1 бөлім
1. Төмендегі жасушаішілік құрылымдардың қайсысы прокариоттарға тән: Рибосома, нуклеоид, сақиналы ДНҚ, қосындылар
2. Жануарлар жасушасында мембрана беткей кешені аталады: полисахаридтік қабат – гликокаликс.
3. Жасушаның ішкі мазмұны аталады: цитоплазма
4. Цитоплазма қызметіне тән: 1) Барлық жасушалық құрылымдарды біріктіріп, олардың арасындағы қарым-қатынасты қамт.ету.2)Органоидттардың орналасуын қ.ету. 3)Жасушаішілік тасымал. 4)Жасуша формасын анықтап белгілеу. 5) АТФ молекулаларының ығысу аумағы мен негізгі орналасатын орны болып табылады.
5. Плазмалемма қызметіне тән: Тосқауыл, дабыл, қоршаған ортамен байланыс,тінаралық байланыс, қорғаныш, тасымалдау, рецепторлық
6. Барлық тірі ағзалардың функционалдық, құрылымдық бірлігі: Жасуша
7. Жасуша теориясының негізін қалағандар: Шванн, Шлейдон, Вирхов.
8. Заманауи жасуша теориясының бір қағидасы: 1. Жасуша- тіршіліктің элементарлық бірлігі,жасушадан тыс
жерде тіршілік жоқ. 2. Жасуша – бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтердің бірыңғай жүйесі, бір бүтін түзілімді құрайды,біріккен функ.органеллалардан тұрады. 3. Жасушалар құрылысы мен қаситеттері жағынан ұқсас. 4. Жасуша бөліну арқылы көбейеді, жасуша жасушадан пайда болады. 5. Көп жасушалы ағза жаңа жүйені құрайды, оның өзі көп жасушалардың өзара біріккен және интеграцияланған тіндер мен мүшелердің жүйесін құрайды. 6. Көпжасушалы ағзалардың жасушалары тотипотентті(генетикалық потенциясы). Гендер экспрессиясымен ерекшеленеді.
9. Заманауи жасуша теорисының бір қағидасы:
10. Тіршіліктің жасушалық құрылымы жоқ түрлері: Вирустар
11. Ядросы қалыптасқан тіршіліктің жасушалық формасы бар түрлері: эукариот
12. Ядросы қалыптаспаған тіршіліктің жасушалық формасы бар түрлері: прокариот
13. Прокариоттарға тән қасиет: Ядросы жоқ, жасуша орталығы жоқ, жыныссыз бөлінеді, пішіні кіші, генетикалық материалы гистон ақуыздарынсыз. Днқ сақиналы – цитоплазмада орналасқан
14. Прокариоттар: бактериялар, көк жасыл балдырлар, ядросы жоқ ағзалар.
15. Эукариоттарға тән қасиет: Ядросы бар, прокариоттарға қарағанда ірі.
16. Прокариоттардың генетикалық аппараты:Нуклеоид ішіндегі сақиналы ДНҚ.
17. Эукариоттардың генетикалық аппараты: Ядро ішіндегі сызықтық ДНҚ. хромосома
18. Плазмалемманың негізін құрайды: Липидтер, ақуыздар, көмірсулар, гликокаликс
19. Жасуша қозғалысын қамтамасыз ететін құрылым: Цитоплазма, микротүтікше
20. Бактерия жасушасындағы органоидты атаңыз: Рибосома.
21. Рибосома құрамына кіреді: рРНҚ-ның 4 молекуласы және ақуыздар, үлкен және кіші суббірлік.
22. Про- және эукариоттарда бар органоид: Рибосома.
23. Қосындылар – бұл: Жасушаның тіршілік барысында пайда болып кейіннен жойылып тұратын жасушаның тұрақсыз құрылысы. (Ақуыздың, көмірсудың, майдың денешіктері мен тамшылары, кристалдық қосындылар жатады). Сипаты бойынша жасушалық метаболизм өнімдері.
24. Трофикалық қосынды – бұл: Майлар, көмірсу, сирек жағдайда ақуыз жатады.
25. Секреторлы қосынды – бұл: Без жасушаларында жиналатын арнайы өнімдер, гармондар
26. Пигментті қосынды – бұл: Гемаглобин, меланин, ретинин, липофусцин жатады.
27. Экскреторлы қосынды – бұл: Жасуша өміршеңдігінің соңғы өнімі.
28. Жасуша органоидтары – бұл: Жасуша тіршілігі үшін әртүрлі қызмет атқаратын жасуша цитоплазмасындағы тұрақты құрылымдар.
29. Центросома маңызы (жасуша орталығы): Жасушаның реттелу үдерісін, митоздың дұрыс жүруін, анафаза кезінде хром-ң дұрыс ажырауын қамтамасыз ету. Бұл: микротүтікшелердің қалыптасу орталығы болып табылатын өте ұсақ денешіктер. Бөліну ұршығын түзу
30. Центросоманың структуралық компоненттер: 2 центриоль
31. Гликоген бұл: Глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарларда қорға жиналатын күрделі көмірсу – полисахарид.
32. Микротүтікшемен ассоцияланатын белоктар: Динеин, кинезин, диактинкинезин, тубулин
33. Оттегіні ыдырату реакциясы жүретін арнайы органоид: Митохондрия
34. Белок молекуласының модификациялануы жүреді: Гольджи кешені
35. Ядро қызметіне тән: Тұқымқуалаушылық ақпараты сақтау және жүзеге асыру. Цитоплазмада белок пен ферменттің түзілуін қамтамасыз етеді. РНҚ синтезі, көбею
36. Кей заттар мен молекулалардың өтуі мембрананың өткізгіштігіне байланысты, ал жартылай өткізуі – бұл: Таңдамалы өткізгіштік
37. Жасушаны сыртқы және ішкі ортамен байланыстыратын, мембранаға терең енгізіліп тұратын жасуша белогын анықтаңыз: Интегралды белок.
38. Иондық сәулелендіру әсерінен эукариот жасушаларында ядро ядрошығы бұзылды, қай органоидттың қалыптасуы бұзылады? Рибосома
39. Жасушада рибосома құрылымы өзгерді. Ең алдымен қай процесс бұзылады? Белок синтезі, трансляция
40. Адам ағзасының өсуші ұлпасында ұдайы спецификалық жасуша белоктары синтезделеді. Бұл қай органоидтың қызметі? Рибосома
41. Ревматизмде, шеміршек ұлпа жасушаларының бұзылуына себеп болатын органоидты анықтаңыз: Лизосома
42. Бұл органоидтың негізгі қызметінде маңызды саналатын, лизосома ферментін анықтаңыз: Гидролаза
43. Эукариот жасушаларындағы өз тұқымқуалайтын және белоксинтездеуші аппараты бар органоид: Митохондрия
44. Адам физикалық қозғалыс кезінде АТФ синтезі қарқынды жүретін органоид: Митахондрия
45. Қартайған өлген жасушалардың ішкі мүшелерден шығарылуын қамтамасыз ететін органоид: Лизосома
46. Қалыпты бауыр жасушасында белсенді түрде гликоген және белок синтезделеді. Қай органоид жақсы дамыған? Түйіршікті ЭПТ
47. Науқастың қанында альбумин мен фибриногеннің төмендегені анықталды. Бауыр жасушасындағы қай органоид белсенділігің төмендеуінен бұл құбылыс болады? Түйіршікті ЭПТ және ГОЛЬДЖИ КЕШЕНІ
48. Улы сутек асқынтотығын Н2 О2және өт қышқыл биосинтезін түзетін органоидты анықтаңыз: Периксисома
49. Жасушаның белгілі бір органоидынды белоктың және белок молекуласының көмірсумен, маймен байланысқан кешенінің қалыптасуы аяқталады. Бұл қай органоид? Гольджи кешені
50. Кейбір ауру түрлерінде, лизосома мембранасының бүтіндігін бұзатын, жасуша өзгерісі туындайды. Жасушада қандай өзгерістер болады: Автолиз
51. Тубулин белогының екі димерінен түзілетін органоид. Ол жасушаға нақты форма береді, макромолекула және органоидтар транспортына қатысады және бөліну кезінде хромосомалардың ажырауын қамтамасыз етеді. Қай органоид екенін анықтаңыз: Микротүтікшелер
52. Әйелден жатыр ісігі алынды. Зерттеу нәтижесі ісік жасушасынан көп полюстерге шашыраған хромосомалармен митоз анықталды. Қай органоидтың бұзылысы?микротүтікше
53. Ұйқы безі жасушасының апикальді бөлімінің секреторлық кезеңінде секрет түйіршіктері түзіліп және жойылып отырады. Бұл түйіршіктерді жасушаның қай құрылымдық элементіне жатқызамыз?Қосындылар
54. Науқаста ұйқы безінің автолизін туындататын панкреатит асқынуы. Бұл процесс қай органоидтың бұзылысы? Лизосома
55. Студентте қалқанша безінің үлкеюі, сонымен қатар зат алмасудың жоғарылауы мен пульс жиілігінің артуы анықталды. Бұның себебі тироксин гормонының гиперсекрециясы. Қай органоид секрецияға және гормонның бөлінуіне жауап береді? Гольджи комплексі
56. Жасуша бөліну басында жойылып, соңында қайта түзілетін және рибосома суббірліктерінің қалыптасуына қатысатын жасушаның тұрақсыз элементі: Ядрошық
57. Клиникаға науқас уланумен түсті. Оның ағзасынан детоксикация механизмі бұзылғандығы анықталды. Бұл төмендегі қай органоидтың қызметінің бұзылысы? Пероксисома
58. Тышқан бауыр жасушасының электронограммасында, сопақша формалы, қосмембраналы, ішкі мембранасы крист түзген құрылым айқын көрінді. Бұл қай органоид? Митохондрия
59. Лабораторияда жануар жасушасына артық мөлшерде рентген сәулесімен сәулелендірді. Нәтижесінде цитоплазмада белокты фрагменттер түзілді. Оларды утилизациялауға қай органоид қатысады? Лизосомолар
60. Көмірсудың, майлардың және т.б. жинақталуымен сипатталатын аурулар жиі кездеседі. Бұл нақты бір органоидта ферменттің болмауымен түсіндіріледі: Лизосомолар
61. Уникалды нуклеотидтер қатарының болуымен сипатталатын, хроматин. Хроматин типін анықтаңыз: Эухроматиндер
62. Көп қайталанатын нуклеотидтер қатарының болуымен
сипатталатын, хроматин. Хроматин типін анықтаңыз: Гетерохроматиндер
63. Бұл хроматиннің тығыздалу деңгейі соленоидты типті құрылымын анықтайды. Хроматиннің тығыздалу деңгейін анықтаңыз. Екінші деңгей – 30-нанометрлік фибрилла-соленоид Нуклеомерлік
64. Ілмекті домендік құрылымды анықтайтын хроматиннің тығыздалу деңгейі: Үшінші деңгей – ілмекті домен Хромомера
65. Бұл хроматиннің тығыздалу деңгейі дезоксинуклеопротеидті ілмектік фибриллге гистонды емес ақуыздар жалғанып, розетка тәрізді құрылым түзеді. Хроматиннің тығыздалу деңгейін анықтаңыз:Хромомерлік
66. Нуклеосомалар арасындағы гистонды ақуыздармен байланыспаған ДНҚ бөлігі. ДНҚ –ның бұл бөлігі қалай аталады?Линкер
67. Интерфазадағы ДНҚ-ның ядролық ақуыздармен түзетін күрделі кешені, ядро бөлігі қалай аталады? Хроматин
68. Репликация, транскрипция үдерістері жүретін, функциональды белсенді болатын, хроматин түрі: Эухроматин
69. Төменде келтірілгенден қандай хроматиннің тығыздалу деңгейі Н1 гистонды ақуызымен анықталады Нуклеомерлік
70. Эукариот жасушаларындағы хромосомасының негізі хроматин –ДНҚ қос тізбегінен және бес гистонды ақуыздардан тұратын нуклеосоманы түзеді. Нуклеосомалық құрылымды тұрақтандыратын қандай гистонды ақуыз: H1
71. Бұл үрдісте H1 гистонды ақуызы, ДНҚ нуклесоманың сыртын орай айналым жасап орналасқан, нуклеосомалық фибрилланың спиральға айналуына қатысады. ДНҚ тығыздалуының деңгейін анықтаңыз: Нуклеомерлік
72. Фенотипі әйел 50% жоғары сома жасушаларында екі Барр денешігі бар. Дараның мүмкін болатын кариотипін анықтаңыз: 47, ХХХ;
73. Фенотипі ер адам 50% жоғары сома жасушаларында екі Барр денешігі бар. Дараның мүмкін болатын кариотипін анықтаңыз:47,XXY
74. Адамда екі жыныс Х-хромосомасының біреуі өте тығыздалған және интерфаза сатысында ядро мембранасының маңында Барр денешігі түрінде кездеседі.Төменде келтірілген хроматиннің қай түрі осыған сәйкес? Факультативті гетерохроматин
75. Ғалымдар электронды микрофотографиядан сегіз гистонды ақуыздардан және ДНҚ молекуласының бөлігінен тұратын, оны 1,75 айналым жасап, орналасқан құрылымды анықтады. Зерттеуші қандай құрылымды анықтады? Нуклеосома
76. Ұрттың сілемейлі қабатының эпителий жасушасын зерттеу жүргізу кезінде ядро қабықшасының жоғарғы жағынан сопақша денешік анықталды, ол жасуша әйел адамнан алынған екені мәлім болды. Осындай түзіліс қалай аталады? Барр денешігі
77. 1 суретте хроматиннің қандай тығыздалу деңгейі көрсетілген: Нуклеосомалар
78. 1 суретте хроматиннің қандай тығыздалу деңгейі көрсетілген: Бос, Ширатылған қос тізбегі
79. Тең иықты хромосома: Метацентрлік
80.Тең емес иықты хромосома: Субметацентрлі
81. Центромерасы бір ұшында орналасқан, бір иықты хромосома: Телоцентрлік
82. Хромосома бөлігінен бөлек, екінші реттік тартылысы бар хромосома: Спутниктік
83. Бұл жіктелу хромосомалардың морфологиялық сипаттамалары: өлшемі, пішіні және бірінші реттік тартылыс-центромераның орналасуына негізделген. Хромосоманы мөлшері және иықтарының ара қатынасы бойынша жіктеудің түрі: Денверлік жіктелу
84. Бұл жіктелу хроматиннің дифференциальды бояу әдісіне негізделген. Рутиндік бояулардың нәтижесінде барлық хроматидтер өзіне тән ашық және күңгірт жолақтарымен боялады, сондықтан олардың топтары оңай анықталады. Хромосома құрылысындағы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін жіктелу: Париждік жіктелу
85. Көрсетілген терминдердің қайсы дұрыс анықтама бола алады «Әр түрдің жасушаларына тән морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталатын, хромосомалардың толық диплоидты жиынтығы»? Кариотип
86. Аутосомдық синдромға тән кариотипі: 47,XY (21+), (18+), (15+)
87.Сау адамның жасушаларына кариотиптеу жүргізілді. Кариотипте жұпсыз кіші акроцентрлік хромосома анықталды. Берілген хромосоманы анықтаңыз: Y-хромосома, ЖЫНЫС
88. Төртінші хромосоманың ұзын иығының бірінші ауданының екінші
сегментінің инверсиясы: 4 q INV (1.2)
89. Екінші хромосоманың қысқа иығының екінші ауданының үшінші
сегментінің делециясы: 2 p DEL (2.3)
90. Әйел адам тұқым қуалайтын патология бойынша сұрақпен медициналық генетикалық кеңеске келді. Қалыпты кариотипте қандай хромосома кездеспейді? Телоцентрлік
91. Дамудың кемістігі бар әйелді бедеулік бойынша медициналық-генетикалық кеңеске жіберді. Ауыздың сілемейлі қырындысын цитогенетикалық зерттеу кезінде хроматин анықталмады. Осы әйелдегі хромосома жиынтығын анықтаңыз: 45, XO
92. Сау ата-аналардан көптік ақаулықтармен бала туылды. Цитогенетикалық талдау 18- хромосома бойынша трисомияны. Баланың кариотипі 47, 18+. Бұл хромосоманың типін анықтаңыз: Кіші субметацентрлік
93. 22 жастағы сау ер адам болашақ ұрпағының саулығын анықтау мақсатында дәрігер- генетикке келді. 12 жастағы кіші інісі Дюшеннің псевдогипертропиялық миопатия түрімен ауырады, өз бетімен тұра алмайды, бөлме ішінде қозғалуы қиын. Ауру хромосомасында орналасқан, Хр2.1 дистрофин генінің мутациясынан пайда болады. Х- хромосомасы қандай хромосома типіне жатады: Субметацентрлік
94. Әйел адам онколог қабылдауына келді. Тексеру кезінде: сүт безінің фиброаденомасы диагнозы қойылды. 13q12 хромосомасында сүт безінің қатерлі ісігінің даму қаупінің жоғары болуын анықтайтын BRCA2 -гені орналасқан. Бұл хромосома типін анықтаңыз: Орта Акроцентрлік
95. Жүктілікті үзу кезінде ұрықтың кариотипін зерттеу барысында хромосомалардың бірі бір иықты және центромерлері ұшында орналасқан екені анықталды. Хромосома типін көрсетіңіз: Телоцентрлік
96. Берілген кариограммаға сәйкес адамның кариотипін анықтаңыз:Эдвардс 47,ХY, 18+
97.Геномдық мутация анықталған, хромосома типін анықтаңыз: Кіші акроцентрлік
98. Берілген кариограммаға сәйкес адамның кариотипін анықтаңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |