Цитологиялық негіздері. Мейоз. Мейоздың генетикалық мәні


Гаметогенез. Жануарар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының түзілу



бет4/5
Дата17.04.2023
өлшемі140,7 Kb.
#83532
түріЛекция
1   2   3   4   5
Гаметогенез. Жануарар мен өсімдіктердің жыныс клеткаларының түзілуі
Сомалық клеткалардағы екі еселенген диплоидты хромосомалар санымен салыстырғанда, жетілген жыныс клеткалары – гамтеаларда олардың гаплоидты саны болатындығы туралы жоғарыда айтылды. Аталық және аналық жыныс клеткаларының ұрықтануы нәтижесінде жұмыртқа клеткасы хромосомалардың толық жиынтығын алады,олардың бір жартысы (шығу тегі бойынша) – аналық клеткалардың хромосомалары да, екінші жартысы – аталық клетканың хромосомалары. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасының бірішні бөлінуінің өзінде-ақ әр хромосоманың екі еселенуі жүреді. Келесі бөлінулер де дәл осылай болады. Сонымен дамушы организмнің барлық клеткаларында екі еселенген хромосомалар саны сақталады. Тіпті кейінірек гаплоидты хромосомалары бар жетілген жыныс клеткалары - гаметалар дамитын алғашқы жыныс клеткаларында да хромосомалар саны дәл осылай диплоидты болады. Хромосомалар санының азаюы жыныс клеткаларының жетілу процесі – оогенезде (жұмыртқа клетканың жетілу процесі) және сперматогенезде (спераматазоидтың жетілу процесі) жүреді.
Оогенез бен сперматогенез процесін түсінудің генетика үшін маңызы өте үлкен, сондықтан да біз оған толығырақ тоқталамыз.
Эмбрионалдық ұрық клеткасының бірнеше есе бөлінуі нәтижесінде одан сомалық та, сол сияқты алашқы жыныс клеткалары да пайда бола алады. Алғашқы жыныс клеткалары басында едәуір интенсивті түрде көбейеді, және сперматоогоний мен оогониийдің гоонийдийлік клеткаларын түзеді. Бұл кезеңді жыныс клеткаларының көбею кезеңі деп атайды және бұл көбею кәдімгі митоздық жолмен жүреді. Одан соң бөліну тоқталады, клеткалардың көлемдері ұлғаяды. Клетка дамуының бұл кезеңін өсу кезеңі деп атайды.
Өскен аталық клеткаларды бірінші қатардың сперматоциттері (І-ші сперматоцит), ал аналық клеткаларды бірінші қатардың ооциттері (І-ші ооцит) деп атайды. Онан әрі аталық және аналық жыныс клеткаларының түзілуінде мүлде өзгешелік болмайды.



Бірінші сперматоциттерде хромосомалардың диплоидты жиынтығы болады. Онан соң І-ші сперматоциттер жетілу фазасына кіріседі және екінші қатардың сперматоциттік (ІІ-ші сперматоцит) екі бөлінуі жүреді. Екінші сперматоциттердің хромосомалар саны тіпті екі есе кем гаплоидты жиынтық болып шығады. Екінші сперматоциттер тағы да бөлінеді, нәтижесінде әрқайсысында гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар екі сперматоциттер пайда болады. Сонымен, мейоздық екі бөлінудің нәтижесінде бірінші сперматоциттердің әрқайсысында төрт гаплоидты сперматоциттер пайда болады.
Сперматидтердің онан әрі сперматозоидтарға айналу процесін спермиогенез деп атайды.
Сперматогенезде өткен фазалар, негізінде оогенезде де жүреді, бірақ бір шама өзгешеліктері болады. Мысалы, І-ші сперматоциттен айырмашылығы І-ші ооциттің өсу стадиясы айқын көрінеді. І-ші ооциттің көлемдері екі клеткаға бірдей емес: бір үлкен (екінші ооцит) – келешек жұмыртқа клеткаға және бір кіші – бірінші редукциялық немесе полярлы денешікке бөлінеді. Бұл бөлінуде хромосомалар санының редукциясы жүреді, және түзілген екі ооцитте де гаплоидты жиынтық болады. Сонан соң екінші бөліну жүреді: нәтижесінде іріректеу жұмыртқа клеткасы және екінші редукциялық денешік пайда болады. Бірінші редукциялық денешік те екі клеткаға бөлінеді. Оогенез нәтижесінде бірінші ооциттен жетілген бір жұмыртқа клеткасы және аналық гаметалардың функциясын атқаруға жарамсыз үш редукциялық денешіктер пайда болады да, соңында олар өліп қалады. Сонымен, аталған өзгешеліктерге қарамастан сперматогензе бен оогенез процестерінде өте ұқсастықтар байқалады. Бұлардың ең бастысы хромосомалар санының екі есе кемуі.
Жоғары сатыдағы өсімдіктерде мейоз процесі кезінде пайда болаған аталық және аналық жыныс клеткаларын микроспоралар және мегаспоролар деп атайды. Еске алатын нәрсе жоғар сатыдағы гүлді өсімдіктердегі тозаң түтігі, сол сияқты тұқым бүрінің ұрық қалтасы жыныс клеткалары емес, қатты редукцияға ұшыраған гаметофит болып табылады. Жануарлардағы жыныс клеталарына өсімдіктердің ұрық қалатасындағы жұмыртқа клеткасы және тозаң түтігіндегі генеративтік ядро сәйкес келеді. Бұл жағдайда хромосомалардың редукциясы тұқым бүріндегі аналық гаметофиттердің және тозаңдықтағы аталық гаметофиттердің пайда болуы кезінде өтеді.
Сонымен гаметофиттік ұрпақ гаплоидты болып шығады. Нәтижесінде өсімдіктердің жыныс клеткаларында хромосомалардың тек жартысы ғана, яғни гаплоидты жиынтығы болады. Ұрықтану процесінде гаметалардың қосылуынан зигота түзіледі де, ол бөлшектеніп одан әрі қарай дамиды. Яөсімдіктер мен жануарлардың жынысты және жыныссыз көбею процесі кезінде клетканың бөлінуі, жыныс клеткаларының дамуы және ұрықтануы ұрпақтар арасындағы материалдық жалғастықты қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет