Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Психомоториканы және сенсорлы үрдістерді дамыту»



Pdf көрінісі
Дата28.01.2017
өлшемі279,12 Kb.
#2889

 

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 174-қосымша   

 

 

 

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған бастауыш білім беру 

деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Психомоториканы және сенсорлы 

үрдістерді дамыту» пәнінен типтік оқу бағдарламасы  

 

Түсінік хат 

 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 



тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес  және  орташа  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқытуға  қажетті  ерекше 

талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды. 

2.  Зияты  зақымдалған  оқушыларды  гуманды  және  жекешелендіріп 

тәрбиелеу  және  оқыту  тапсырмалары  олардың  толыққанды  дамуына  керекті 

жағдайларын, оқу жұмыстарының субъектісі болып қалыптасуын талап етеді.  

3.  Түзету  жұмыстарының  берілген  бағдарламаның  теориялық  негізі 

Л.С.Выготскийдің тұжырымдамалық теориялық жағдайы:  

1)  ауытқумен  және  қалыпты  дамып  жатқан  балалардың  ортақ  даму 

заңдылықтары;  

2) оның орын басу мүмкіндіктері мен кемістіктің құрылымы;  

3) ақауы бар баланы зерттеуде жүйелі жол табу қолданысы;  

4)  психологиялық  көмек  ұйымдастыруда  оның  өзекті  және  жақын  даму 

аймағы;  

5)  психологиялық-педагогикалық  түзету  бағдарламасын  іске  асыру 

барысында балаларға жеке және саралауға үйрету болып табылады. 

4. Оқу пәнінің мақсаты «Психомоторика мен сенсорлы үдерістің дамуы» - 

баламен  әр  түрлі  сенсорлық  құрамның  біртұтас  объектілерін,  сапасымен 

белгісін  танып  білуде  тиімді  шарттың  қалыптасуы  болып  табылады;  баланың 

қоғамда тиімді әлеуметтеніп және психикасының дамуына әсер ететін қоршаған 

орта жайлы көпқырлы дұрыс көріністі беру. 

5.  Негізгі  міндеттер.  Мақсатқа  жету  үшін  келесі  тапсырмаларды 

орындаумен шектеледі: 

1) бақылау, салыстыру, заттардың белгілерімен еліктеулерді және оларды 

сөйлеу  тілі  кезінде  жеткізе  білу  есте  сақтау  барысында  психологиялық 

процесстердің дамуы, ойлауы, сөйлеу тілі, қабылдауы; 

2)  сезім  мүшелерінің  дамуын  қалыптастыру  қоршаған  ортадаға  барлық 

жағдайларды  қабылдау,  кемістіктерді  түзету  заттардың  ерекше  белгілерін, 

түстерін олардың орнын, қоршаған ортаны уақыт бірліктерін ажырату; 



 

 

3) қоршаған ортаға бейімделу; 



4) есту және сөйлеу ерекшеліктерін дамыту; 

5) эстетикалық қабілетті дамыту (түс, дәм, иіс, дыбыс, ырғақ); 

6) сенсорлы қызметтің дамуы; 

7) сөйлеу аппаратын дамыту; 

8) моторикадағы кемшіліктерді түзету, көру-қимыл ерекшеліктерін, 

қозғалыспен іс-әрекеттегі тұрақтылығын дамыту; 

9)  ерік-жігерлік  этикалық  өлшемдерді  дамыту,  әдеби  шығармаларды 

қабылдау;  

10)  назар  аударуымен  есте  сақтауын  дамыту  (ойындар,  назар  аударуға 

арналған жаттығулар, есептеуіштерді жаттау). 

6.  Оқу  тәрбиелеу,  түзету  дамыту  жұмыстары  барысында  кіші  мектеп 

жасында ойын әрекеті негізгі рөлді алады.  

7. Түзеу жұмыстары келесі бөлімдерден құрылады: 

1) психомотрлы процестердің және диагностиканың жағдайы; 

2)  дене  моторикасы  ұсақ  моториканы  және  қол  саусақ  моторикасын 

дамыту; 


3) қозғалыс әрекетін дамыту; 

4) кинестикалық және кинетикалық даму; 

5) көлемді, түрді, түсті және заттардың құрылымын ажырату; 

6) заттардың ерекше белгілерін қабылдау; 

7) көру арқылы есте сақтау барысында көру қабылдауын дамыту; 

8) есту арқылы есту қабілетін дамыту; 

9) қоршаған ортаны қабылдау және түсіну; 

10) уақытты қабылдау. 

8. Пәнді оқытуда сағат саны:  

1) 1-ші сыныпта аптасына 2 сағат, жылына 66 сағат; 

2) 2-4 сыныптарда аптасына 2 сағат жылына 68 сағаттан;  

3) 4 жылдық қорытынды бойынша 270 сағат. 

9.  Түзету  жұмыстарын  сабақтың  1-ші  және  2-ші  бөлімінде  жүргізуге 

болады. Жүргізілетін жұмыс 30-35 минутты құрайды. Әрбір сыныпқа аптасына 

2 сағаттан бөлінген. Жеке жұмыстардың көлемін психолог оқу бағдарламасына 

сәйкес  және  оқушының  қажеттіліктеріне  сәйкес  енгізеді.  Оқушыларды 

диагностикалық  тексеруден  өткізу  оқу  жылының  басында  және  соңында 

жүргізіледі. 

10. Оқу процесі кезінде пән аралық байланыс оның ішінде мәдениеттану, 

әлеуметтану, бейімделу және еңбек дайындығы қарастырылады:  

1) «Қоршаған орта»;  

2) «Сурет салу»;  

3) «Әуендік және ырғақтық»; 

4) «Пәндік және тәжірибелік қызмет»;  

5) «Емдеу және физикалық тәрбие». 

 

 


 

 

2. Оқу пәнінің 1 - сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

11. Тақырыптарды орналастырудың үлгісі (бөлім бойынша) - 66 сағат 

12.  1  тоқсан  (17  сағат).  Ірі  және  ұсақ  моториканы  дамыту  қол-қимыл 

моторикасын дамыту. 

13. Моторикалық және графамоторикалық дағдыларды дамыту: 

1) сабақ өткізуге арналған топтарды бөлу; 

2)  ірі  моториканы  дамыту  (мұғалімнің  нұсқауына  сәйкес  тапсырмаларды 

орындау); 

3)  тепе-теңдік  қалпын  сақтау.  Дене  мүшелердің  үйлесімді  қызметі  (қол-

қимылы, жүру бағытын өзгертіп қозғалыс жасау); 

4)  қол  саусақтары  ұсақ  моторикасын  дамыту,  саусақ  жатығулары. 

Үлгімен жүріп өту; 

5) қолдың және көру мүшесінің ерекшелігін дамыту; 

6) жапсыру жұмыс техникасы, майысқан қағаздарды тігінен қию. 

14. Түйсіну – қимылдарын қабылдауы:  

1)  заттың  көлемі  бойынша  көлемін  түсіну  (үлкен,  кіші,  өте  үлкен). 

Дидактикалық ойындар «Сиқырлы қап»; 

2) тік пішіндерді және заттарды ажырату. 

15. 2 тоқсан (16 сағат). 

16. Ермексазбен жұмыс. 

17. Ірі мозайкамен жұмыс. 

18. Кинестикалық және кинетикалық даму: 

1) дененің әр түрлі қалпын қалыптастыру; 

2)  дидактикалық  ойындар  «Өзен  теңселіп  жатыр»  дененің  жоғарғы  және 

төмен бөліктерінің қозғалысы; 

3) бас қалпының қозғалысы. 

19. Заттардың түрін, түсін, құрылымын қабылдау: 

1)  сенсорикалық  үлгідегі  геометриялық  пішіндер  (дөңгелек,  төртбұрыш, 

тік бұрыш, үшбұрыш); 

2) заттарды түрін ажырату; 

3) заттарды топтастыру (түріне, түсіне сәйкес); 

4) дидактикалық ойындар. «Пішіндерге сәйкес заттарды біріктіру». 

20. 3 тоқсан (17 сағат): 

1) заттардың көлеміне сәйкес ажырату (үлкен, кіші); 

2) ұзындығына және биіктігіне сәйкес 2 затты ажырату; 

3) ені мен қалыңдығына сәйкес 2 затты ажырату; 

4) геометриялық пішіндерді құрастыру;  

5) негізгі түстермен танысу (қызыл, сары, жасыл, көк, ақ). Дидактикалық 

ойындар «Заттың түсін айт» көлемді заттардың құрылымы (2-3 зат); 

6)  көру  арқылы  көру  қабілетін  дамыту:  талдау  және  жинақтау  әдісі; 

заттарды  салыстыру;  дидактикалық  ойындар  «Қай  зат  жетіспейді»  (столдың 

аяқтары  жоқ  болады,  орындықтың  арқашасы  жоқ,  шелектің  құлағы  жоқ). 

Дидактикалық  ойындар  «Не  өзгерді?»  (2-3  зат);  алдына  алу  және  көруді 


 

 

түзетуге арналған жаттығулар; 



7)  заттардың  ерекше  белгілерін  қабылдау:  заттың  температурасын 

ажырату;  дәмдік  сапаларды  айыра  білу  (қышқыл,  тәтті,  тұзды).  Дидактикалық 

ойындар «Дәмін тат».  

21. 4 тоқсан (16 сағат): 

1)  есту  арқылы  есту  қабілетін  дамыту:  қоршаған  орта  дыбыстарын 

ажырату және тану. Дидактикалық ойындар;  

2)  есту  арқылы  танымын,  түрлі  әуендік  дыбыстарды,  қоршаған  орта 

дыбыстарын ажырату; 

3) қоршаған ортаны қабылдау: 

өз дене мүшесінде бейімделу (оң жақ, сол жақ, қол-аяқ); 

мектеп ішіне бейімделу (алға, артқа);  

сызық бойымен тұруға бейімделу; 

дәптер парақшасына бейімделу (ортасы, жоғары, оң жақ, сол жақ, жиегі); 

4) уақытты қабылдау: 

тәулік.  Тәулік  бөліктері  (таңертең,  күндіз,  кеш,  түн),  тәуліктің 

графикалық моделі; іс-әрекеттің кезектілігі; 

бүгін,  кеше  түсініктерін  қалыптастыру;  апта.  Жеті  күн,  күндердің 

кезектілігі; 

дидактикалық ойындар «Көңілді апта»; 

таным процестеріне сәйкес бақылау диагностикасы. 



 

3. Оқу пәнінің 2 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

22. Тақырыптарды орналастырудың үлгісі (бөлім бойынша) - 68сағат. 

23. 1 тоқсан (17 сағат). 

24. Балаларды зерттеу, түзету жұмыстарға топтарды іріктеу, жинақтау. 

25. Моторикалық және графамоторикалық дағдыларды дамыту: 

1)  қимыл  нақтылығының  дамуы  (көзделген  орынға  допты  сілтеу  және 

оны  лақтыру,  «Шеңберге  лақтырғыш»);  қимыл  үйлестігі  (доппен  ойнау, 

шеңберді айналдыру); 

2) мұғалімнің екі буынды нұсқауы бойынша мақсатты бағытталған оқыту 

амалдары (2 қадам алға – оңға бұрыл, т.б.); 

3) сөздік нұсқау арқылы жүргізіліп отыратын саусақ жаттығулары; 

4)  екі  қолмен  бірдей  орындалатын  жаттығулар  (баумен  жұмыс, 

моншақтарды жіпке өткізу); 

5)  әр  түрлі  бағытта  штрихтау  және  үлгі  бойынша  сурет  салу;  үлгідегі 

геометриялық пішіндердер бойынша берілген оюды жиектеу; 

6) қол мен көздің қимыл үйлестігінің дамуы (мұғалім нұсқауы бойынша); 

7) графикалық диктант (көрініс бойынша); 

8) үлгі бойынша тіктөртбұрышты, төртбұрышты, үшбұрышты пішіндерді 

қайшымен қию; 

9) «Көлемді жапсыру» техникасымен жұмыс. 

26. Түйсіну – қимылдарын қабылдауы: 


 

 

1)  әр  түрлі  құрамдағы  заттарды  түртіп,  сипап  байқау,  анықтау  (жұмсақ, 



қатты, суық, жылы); 

2)  заттарды  түртіп,  сипап  байқау,  анықтау.  «Сыйқырлы  қап» 

дидактикалық ойыны. 

27. 2 тоқсан (17 сағат).  

28.  Ермексазбен  және  саз  балшықпен  жұмыс  (қатты  және  жұмсақ 

жағдайда). 

29. Орта мозайкамен ойын. 

30. Кинестетикалық және кинетикалық даму: 

1)  жоғарғы  және  төменгі  буындардың  қимылдары  мен  қозғалыстары 

(мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  жаттығулар);  бастың  қимылдары  мен  қозғалу 

ерекшеліктері (мұғалімнің нұсқауы бойынша);  

2) өзіндік әсерлерді сөзбен айтып жеткізу;  

3)  бүкіл  дененің  қимылдары  мен  қозғалу  ерекшеліктері.  Дидактикалық 

ойын  «Айна»;  қимылдардың  және  қозғалыстардың  ұқсастығы  (жануарлар 

қимыл әдеттері, табиғат құбылыстары). 

31. Түс, көлем, формасын қабылдау және заттарды құрастыру: 

1)  көлемді  геометриялық  пішіндерді  құрылымдау  (шар,  төртбұрыш); 

формасы бойынша заттарды топстастыру (көлемді және жіңішкерек); 

2) биіктігі және қалыңдығы бойынша 2-3 заттарды салыстыру; ұзындығы 

және ені бойынша 2-3 заттарды салыстыру; 

3)  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  заттарды  формасы  мен  көлемі  бойынша 

топтастыру;  

4)  берілген  белгі-сипаты  бойынша  көлемге  байланысты  3-4  заттық 

сериацондық қатар құрастыру. 

32. 3 тоқсан (17 сағат): 

1) түстер мен бояуларды ажырату; 

2)  негізгі  түстерге  бояуларды  таңдау.  Дидактикалық  ойын  «Аталған 

түстегі заттарды жинақта»; 

3) геометриялық пішіндерден заттарды құрастыру (2-4 бөлшек); 

4)  таныс  заттардың  бөліктерін  бөлу  және  айыру  (орындық-арқасы, 

аяқтары, шкаф-есіктері, қабырғалары т.б.); 

5) қырқылған, кесілген бөліктерден бір бүтін құрастыру (3-4 бөлшек). 

33. Көріп қабылдау және көріп есте сақтауының дамуы: 

1)  3-4  бөліктен  тұратын  көру  анализінің  және  заттардың  синтезінің 

құрылымдық қабілеті (мұғалімнің нұсқауы бойынша); 

2) көрнекі құралдардан айырмашылықты табу (2 суретті салыстыру); 

3)  көріп  есте  сақтауының  дамуы.  Дидактикалық  ойын  «Не  өзгерді?»  (4-5 

заттардан); 

4) салынған суреттегі заттарды айыра білу (2-3 сурет); 

5) көруді алдын ала емдеу және түзетуге арналған жаттығулар. 

34. Ерекше құрамдағы заттарды қабылдау: 

1)  сипап  сезуінің  дамуы  (температуралық  сезімдер).  Температураны 

өлшеуге арналған құрал жабдықтар (градусниктер); 


 

 

2)  дәмдік  сапаларды  айыра  білу  (ащы-тәтті,  піскен-шикі).  Дидактикалық 



ойын «Дәмін біл»; 

3) иіскеп білу дамуы (өткір-жұмсақ, тағамның иістері); 

4) әр түрлі заттардың қатты жұмсақты сезімін қабылдау (мақта,  шегелер, 

т.б.). 


34. Естіп қабылдауы мен естіп есте сақтауын дамыту: 

1)  әртүрлі  даңғырлақ  және  әуендік  аспаптардың  дыбысы  (сылдырмақ, 

дауылпаз, қоңырау, дабыл, гармон); 

2)  дауыс  қаттылығы  мен  ұзақтығына  сипаттама  (шу,  музыкалық  және 

сөздік дыбыстар); 

3)  әуенді  сипаты  бойынша  ажырату  (көңілді,  мұңды).  Әуендік 

шығармаларды тыңдау. 

35. 4 тоқсан (17 сағат): 

1) дыбыстық еліктеу (айналадағы дыбыстарға еліктеу); 

2)  дидактикалық  ойын  «Сені  кім  шақырғанын  айт»  (дауысы  бойынша 

ажырату). 

36. Кеңістікті қабылдау: 

1)  ғимаратты  бағдарлау,  берілген  бағыт  бойынша  қозғалу;  қозғалыс 

бағыттары сөздерінің мағынасы; мектеп ғимаратында бағдарлау;  

2) «жақын» және «алыс» ұғымдары;  

3)  парақты  бағдарлау  (барлық  бұрыштарын  белгілеу);  парақтың  тік 

бағытына  жазық  және  көлемді  заттарды  орналастыру;  парақтың  көлденең 

бағытына  жазық  және  көлемді  заттарды  орналастыру;  заттар  арасындағы 

кеңістіктік түсініктерді сөздік түрді сипаттау; 

4) партаның жоғарғы жағын кеңістіктік бағдарлау; 

5) дидактикалық ойын «Заттың орнын анықта». 

37. Уақытты бағдарлау: 

1)  жыл  айларын  реттеу;  жыл  мезгілдері.  «Жыл  мезгілдері»  графикалық 

модельімен жұмыс жасау; 

2) сағатпен танысу (циферблат, тілдік);  уақыт өлшемдері (секунд, минут, 

сағат, тәулік); сағат бойынша уақытты анықтау. Ойын «Сағат модельдері»; 

3) таным процесстерін бақылау диагностикасы. 

 

4. Оқу пәнінің 3 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

38. Тақырыптарды орналастырудың үлгісі (бөлім бойынша) – 68 сағат. 

39. 1 тоқсан (17 сағат). Қабылданған балаларды тексеру. 

40. Моторикалық және графамоторикалық дағдыларды дамыту: 

1)  нақты  бір  заттармен  белгілерді  дамытуға  арналған  жаттығулар 

(«Керік», «Жолбарыс»);  

2)  әртүрлі  бұлшық  еттердің  қозғалысына  сәйкес  дамыту  жұмыстарын 

жасау (мұғалімнің нұсқауы бойынша); 

3) мұғалім екі-үш құрылымды тапсырмаларды мақсатты түрде орындауға 

үйрету (екі адым алға – оңға бұрыл – бір адым артқа); 



 

 

4) сөздік қолдау арқылы саусақ жаттығулары;  



5)  қолдың  ұсақ  қимылдарының  дәлдігін  жүзеге  асыру  (байлау,  шешеу, 

бау  байлау);  заттық  суреттердің  шетін  айналдыра  орау,  әртүрлі  бағытта 

сызықтау.  Үлгі  бойынша  салу;  графикалық  диктант;  заттық  суреттердің  жиегі 

бойынша  парақты  қайшымен  қию;  «Көлемді»  және  «үзілген»  жапсыру 

жұмыстарын жасау. 

41. Түйсіну – қимылдарын қабылдауы: 

1) сипап сезу арқылы заттарды тану; әртүрлі қасиеттерін ажырату 

(жұмсақ және қатты, үлкен және кіші); бетін сипап сезу арқылы анықтау (тегіс, 

қатпарлы, тікенекті, үлпілдек). Дидактикалық ойыны «Қалай болады?»; 

2) сазбен немесе ермексазбен жұмыс (жаймалап жазу, домалату, қысу). 

«Жемістер» жасау.  

42. 2 тоқсан (17 сағат). Сюжеттік ойындар. 

43. Кинестетикалық және кинетикалық даму: 

1) дене бөліктерінің (көз, ауыз, саусақтар) статикалық және динамикалық 

әртүрлі қалыптарының дамуын сезіну;  

2) өзіндік сезімдерін сөзбен жеткізу. 

44.  Қимылдың  бейнелілігі  (жануарларды  салу,  мектептегі  шараларда 

сахналау). 

45. Түс, көлем, формасын қабылдау және заттарды құрастыру: 

1)  заттарды  салыстыру  және  оның  қалпын  сөзбен  түсіндіру  (3-4  зат); 

«Сопақ»  сөзінің  мағынасы.  Домалақ  пен  сопақты  салыстыруға  арналған 

жаттығулар; 

2) 

геометриялық  құрастырғыш  бойынша  әртүрлі  қалыптардың 



кешенділігі; 

3)  заттардың  көлемінің  екі  жағынан  салыстыру  және  сөздік  мағынасы 

(ұзын және кең, жіңішке және қысқа, т.б.);  

4)  дидактикалық  ойын  «Бөлік  және  толықтық»;  4-5  заттың  көлемі 

жағынан бөлім реттіліктің құрылуы; 

5) пәндердің өзіндік ерекшеленген белгілері бойынша топтастыру; түстік 

спектр.  Жылы  және  суық  түстер;  бір  түстің  әр  түрлі  қанықтығы  бойынша  4-5 

айналымнан бөлім реттілігінің құрылуы. Дидактикалық ойын «Жеті түсті гүл». 

46. 3 тоқсан (17сағат): 

1)  заттарды  олардың  жеке  бөліктері  арқылы  білу.  Таныс  заттардың 

бітпеген суреттерін аяқтау; заттарды немес ұсақ бөлшекті құраманы құрастыру 

(пазлдар, едендік «Лего»). 

47. Көріп қабылдау мен көріп есте сақтауды дамыту: 

1)  көріп-қимылдаудың  қол  және  көз  координациясы  бойынша  жүзеге 

асыру. Көрнекілік үлгі бойынша жиектас сызу; 

2)  көрнекілік  мәліметтің  жалпы  және  ерекшеленетін  белгілерін  табу  (2 

суретті салыстыру);  

3) заттарды ажырамас қасиеттері мен сипаты бойынша салыстыру; 

4)  көріп  есте  сақтауға  арналған  жаттығулар.  Дидактикалық  ойын  «Не 

өзгерді?». Дидактикалық ойын. « Өрнекті қайтала»;  



 

 

5) көруді алдын ала емдеу және түзетуге арналған жаттығулар. 



48. Заттардың жеке қасиеттері бойынша қабылдау: 

1) сипап сезуін дамыту (жылырақ – салқынырақ);  

2)  сөздік  мағынасы.  Заттардың  температурасын  контраст  бойынша 

анықтау (жылытқыш, үтік, шәйнек);  

3)  тағамдық  иіс  пен  дәмді  ажырату  және  олардың  сөздік  мағынасы; 

заттардың әр түрлі сипаттарын анықтау (қатты, ұнтақ, ерігіштік); 

4)  дифференциялды  ауырлық  сезімінің  дамуы  (ауырлау-жеңілдеу); 

алақанда өлшеу, «көз мөлшерімен» салмағын анықтау. 

49. Естіп қабылдау мен естіп есте сақтауды дамыту: 

1)  кеңістіктегі  дыбыстың  бағытын  анықтау  (оң  жақтан  –  сол  жақтан  – 

алдыңғы  жақтан  –  артқы  жақтан).  Дидактикалық  ойын  «Дыбыс  қайдан 

шығады?»;  

2)  дыбыстық  белгі  арқылы  әрекеттерді  жасау  (басты  белгілі  градусқа 

бұру). Дидактикалық ойын «Үзілген әуен»; 

3)  әуендік  және  тілдік  дыбыстардың  тонның  жоғарылығы  арқылы 

ажырату. 

50. 4 тоқсан (17 сағат): 

1) ырғақ бойынша әуендерді ажырату; әуендік үзінділер тыңдау; 

2) ырғақ сезімдерін дамыту. Дидактикалық ойыны «Біз барабаншымыз». 

51. Кеңістікті қабылдау: 

1)  кеңістікте  бағдар  алу  (бөлмеде  және  көшеде);  кеңістіктегі  қарым  – 

қатынасты сөйлемдерді пайдалану арқылы сөзбен жеткізу; кеңістік тәжрибесін 

дамыту. Орындалған тапсырманың сөздік есебі; 

2)  дидактикалық  ойын  «Қайда  барасың,  соны  табасың»;  бөлмедегі 

жиһаздардың  орналасуын  кеңістікте  модельдеу.  Дидактикалық  ойын  «Бөлмені 

жабдықтайық»; 

3)  қағазды  «көзбен»  тең  2  және  4  бөлікке  бөлу;  қағаздың  тік  және 

көлденең  жиектеріне  заттарды  орналастыру;  тақтаға  жапсырылған  түрлі 

көлемдегі қағазға бағдар жасау (қағаздың көлденең орналасуы). 

 

5. Оқу пәнінің 4 - сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

52. Тақырыптарды орналастырудың үлгісі (бөлім бойынша) – 68 сағат. 

53. 1 тоқсан (17 сағат). Қабылданған балаларды тексеру. 

54. Моторикалық және графамоторикалық дағдыларды дамыту: 

1)  бұлшық  еттің  түрлі  топтарын  дамыту  қимылдары  (мұғалімнің 

нұсқауымен); қимылдардың дыбыстық белгімен сай келуі (бір шапалық ұрғанда 

жүгіресің, екі шапалақ ұрғанда кері жүгіресің және т.б.); 

2)  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  мақсатты  қимылдарды  орындау  (оңға 

бұрыл – екі қадам алға – бір қадам артқа): орындалуы жөнінде сөздік есеп беру; 

3)  қолдың  ұсақ  қимылдарының  дәлдігін  жетілдіру  (ұсақ  мозайка  «Лего» 

сақиналарды шынжырға тізу); күрделі тапсырмалары бар графикалық диктант; 

геометрикалық  пішіндерді  сызу  (шеңбер,  төртбұрыш,  үшбұрыш);  суреттердің 



 

 

симметриялық  жалғасын  толықтырып  салу;  заттардың  бейнесін  «көз 



өлшеммен» қайшымен кесу (алмұрт, доп). 

55. Түйсіну – қимылдарын қабылдауы: 

1) заттардың түрлі қасиеттері мен сапаларын сипап білу арқылы ажырату 

(майысқан, ағаш, ыстық, тікенді); 

2)  ермексаз  және  сазбалшықпен  жұмыс  кезінде  сипап  түйсінуді  дамыту; 

«Ғажайып дорба» ойыны (ұсақ заттармен);  

3) ұсақ мозайкамен ойын. 

56. Кинестетикалық және кинетикалық даму: 

1) қимыл мен дененің түрлі мүшелерінің қалпының сай келуі (мұғалімнің 

нұсқауымен);  

2) қимыл мен іс-әрекетті сөйлеу арқылы орыдау. 

57. 2 тоқсан (17 сағат): 

1) бұлшықеттерді босаңсытуға арналған жаттығулар; 

2) ой арқылы елестету қимылдары (допты лақтыру, ағашты жару, киімді 

жуу). 

58. Түс, көлем, формасын қабылдау және заттарды құрастыру: 



1)  заттарды  екі  белгісі  бойынша  өз  бетінше  топтастыру;  сөзбен 

толықтыру;  

2) заттарды көлемі, түсі, формасы бойынша топтастыру және салыстыру;  

3)  заттардың  жекелеген  параметрлерін  өлшеу  және  салыстыру  үшін 

қарапайым өлшемдерді қолдану (ұзындығы, ені, биіктігі бойынша); 

4)  түстер  спектрі.  Түстердің  араласуы;  түстерді  анықтау.  Дидактикалық 

ойын «Түсті ата»; 

5)  күрделі  үлгідегі  заттарды  құрастыру  («Техникалық  құрастыру»,  ұсақ 

пазл); 

6) бір элемент бойынша заттарды тану; заттарды сөзбен сипаттау арқылы 



тану. Дидактикалық ойын «Сипаты бойынша таны». 

59. 3 тоқсан (17 сағат). 

60. Көру арқылы қабылдау мен көру арқылы есте сақтауды дамыту: 

1)  көрнекі  материалдан  ерекше  және  ұқсас  белгілерді  табу  (2-3  заттық, 

сюжетті суреттерді салыстыру). Суреттерден «Сәйкессіздікті» табу; 

2) көру арқылы есте сақтауды дамыту. «Есіңде қалғанын бейнеле»; көруді 

алдына алу. Көзге арналған жаттығулар. 

61. Заттардың ерекше қасиеттерін қабылдау: 

1) сипап сезу сезімінің айырмашылығын дамыту (құрғақ-ылғал-дымқыл); 

олардың ауызша анықтамасы; 

2)  температура.  Дененің,  судың,  ауаның  температурасын  өлшеуге 

арналған құралдар; 

3)  дәм  сезу  сезімінің  айырмашылығын  дамыту  (тәтті-тәттірек,  қышқыл-

қышқылырақ);  

4) ауызша анықтамасы;  

5) иістердің айырмашылығын қабылдау (жеміс, гүл, иіссу иістері). «Затты 

иісінен тап» дидактикалық ойыны; 


 

 

6) заттарды таразыда өлшеуге арналған жаттығулар;  



7)  заттардың  қарама-қарсы  қасиеттерін  анықтау  (таза-кір,  жарық-

қараңғы);  заттармен  жасалынатын  қарама-қарсы  әрекеттерді  анықтау  (ашу-

жабу, түймелеу-ағыту, киіндіру-шешіндіру). 

62.  Естіп  қабылдау  мен  естіп  есте  сақтауды  дамыту:  дыбыстардың 

ұзақтығы мен қаттылығына қарай ажырату (сөйлеу кезіндегі, әуендік). 

63. 4 тоқсан (17 сағат): 

1)  есту  моторлық  үйлестілігін  дамыту.  Дидактикалық  ойын  «Тыйым 

салынған дыбыс»; 

2)  есту  арқылы  түрлі  әуендік  аспаптардың  дыбысталуын  анықтау.  «Бұл 

ненің дыбысы, тап»; 

3) ырғақты сезінуді дамыту. Ойын жаттығулары. 

64. Кеңістікті қабылдау: 

1) ауызша нұсқау бойынша көшедегі ғимараттарды бағдарлау; 

2) жақын және алыс кеңістікте заттардың орналасуын анықтау; 

3) заттардың кеңістікте орналасуын модельдеу; кеңістіктік қатынастарды 

сөзбен жеткізу; 

4)  мұғалімнің  нұсқауы  бойынша  кеңістіктегі  жағдайларды  модельдеу 

(қуыршақтар бөлмесіне жиһаздар қою); 

5)  түрлі  үлгідегі  (дәптер,  альбом,  ватман)  және  түрліше  орналасқан 

(тігінен, көлденеңінен, қырынан) қағаздарға бағдарлану. 

65. Уақытты қабылдау: 

1)  сағаттан  уақытты  анықтау;  уақыт  аралықтарының  ұзақтығы. 

Дидактикалық ойын «Минутты сақта»; 

2)  күнтізбемен  және  жылдық  күнтізбе  үлгісімен  жұмыс.  Дидактикалық 

ойыны «Бұл қашан болады»; 

3) негізгі өмірлік оқиғалардың реттілігі. Адамдардың жасы; 

4) танымдық әрекеттердің бақылау диагностикасы. 

 

6. 1 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

66.  Пәндік  нәтижелер.  1  сыныптың  оқушыларында  психомоторлы  және 

сенсорлы процестерін мақсатты түрде бағытталған қызметінде төмендегілерді: 

1) мұғалімнің нұсқаулары мен мақсатты іс-әрекетті орындай;  

2) жазу жабдықтарын дұрыс қолдай; 

3) қиын емес суреттерді көшіре;  

4) пәндегі көрсетілген белгіні салыстырып талдау  шығара: нысан, көлем, 

түс; маңызды суретті атап ажырата;  

5) геометриялық пішіндерді топтастыра;  

6)  пән  2-3  құрамнан  құралуын;  жақсы  танитын  көлемді  заттарды  сипау 

арқылы анықтай;  

7) жалпы 2 заттарды көзбен анықтау және айыруды;  

8)  таныс  сенсорлы  үлгідегі  суреттерді  пәндік  арқылы  топтастыруды, 

қарапайым жалпылама жүргізуді; 



 

 

9) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырата;  



10) жазық беттік қағазға ерекше нәрселерді бағдарлай;  

11) уақыт өлшемдерін ретілігімен анықтай білуі тиіс. 

67. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  үлкендерге,  табиғат  пен  халыққа,  Қазақстан  Республикасының 

шекарасында өмір сүрушілерге құрметпен қарауды үйренуінен;  

2)  түзету  жұмыстары  кезінде  өзінің  және  қасындағы  құрдастарының 

қауіпсіздігін қорғауынан көрініс табады. 

68. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  мұғалімнің  нұсқауларын  дұрыс  орындап,  жазу  жабдықтарын  дұрыс 

қолдануымен;  

2) апталық күндерді бағдарлауымен айқындалады. 

 

7. 2 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

69.  Пәндік  нәтижелер.  2  сыныптың  оқушыларында  психомоторлы  және 

сенсорлы процестерін мақсатты түрде бағытталған қызметінде төмендегілерді:  

1)  мұғалімнің  3  нұсқауын  дәлме-дәл  қимылдар  арқылы  көрсету,  бейнелі 

іс-қимылдарды;  

2)  екі  қолмен,  қол  және  көздің  қимылдарын  үйлестіру,  үлгіні  белгілеу, 

салу  және  штрих  түсіру,  үлгідегі  заттардың  көлемін,  түсін  ажыратып  атай, 

сөздерді көрсете;  

3) реңі мен түсін айыра;  

4)  3-4  геометриялық  пішіндерді  құрастыра,  заттарды  бөліктермен  бөле; 

заттардың  ерекшелігін  анықтай  және  атай  (жоғарыға,  салмағына, 

температурасына);  

5)  2  сюжеттік  тәрізді  суреттердің  айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын 

таба;  


6) суреттердің оңай түрін жалпылауда салыстырып сапасын ажырата;  

7) дыбыстың ұзақтылығы мен әуендік дауысын салыстыра;  

8) бағыт қозғалысының орналасуын бағдарлай;  

9) жыл мен ай аттарының арақатынасын түсіндіре білуі тиіс. 

70. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың:  

1) 2 сынып оқушылары туған жердің табиғатын қорғауынан;  

2) қоршаған ортада бауырмалдық қарым-қатынас, жақсылық көрсетуінен;  

3)  сенсорлық  дамыту  арқылы  барлық  адамның  көңіл-күйін  сезуінен 

көрініс табады. 

71. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1) 2 сынып оқушылары мұғалімнің 3 нұсқауын дәлме-дәл орындауымен;  

2)  әуендік  дыбыстарды  қабылдауын  құрастыруды  және  трафаретке  сурет 

салуды үйренуімен айқындалады. 

 

 

 


 

 

8. 3 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

72.  Пәндік  нәтижелер.  3  сынып  оқушыларының  психомотрика  және 

сенсорлық  үрдістерін  дамыту  бойынша  сабақтарында  мақсатты  қызметінде 

келесілерді:  

1)  мұғалімнің  үш  және  төртбуынды  нұсқаулығы  бойынша  әрекеттерді 

мақсатты орындай;  

2) бітпей қалған суреттерді салуды аяқтай;  

3)  заттарды  формасы,  шамасы  және  түсінің  берілген  екі  қасиеттері 

бойынша топтастыру, оларды сөзбен белгілеуді;  

4)  түрлі  түстердің  суық  түстен  ашық  реңдікке  дейін  түс  гаммасын 

құруды;  

5) геометриялық пішіндерден 5-6 бөлшектерінен заттарды құрастыра;  

6) сипап сезу арқылы заттардың беткі қабатын анықтай, сөзбен заттардың 

сапасы мен қасиеттерін белгілей;  

7)  қатты  көзге  түспейтін  қасиеттері  бойынша  көру  арқылы  2-3  затты 

ажырату, оларды сөзбен анықтауды;  

8)  бөліп  көрсетілген  сапасы  мен  қасиеттері  негізінде  заттар  мен 

құбылыстарды топтастыра;  

9) иіс және дәмдік қасиеттерді ажырату, оларды атай;  

10)  қолмен  өлшеу  арқылы  заттардың  ауырлығын  көз  мөлшерімен 

анықтай;  

11) дыбыс сигналы бойынша әрекет етуді;  

12) жазықтықта және кеңістікте сәйкесінше бейімделе;  

13) көмекші сөздер көмегімен кеңістіктік қатынасын айқындай;  

14) сағат бойынша уақытты анықтай білуі тиіс. 

73. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың: 

1)  қоғамдағы  этикалық  шама  тәртіптерінен  (мысалы,  адамдармен 

амандасу  және  қоштасу;  уақытты  сағат  бойынша  анықтай  біле  отырып, 

кешікпеу);  

2) 


әлемді  оның  объектілерінің  қасиеттері  мен  нышандарының 

түрлілігімен (түстерімен, дәмдерімен, иістерімен, дыбыстарымен, ритмдерімен) 

қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда қабылдауынан көрініс табады.  

74. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  мұғалімнің  үш  және  төрт  буындық  нұсқалықтарын  орындап 

үйренулерімен; 

2) сипап сезу арқылы заттардың бетін анықтауды үйренуімен;  

3) әуенді дыбыстарды, иістерді және дәмдік қасиеттерді ажырата білуімен 

айқындалады.  

 

9. 4 сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

75.  Пәндік  нәтижелер.  4  сынып  оқушыларының  психомотрикасын  және 

сенсорлық үрдістерін дамыту бойынша сабақтарында мақсатты қызметтерін:  


 

 

1)  мұғалімнің  төрт  буынды  нұсқаулығы  бойынша  әрекеттерді  мақсатты 



орындау, әрекет ету жоспарын құруды;  

2) екі қолмен штрихтау кезінде дәл қимылдар жасауды;  

3) босаңсу элементтерін пайдалануды;  

4)  екі  өзіндік  қасиеттері  бойынша  берілген  заттарды  топтау,  оларды 

сөзбен белгілей;  

5) түстерді арластыру, оларды атай;  

6) 6-8 элементтерден күрделі пішіндерді құрастыра;  

7) оғаш суреттердің шынайы емес элементтерін таба;  

8) заттардың қарама қайшы сапалары мен қасиеттерін анықтай;  

9) заттарды түрлі қасиеттері бойынша өз бетімен топтастыра;  

10)  заттарды  иісі,  шамасы,  температурасы,  беткі  қабаты  бойынша,  азық-

түлік өнімдерін иісі және дәмі бойынша анықтай;  

11) түрлі әуендік аспаптарының дыбысын есту арқылы анықтай;  

12) берілген кеңістіктегі заттардың орналасуын модельдеуді;  

13) адамдардың жас мөлшерін анықтай білуі тиіс. 

76. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылардың: 

1)  түзету  сабақтарын  жүргізу  барысында  сабаққа  психологиялық 

икемделуінен;  

2) босаңси және мобилизациялана алуынан;  

3) туған табиғатының және түрлі әуендік аспаптардың дыбысын ажырата 

білуінен;  

4) өз халқының тарихы мен мәдениетін сыйлай білуінен көрініс табады. 

77. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер. Оқушылардың:  

1)  өздерінің  сенсомоторикалық  функцияларын  дамыту  үшін  түрлі 

функционалды-бағытталған ойындарды пайдалануды үйренуімен;  

2)  сабақ  үстінде  педагогикалық  терапиялардың  алуан  түрін  қолдана 

білуімен;  

3)  арттерапия,  құм  терапиясы,  музыкатерапиясы  және  т.б.,  барлық 



сенсорлы және сөйлеу дағдыларын білуімен айқындалады.  

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет