоны бар
*Мұрынның кілегейлі қабығының иіс сезетін бөлігіндегі жасушасы қайсысы:- Нейросенсорлы
*Отолитті мембрананың орналасқан жері:-Қапшықтардың есту дақтарында
*Тепе-теңдік сақтау мүшесінің ампулярлы қырқашықтарының ерекшелігі:-Түкті және тіректік жасушалардың үстінде желатин тәрізді мөлдір заты болады
*Тепе-теңдік сақтау мүшесінің құрамындағы есту дақтарының ерекшеліктері:Түкті және тіректік жасушалардың үсті отолит мембранасымен қапталған
*!Тепе-теңдік сақтау мүшесіндегі есту дағының эллипс тәрізді және дөңгелек қапшықтарындағы жасушалары-Түкті, сенсорлы және тіректік
*!Көздің торлы қабығындағы денесі талшық тәрізді радиальді глиоциттердің орналасқан қабаты қайсы-Ішкі ядролы
*!Көздің торлы қабығының сыртқы торлы қабатының құрамында мыналардың қайсысы бар-Фоторецепторлы жасушалар биполярлы жасушалардың дендриттерімен және горизонтальды жасушалардың дендриттерімен байланысатын жері
*Жарғақты лабиринттің кіре беріс бөлігіндегі сопақша қапшықтың макуласындағы кірпікшелі жасушалары мыналардың қайсысын қабылдайды:-Сызықтық үдеуді
*Көздің торлы қабығындағы пигментті эпителидің көлденең кесіндідегі пішіні:-Алты бұрышты
*Көздің торлы қабығы базальді мембранада орналасады және ол мыналардың қайсысымен жанасады:-
*Құрамында меланосомасы бар, бір қатарлы призма тәрізді, кейде алты бұрышты болып келген жасушалардан тұратын көздің торлы қабығының қай қабаты:-Пигментті
*!Көру пигменті – родопсин жарықты қабылдайтын таяқша тәрізді жасушасының қай бөлігінде орналасады-Таяқша жасушаларының сыртқы сегментінде
*!Көру пигменті – иодопсин жарықты қабылдайтын колба тәрізді жасушасының қай бөлігінде орналасады-Колба тәрізді жасушаның ішкі сегментінде
*!Колба тәрізді жарықты сезетін жасушалардың қай бөлігінде эллипсоидтары болады-Колба тәрізді жасушаның ішкі сегментінде
*Көздің торлы қабығындағы жарықты қабылдайтын сезімтал жасушаларының аксондары мына жасушалардың қайсысымен байланысады:-Биполярлы
*!Көздің торлы қабығының биполярлы нейрондары нерв импульсін мына жасушалардың қайсысына өткізеді-Ганглиозды жасушаларға
*!Көздің торлы қабығындағы биполярлы жасушалары арқылы мына жасушалардың қайсысы бір-бірімен байланысады-Сезімтал фоторецептор мен ганглиозды
*!Көздің торлы қабығындағы горизонтальды жасушалары мына жасушалардың қайсысын бір-бірімен байланыстырады-Сезімтал фоторецепторларды
*!Көздің торлы қабығындағы амакринді жасушалары мына жасушалардың қайсысын бір-бірімен байланыстырады-Ганглиозды жасушалары
*!Көздің склерасының құрамындағы тін қайсы-Тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні
*!Көзің торлы қабығының нерв талшықтар қабатын түзетін құрылымдары қайсы-Ганглиозды жасушалардың аксондары
*Көздің қасаң қабығының меншікті заты болып:-Жалпақ фибробласттар мен дәнекер тінінің пластинкалары болады
*!Көздің қасаң қабығының артқы эпителиі болып саналатыны қайсы-Бір қабатты жалпақ
*Көздің торлы қабығының шығу тегі болып:-Нерв түтігі
*Есту мүшесіндегі рецепторлы жасушалардың орналасқан жері:-Спиральді мүше
*Спиральді мүшедегі тіректік жасушалардың ерекшеліктері:-Базальді мембранаға бекінген
*Спиральді мүшедегі пішіні құмыра тәрізді, апикальді полюсінде 30-60 стереоцилиялары бар 3-4 қатар болып орналасқан эпителиоциттері қайсы:-Ішкі түкті сенсорлы
*Спиральді мүшедегі пішіні цилиндр тәрізді, апикальді полюсінде стереоцилиялары V әрпі тәрізді орналасқан, шашақты жиек түзетін эпителиоциттері қайсы:-Сыртқы түкті сенсорлы
*! Спиральды мүшедегі сыртқы түкті жасушалары мына жасушалардың қайсына бекінеді-Сыртқы саусақ тәрізді
*!Спиральді мүшедегі ішкі туннельді түзетін эпителиоциттері қайсы-Ішкі және сыртқы бағаналы
*!Дәм сезу түйіндеріндегі жасушалар қайсы-Рецепторлы, тіректік және базальді
*!Электрондық микросуретте сенсорлы жасушаларында қысқа дендриттері мен ұзын аксоны бар, дендриттерінің ұшы түйреуіш тәрізді жуандалып, аяқталған, ал аксондары бірігіп, 20-40 жіпше тәрізді бағаналарын түзетін сезім мүшесі берілген.Осы сипаттамаға төменде көрсетілген сезім мүшелерінің қайсысының құрылысы КӨБІРЕК ұқсайды? – иіс сезу
*!Науқасты қарап тексеру барысында денесінің гравитациялық аймақпен байланысына тітіркену қабілетінің бұзылғаны анықталды. Осындай өзгерістер төмендегі рецепторлық жасушалардың қайсысында КӨБІРЕК байқалады? - Есту дақтары мен қырқашықтарындағы түкті жасушалары
*!Құрамындағы сенсорлық және тіректік жасушаларының пішіні қоңырау тәрізді, қуысы жоқ, үсті желатин тәрізді мөлдір затпен жабылған сезім мүшесінің микросуреті берілген. Бұл сипаттама сезім мүшелерінің қайсысына КӨБІРЕК ұқсас келеді? – тепе – теңдік сақтау
*!Сезім мүшесінің электрондық микросуретінде үсті құрамында қальций карбонатының кристалдары бар, отолитті мемранамен қапталатын сенсорлы және тіректік жасушалары көрінеді. Осы сипаттамаға мына мүшелердің қайсысының ұқсастығы БАСЫМ – тепе-теңдік сақтау
*!Көздің торлы қабығын ультрақұрылымдық зерттеу барысында - құрамында меланосомасы бар, бір қатарлы призма тәрізді, кейде алты бұрышты болып келген жасушалардан тұратын қабатының бар екені белгілі болды. Осы сипаттамаға төменде берілген қабаттардың қайсысын КӨБІРЕК сәйкестендіруге болады? - пигментті
*!Көздің торлы қабығының микросуретінде берілген жасушаның құрамындағы шеткі өсінділері таяқша мен колба тәрізді қабаттарды түзетіні белгілі. Құрылыс ерекшелігі бойынша ұқсастығы БАСЫМ келетін жасуша қайсы? – фоторецепторлар
*!Көздің торлы қабығының микросуретінде берілген жасушаның ядро орналасқан бөлігі сыртқы ядролы қабатты түзеді. Мұндай құрылысқа ие жасуша ұқсастығымен КӨБІРЕК сай келетін жасушаны атаңыз? – фоторецепторлы
*!Гистологиялық препаратта ядро орналасқан бөлігі ганглионарлы қабатты түзетін көздің торлы қабығының жасушалары көрінеді. Осы сипаттамаға сәйкестігі бойынша КӨБІРЕК ұқсас жасуша қайсы? - ганглиозды
*!Гистологиялық препаратта көздің торлы қабығы құрамында өсінділері сыртқы және ішкі шектеушілік мембраналарды түзетін жасушалары көрінеді. Осы сипаттамаға сәйкестігі бойынша КӨБІРЕК ұқсас жасуша қайсы? – талшық тәрізді радиальді шлиоциттер
*!Көздің артқы қабырғасының микросуреті берілген. Көздің торлы қабығының құрамындағы фоторецепторлы жасушалардың шеткі өсінділерінен түзілетін көздің торлы қабығының қабаты анықталды. Төмендегі жасушалардың қайсысы бұл қабатты түзуде БАСЫМДЫҚ танытады – таяқша мен колба тәрізді жасушалар
*!Көздің артқы қабырғасының микросуреті берілген. Көздің торлы қабығының биполярлы, горизонтальді және амакринді жасушалардың ядролары орналасқан бөліктерінен құралатын қабаты анықталған. Төмендегі жасушалардың қайсысы бұл қабатты түзуде БАСЫМДЫҚ танытады? – ішкі ядролы
*!Гематоксилин-эозинмен боялған көздің қасаң қабығының препараты берілген. Онда көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителиден тұратын қабаты көрінеді. Бұл сипаттаманы ескере отырып қасаң қабықтың қай қабатын КӨБІРЕК ұқсатамыз? – алдыңғы эпителий
*!Электронды микросуретте спиральді мүшедегі пішіні құмыра тәрізді бір қатар болып орналасқан, апикальді полюсінде жіңішке түктері – стереоцилиялары бар жасушалар көрінеді.Төмендегі жасушалардың қайсысының сипаттамаға ұқсастығы БАСЫМ? – ішкі сенсоэпителиоциттер
*!Электронды микросуретте спиральді мүшеде 3-4 қатар болып орналасқан, пішіні цилиндр тәрізді жасушалары анықталады. Төмендегі жасушалардың қайсысының сипаттамаға ұқсастығы БАСЫМ? – сыртқы түкті
*Препаратта дәнекер тінді пластинкадан, жалпақ пішінді фибробласттан және негізгі заттан тұратын қасаң қабықтың қабаты берілген.Берілген сипаттамаға қасаң қабықтың қай қабаты сәйкес келеді? -
*Сызбада таяқша және колба тәрізді жасушалардың ядролары орналасқан бөліктерінен құралатын қабат анықталады.
Сызбада торлы қабықтың қай қабаты берілгенін анықтаңыз?
*Сызбада ядролары ішкі ядролы қабатта орналасқан, өсінділері шектеушілік мембрана түзуге қатысатын жіңішке,созылыңқы келген жасушалар көрінеді.
Жасушалардың қайсысы берілген қызметті атқаратынын анықтаңыз.
---*!Ұлудың А әріпімен белгіленген құрылымы-Кіреберіс сатысы
*!Ұлудың Б әріпімен белгіленген құрылымы-Ұлудың жарғақтық каналы
*!Ұлудың В әріпімен белгіленген құрылымы-Спиральді мүше
*!Ұлудың Г әріпімен белгіленген құрылымы-Дабыл сатысы
*!Ұлудың Д әріпімен белгіленген құрылымы-Спиральді ганглий
1.Гистологиялық препарат дайындаудың қай кезеңінде құрылымның бүтіндігінің сақталуы қамтамасыз етіледі
Достарыңызбен бөлісу: |